print

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарлама

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік  лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарлама

 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

E-4 санаты үшін: Жоғары білім.
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда №12639 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

 

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

min

max

E-4

77452

104935

 

«Шет ауданы әкімінің  аппараты» ММ (101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау  к., 24, анықтама үшін телефон: 8(71031) 21304, факс: 8(71031) 21293, электрондық пошта: аkimshet@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.

        1. «Шет ауданы әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесінің  кеңсе бөлімінің бас маманы (1 бірлік, санаты Е-4, №9-2,  2017 жылдың 1 қаңтарына дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне  арналған демалыс мерзіміне):

       Функционалдық міндеттері: Іс қағаздардың айналымына бақылау жасау, әкім аппаратына келіп-түскен құжаттарды және азаматтардың өтініштерін тіркеу мен есепке алу, талдау жасау. Аудандық бөлімдер мен ауылдық округтері мен кенттер әкімі аппараттарының 1-ОЛ есебін жинақтап, жүргізу. Аудан әкімі аппаратына орыс тілінде келіп түскен хаттар мен өтініштерді орыс тілінен қазақ тіліне аудару. «Электронды құжат айналымының біріңғай жүйесі» және «Мұрағаттау» АЖ-нің жұмысын үйлестіру. Аудан әкімінің төрағалығымен өтетін кеңейтілген аппарат отырысының хаттамасын жазу мен тапсырмалардың орындалысын жинау.

   

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (аударма ісі) немесе “білім” мамандықтары бойынша (орыс тілі және орыс әдебиеті) немесе “құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. «Шет ауданы әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастыру бөлімінің бас  маманы (1 бірлік, санаты Е-4, № 7-3):

Функционалдық міндеттері:

Аудан бойынша сайлаушылардың тізімін анықтап, қорытынды мәліметті айына бір рет облыстық аумақтық сайлау комиссиясына және облыстық әкімдіктің аппаратына беріп отырады. Орталық және жергілікті сайлау өткізу науқандарына тікелей қатысып, бұл тұрғыда ауыл, кент әкімдіктердің жұмыстарына басшылық жасап, үйлестіріп отырады. Аудан әкімінің кіші аппарат мәжілісінің жоспарын дайындап, тапсырыстары мен хаттамасын жүргізеді,аппарат мәжілістері мен семинар-кеңестердің құжаттарын дайындайды  (күн тәртібіндегі мәселе бойынша құжаттарын жинақтап, хаттама, тапсырысын жазу, орындалысын қадағалау). «Электрондық үкімет» программасының жүзеге асырылуына байланысты жұмыстарын жүргізу.    Аппарат басшысының, бөлім жетекшісінің аппарат мәжілістерінің күн тәртібін дайындап, хаттамасын жүргізеді. «Сайлаушы», «Облыстың біріңғай диспечерлік қызметі» ақпараттық жүйелерінің жұмысын үйлестіру және өз мәнінде қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі -“Экономика және бизнес” мамандықтары бойынша(мемлекеттік және жергілікті басқару), “құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.       

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Шет ауданы әкімінің  аппараты» ММ  өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Келулердің саны: 3777


Жоғары