print

Астана – татулық пен бірліктің ордасы

   2016 жылдың 5 шілдесінде «Астана – татулық пен бірліктің ордасы» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында аудан әкімі М.Жандәулетов сөз сойлеп, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтар аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Сонымен қатар, Астананың дамуына үлес қосқан аудан азаматтары да «Алғыс хаттармен», бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Астана күні және Қарағанды облысының 80 жылдығына орай жерлес ақынымыз Дәулет Ырысбайұлының «Қарағанды вальсі» әніне вальс биінен аудандық сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

     

     


Келулердің саны: 4307


Жоғары