print

Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесі

                                                          

                                                                            Шет аудандық мәслихатының

                                                                            2012 жылғы 12 сәуірдегі

№ 2/22 шешімімен бекітілген

 

 

Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесі

 

Осы Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы», 2009 жылғы 14 сәуірдегі №512 «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы», 2008 жылғы 19 шілдедегі №710 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қаулыларына сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін айқындайды.

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар)-Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

2) алушы (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін алушы тұлға (бұдан әрі – алушы);

3) жалдауға беруші (жалға беруші) – тұрғын жайды жалдау шартындағы тұрғын жайдың меншік иесі немесе тұрғын үйді жалдауға беруге меншік иесі уәкілеттік берген адам болып табылатын тарап;

4) жалдаушы (жалға алушы) – тұрғын жайды жалдау шартындағы тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алушы тарап;

5) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;

6) кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны;

7) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу - қажет болған жағдайда құрылымдық элементтер мен инженерлік жабдықтау жүйелерін ауыстыра отырып, ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгерістерімен байланысты емес физикалық және сапалық тозуды жоюға қатысты құрылыс және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының кешені;

8) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

9) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандардан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;

10) отбасының жиынтық табысы (азаматтың) – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

11) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жеке өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);

12) телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы – тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілу шығындарын өтеуге арналған ақшалай өтемақы;

13) тұрғын жайды жалдау (жалға алу) – жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін ақысын төлетіп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру;

14) тұрғын жайды жалдау (жалға алу) шарты – оған сәйкес жалдауға беруші (жалға беруші) жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды не оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын беретін шарт;

15) тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша уәкілетті орган - «Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – бөлім);

16) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;

17) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;

шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің өлшемі болып табылады;

18) шот – өтініш беруші тұрғын үй көмегін тағайындалған кезеңде қағаз жеткізгіште немесе қызметтермен жабдықтаушы электрондық жеткізгіште ұсынатын коммуналдық қызметтерді, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, байланыс қызметтеріне, қатты отын алуға ақы төлеу құжаты.

2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):

1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;

2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;

3) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;

4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.

Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады. Тұрғын үй көмегi қызметтердi жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледi.

  1. Тұрғын үй көмегі егер тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген нормасы шегінде және тұрғын үй ауданының әлеуметтік нормасы шегінде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеу шығындары, бірақ нақты алып жатқан жалпы ауданнан көп емес және тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға, сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне шығындарының нормативтері отбасы бюджетінде осы мақсатқа жұмсалатын шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асатын болса беріледі.

          Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге, сонымен қоса, телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне ақы төлеуге отбасының шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

 

2. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін айқындау

 

4. Тұрғын үй көмегі бөліммен өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша келесі мөлшерлер бойынша беріледі:

1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормалары тұрғын үй заңнамасымен белгіленген отбасының әр мүшесіне берілетін тұрғын үй беру нормасына баламалы (18 шаршы метр), көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз басты азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы - 30 шаршы метр;

2) коммуналдық қызметтерді тұтыну мөлшері:

газ тұтыну нормасы:

қызметті көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, чектер) баллон газын нақты шығындар бойынша, бірақ көлемді газды тұтыну бойынша айына бір адамға бекітілген нормативтен артық емес тұтыну (айына 10 килограмнан көп емес);

қатты отын тұтыну нормасы:

1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1985 жылға дейін салынған тұрғын үй ғимараттары үшін, 1-2 қабатты салынған үйлері үшін 161 килограмм, 3-4 қабатты салынған үйлері үшін 98 килограмм;

1985 жылдан кейін салынған тұрғын үй ғимараттары үшін 1-2 қабатты салынған үйлері үшін 125 килограмм, 3-4 қабатты салынған үйлері үшін 72 килограмм, бірақ үйге 7 тонна көмірден артық емес;

жылу беру маусымының ұзақтығы 7 ай;

тұрғын үй көмегін есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы Шет ауданында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады;

айына электрэнергиясын тұтыну:

газ плитасымен жабдықталған үйлерде - 150 киловатт;

электр плитасымен жабдықталған үйлерде – 250 киловатт;

 

 

3) cуық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқыс төккішті тұтыну нормалары және тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау шығындарды басқару үлгісіне тәуелсіз (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері) тарифтерді бекітетін органдармен және қызмет көрсетушілермен белгіленеді;

4) кондоминиум объектісінің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге жинақтау жарналары үй-жай (пәтер) иелеріменен жалпы жиналыста айқындалады.

5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуінің сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгілеген тәртіпте өтелуге жатады.

6. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысы шығындарына белгіленген мөлшерден жоғары шамада ақы төлеу  жалпы негізде жүргізіледі.

 

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

 

          7. Жеке меншiгiнде тұрғын үйдің (пәтер, үй) бiр бірлігінен артығы бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға беретiн (жалдайтын) отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi көрсетiлмейдi.

          8. Тұрғын үй көмегі тағайындалмайды:         

1) мүгедектерді және 1, 2 топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға күтім жасайтын тұлғаларды, күтім қажет деп танылған сексеннен асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі  (бір немесе одан да көп) баланың тәрбиесімен, сонымен бірге кіші баласы бірінші сыныпты аяқтағанға дейін (бірақ 9 жастан аспаған) төрт және одан да көп баланың тәрбиесімен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, жұмыс істеуге қабілеті жастағы жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімі бойынша оқымайтын, әскерде қызмет атқармайтын, және жұмыспен қамту уәкілетті органында тіркелмеген жұмыссыз тұлғалары бар отбасыларға;

2) жұмыспен қамту өкілетті органының еңбекке орналастыру ұсынысынан, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа, кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін жоғарылатудан себепсіз бас тартқан, осындай жұмыстарға және оқуларға қатысуды өз еркімен тоқтатқан жұмыссыздарға;

3) егер ата-анасы ажырасып және олармен бірге тұратын балаларға алимент өндіру туралы талап бермесе.

9. Тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындаған даулар сот арқылы шешіледі.

10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйдi жалға алу ақысын төлеуге және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуі бөлігінде іс жүзінде есептелген сомадан артуы тиіс емес.

11. Тұрғын үй көмегі ақшалай және аударма түрінде көрсетіледі. Аударма түрі – бұл ақша қаражаттарын қызмет көрсетушілердің есепшоттарына, сонымен қоса кондоминиум объектісін басқару органының (ағымдағы, жинақтаушы) шоттарына аудару.

Ақшалай түр ақшалы төлемдер түрінде бекітіледі. Өткен ай үшін тұрғын үй көмегін төлеу бюджеттік қаржы есебінен азаматтардың жеке шоттарына аудару жолымен бөліммен жүзеге асырылады. Жеке шотына аудару үшін алушы төмендегі құжаттарды ұсынады:

1)    салық төлеушінің нөмірі;

2) әлеуметтік жеке код;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің линцензиясы бар мекемеге немесе екінші дәрежелі банкіде ашылған жеке есеп шоты.

Тұрғын үй көмегінің төлем үлгісін (ақшалай немесе аударма) таңдау құқығы алушыға ұсынылады.

12. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу мына жағдайда тоқтатылады, егер алушы:

1) бөліммен белгіленген уақытқа сәйкес тиісті құжаттарды ұсынбаса;

2) алынатын тұрғын үй көмегін мақсатсыз пайдаланса және тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне төлемді өз уақытында төлемесе.

 

4. Тұрғын үй көмегін  беру мерзімдері және мерзімділігі

 

13. Тұрғын үй көмегі барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген айдан бастап жеті ай мерзімге тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу алғашқы құжаттандырылу рәсімдеріне сәйкес болады.

Отбасының табыстары және құрамы туралы мәліметтерді тоқсан сайын ұсынып отырған отбасылар, құжаттарды нақты ұсынған мерзімінен тәуелсіз тұрғын үй көмегін тоқсан үшін алады.

Отбасының табыстары және құрамы туралы мәліметтерді ағымдағы тоқсан бойы ұсынбаған отбасыларға, себебіне қарамай, тұрғын үй көмегін аудару құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.

14. Тұрғын үй көмегін алушылар күнтізбелік он күн ішінде көмекті алуға және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде, соның ішінде тұрғын үй меншігінің нысанының, отбасы құрамы және оның жиынтық табыстарының өзгерістері, жұмыссыздар - мәртебесінің өзгергені туралы бөлімге жазбаша хабарлаулары тиіс.

 

 

15. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтің ақысына, коммуналдық қызметтерге тарифтер, отбасының шекті жол

берілетін шығыстарының үлесі өзгергенде тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап бұрын тағайындалған көмектің қайта есептеуі жүргізіледі.

16. Тұрғын үй көмегін тағайындау барысында отбасында басқа елді мекенде уақытша тұратын тұлғалары тиісті құжаттармен дәлелденуімен есепке алынбайды.

 

5. Тұрғын үй көмегін өтіну және тағайындау тәртібі

 

17. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) тұрғылықты жері бойынша бөлімге немесе халыққа қызмет көрсету орталығына өтінішпен жолығып және (қосымша) келесі құжаттарды ұсынады:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;

3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;

4) отбасының табысын растайтын құжаттар;

5)    тұрғын  үйді  (тұрғын ғимаратты)  күтіп-ұстауға  арналған ай сайынғы

жарналардың мөлшері туралы шоттар, коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар, тұрғын үйдің жалпы ауданын анықтайтын техникалық паспорт, көлемді және баллонды газды алғандығы жөніндегі шот (түбіртек, анықтама), телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

         18. Құжаттар түпнұсқасымен және көшірмесімен салыстыру үшін тапсырылады, одан соң құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылып, ал көшірмелері жеке іске тігіледі.

19. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша бөліммен алушының жеке ісі қалыптастырылады.

20. Ақпараттың растығына күман туындаған жағдайда бөлім тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті мәліметтер бойынша тиісті органдарға  сұраныс жасайды.

21. Тұрғын үй көмегі  телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, осы Ережемен белгіленген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

 

 

 

                                                                                              Шет ауданы бойынша

тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне

қосымша

 

 

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы

Өтініш

 

Өтініш берушіні қосқанда, ______ адамнан тұратын менің отбасыма, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну, оның ішінде қатты отын, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына, сонымен қатар телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне ақы төлеуге тұрғын үй көмегін тағайындауыңызды өтінемін.

            Мен, және менің отбасымның мүшелері, біздің отбасы мүшелерінің табыстары жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органдарға беруге біздің келісіміміздің нақтылануы ретінде, заңды және жеке тұлғаларға ұсынылуы мүмкін табыстар жөніндегі ақпаратты ашу үшін өз келісімімізді береміз.

            Мен, көтеріңкі немесе заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға әкелген жалған мәліметтерді ұсынғанда көмек төлеудің тоқтатылатыны, ал заңсыз алынған сома өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуға жататыны жөнінде хабарландым.

            Қажетті құжаттарды қоса ұсынамын.     

Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық   Кодексінің 325 бабының  3 тармағына және 177 бабының 1 тармағына сәйкес тапсырылған құжаттардың растығына жауапкершілік туралы  таныстым.

 

Өтініш беруші туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты __________________________________________

Жеке куәлігінің мәліметтері_____________________________________

                                              ( өтініш берушінің туған күні, жеке куәлігінің № және берілген күні)

СТН ______________________________                                  ӘЖК _______________________

ЖСН________________________Банктің есеп шоты_______________________

Мекен-жайы_________________ көшесі_______________________

үй ________________________ пәтер ___________________телефон_______

тиесілі___________________________________ түрі _______________________

                              (пәтер  меншіктерінің  кооперативтері)             (жеке меншік, мемлекеттік)

Жалпы аумағы____________ шаршы метр.

Бөлме саны ______________________________________________

Әлеуметтік мәртебесі _______________________отбасы жағдайы__________________

Жеке меншігімде тұрғын үйдің бір бірлігі бар.

 

Өтініш берушінің қолы _______________

Берілген күні ________________________

 


Келулердің саны: 3874


Жоғары