print

РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ   

Жақында Ақадыр кентінде  Мемлекеттік Рәміздер күніне арналып С.Сейфуллин атындағы модульдік кітапханасында «Қазақстан Республикасының рәміздерін қорғау - әрбір азаматтың міндеті» атты  мерекелік шара болып өтті. Кенттегі кәсіпорын, мекеме өкілдері,  кент әкімдігі,  мәдени-сауық орталығы және  кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілген шараға тұрғындар көптеп қатысты. Шараның ал-ғашқы ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, көк туымыз  енгізілді. Кент әкімінің орынбасары Қ.Бекқожин  сөз сөйлеп, жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Оқу залының кітапханашысы Н.Қалижан тәуелсіздік символын білдіретін рәміздерге тоқталып, баяндама жасады. Кеш барысында М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары А.Сейілханова  «Көк байрақ», А.Жұматай «Елтаңба», Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Б.Аңдамасова «Әнұран» өлеңдерін нақышына келтіре орындап, жүректерге жылылық ұялатты. Шарада жергілікті ақын Ә.Шайзада мемлекеттік рәміздер күніне арналған өзінің арнауын жұрт назарына ұсынды. Бұдан, соң кенттік мәдени-сауық орталығының әншілері Д.Мадин «Көк тудың желбірегені», Қ.Алмаз «Қазақ елі» әндерін көпшіліктің алдында асқан шеберлікпен  орындап берді.

 Мерекелік іс-шара еліміздің Әнұранының  орындалуымен аяқталды.                

 

 Г.Тасырбаева,

әкімдіктің бас маманы.

Ақадыр кенті.

 


Келулердің саны: 5061


Жоғары