print

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға Шет ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік  лауазымдарының бос орындарына орналасуға Шет ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

 

Конкурсқа қатысушылардың барлығыны қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

       E-R-1 санаты үшiн: Жоғары білім.
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Е-3 санаты үшiн:       Жоғары білім.
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;     

      3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
       -«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілері тіркелімінің тізімінде  2015 жылы 30 желтоқсандағы №12639 болып тіркелген.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

 

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

max

min

Е-3

137349

102436

Е-R-1

192381

142411

 

«Шет ауданы әкімінің  аппараты» ММ (101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау  к., 24, анықтама үшін телефон: 8(71031) 21304, факс: 8(71031) 21293, электрондық пошта: аkimshet@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды

1.«Шет ауданы әкімінің  аппараты» ММ ұйымдастыру бөлімінің басшысы (1 бірлік, санаты Е-3, № 7-1):

       Функционалдық міндеттері:    Аудан әкімінің ауыл, кент әкімдерімен жұмысын үйлестіру. Ақпараттық аналитикалық жұмыстар және мониторингтің формулаларын, тәсілдерін игеру, аудан әкімі аппаратының экономика жұмыстарын болжауды, жоспарлауды ұйымдастыру азаматтарды қабылдау жөніндегі жұмыста тәжірибесінің барлығы. Ай сайын сайлаушылар саны жөнінде мәлімет жинақтау, қадағалау. Аудан әкімдігінің “жұмыс жоспарын”, әкімият даярлау, аудан әкімшілігінде өтетін мәжілістерін жиналыстыруын ұйымдастыру  және берілген тапсырыстардың орындалысына бақылау жасау. «Электрондық үкімет» программасының жүзеге асырылуына байланысты жұмыстарын жүргізу.    Аудан әкімінің, әрбір аптаға, айға, тоқсанға, жылға – арналған жоспарларын жасау, орындалысын қадағалау. Аудан әкімінің – «Жұмыс регламентін» дайындау, орындалысын қадағалау.

      Ақапараттық, аналитикалық жұмыстар және мониторингтің формулаларын, тәсілдерін игеру. «Әкімдік қызметін басқару және жоспарлау», «Облыс әкімдігінің аналитикалық жүйесі», «Сайлаушы», «Облыстың біріңғай диспечерлік қызметі» ақпараттық жүйелерінің жұмысын үйлестіру және өз мәнінде қызмет атқаруын бақылау.

      Аудан әкімінің төрағалығымен өтетін кеңейтілген аппарат отырысының хаттамасын жазу мен тапсырмалардың орындалысын жинау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

     Білімі: “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша,  “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

  1. ”Шет ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп  бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы (1 бірлік, санаты Е-R-1, № 10-1):

       Функционалдық міндеттері:    Ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімін басқару және оның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Мекеме саласының жұмысын қадағалау, мониторинг жүргізу. Нақты сектор саласын дамытуға бағытталған жоспарлы жұмыс жүргізу, ауданда кәсіпкерлік саласына байланысты «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңын және нормативтік құқықтық талаптарды жүзеге асыру. Ауданның экономикасының нақты секторын және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын жасау мен оны жүзеге асыруды ұйымдастыру. Мекеменің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, ақпараттық сараптау жұмыстарын тәсілдерімен түрлерін игеру. «Аймақтық жоспарлау картасы», «Бірінші кезекте тұтынылатын әлеуметтік тауарлар бағаларының мониторингі» АЖ-нің жұмысын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

     Білімі: “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша, “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

Конкурс жеңімпазы: Бағдат Аннасұлы Әбділдин

 

 

 

 

 


Келулердің саны: 3585


Жоғары