print

Оралман мәртебесін беру

Оралман мәртебесін беру

 

Оралмандар -бұл көрші елдерден Қазақстанға қоныс аударған этникалық қазақ- репатрианттар. Ресми деректер бойынша 1991 жылдан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін 25 жыл ішінде Қазақстанға 957764 оралман келген.

Оралман мәртебесін иеленуге арналған өтініш бүгінгі күні –оралман мәртебесін алу үшін алғаш рет жүгінген жағдайда- Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қабылданады.  Мемлекеттік қызмет бес жұмыс күні ішінде жеке тұлғаларға тегін  көрсетіледі. Осы қызметті көрсету үшін ХҚКО мынадай құжаттар ұсынылады:

1)    Оралман мәртебесін алу туралы өтініш;

2)    Өмірбаян (ерікті нысанда);

3)    Отбасы отағасына, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне өлшемі 3х4 см екі-екіден  фотосурет;

4)    Өзімен бірге көшіп келген оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (ықтиярхат куәлігі, кәмелет жасына толмаған балалардың туу туралы куәліктері және қазақ ұлтына жататынын растайтын тағы басқа құжаттар).

Қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжатта  қазақ ұлтына жататыны туралы ақпарат болмаған жағдайда, олар қызмет алушының және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасынан тыс егемендік алу кезінде тұрақты тұрған этникалық қазақтар санымен бірге қоныс аударғандарға жататынын растайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өңірлерге мекендендірілген және тарихи отанында тұрақты тұру мақсатымен Қазақстан Республикасына келген,  Қазақстан Республикасы егемендігін  алғаннан кейін туғанжәне тұрақты тұрған қазақ ұлтының балалары үшін басқа құжаттардың (аттестат, диплом, білім туралы куәлігі, еңбек кітапшасы және тағы да басқа)   көшірмелері ұсынылады. 

Құжаттардың салыстыру үшін түпнұсқалары  мен  көшірмелері болуы тиіс, бұдан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаяннан басқасы) қызмет алушыға қайтарылады.

 

Туындаған сұрақтар бойынша ХҚКО, сондай-ақ 1414 телефоны бойынша жүгіне аласыз (қоңырау шалу тегін).

 

 «ХҚКО» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының Шет ауданындағы № 1 бөлімі


Келулердің саны: 3467


Жоғары