print

Өмірбаян

Марат Жандәулетов 1957 жылы Қарағанды облысында туған.
1980жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1991 жылы Алматы политология және басқаруинститутын бітірген.
Еңбек жолын 1974 жылы Жаңаарқа ауданы Атасу кентіндегі Н.Крупская атындағы орта мектепте бастаған. Жоғарғы оқу орнын бітірген соң осындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектепте мұғалім, директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары қызметтерінде істеді.
                1984 жылдан Жаңаарқа аудандық партия комитетінде нұсқаушы, жалпы бөлімінің, ұйымдастыру бөлімдерінің меңгерушісі.
                1991 жылдың соңынан халық депутаттары аудандық Кеңесінің іс басқарушысы. 1994 жылдан Жаңаарқа аудандық әкімшілігінің бас маманы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісінің.
                1996 жылдың наурыз айынан осы ауданы әкімінің орынюасары, 1997 жылдың қазан айынан аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің басшысы, ал1998 – 2006 жылдары аудан әкімі аппаратының басшысы.
                2006 жылдан 2014 жылға дейін аудан әкімінің орынбасары.
                2014 жылы М.Жұмажанов атындағы ауылдық округінің әкімі болып істеген.
                2015 жылдың қаңтар айынан Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары лауазымында істеді.
                Отбасылы, төрт баланың әкесі

Келулердің саны: 6873


Жоғары