print

Хаттар және үндеулердi талдау

Аудан әкімі аппаратына 2017 жылы

жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер туралы

 хабарлама

 

2017 жылы 12 айында жеке және заңды тұлғалардан 622 өтініш түсті, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4 өтінішке көбейген (2016 жылы - 618). Қайталанған өтініштер саны – 10 (2016 жылы - 1).

Жалпы 622 өтініштің  581 өтініш жеке тұлғалардан  41 өтініш заңды тұлғалардан түскен. Жоғары жаққа жазылып, аудан әкіміне келіп түскен өтініштер саны 106. Аудан әкімі, оның орынбасарлары және аппарат жетекшісі 217 азаматты  қабылдады.

Атап айтқанда 622 өтініштің:

183 жер мәселесі бойынша, оның 121 қанағаттандырылып (шаруа қожлықтары құжаттарын рәсімдеп беруді сұраған өтініштер), 62 өтінішке қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсіндірілді.

Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 63 өтініш, оның 57 өтінішіне тиісті түсініктемелер беріліп 6-ы қанағаттандырылды.

 Материалдық көмек көрсету жөнінде түскен 20  өтінішке материалдық көмек мемлекеттік қызметке жататындығы және жұмыспен қамту бөлімі арқылы көрсетілетіндігі түсіндірілді.

Ауыл шаруашылығы мәселесімен 12 өтініш түскен, оның 11-не түсінік беріліп, 1 ұсыныс мәліметке алынды.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтары жөнінде 91 өтініш тіркелсе, 83 – түсіндірілді, 6 қанағаттандырылды, 1 өтініш мәліметке алынды, 1 өтініш құзыреті бойынша тиісті мекемеге қарауға жіберілді. 

Тұрғын үй беру мәселесі бойынша 83 өтініш тіркеліп, оларға ҚР тұрғын үй қатынастары заңына сәйкес тұрғын үй кезекпен берілетіндігі түсіндірілді.

Ауыз су мәселесімен 14 өтініш түсіп, 13-не түсініктеме беріліп, Ақадыр кентінің тұрғындары Станционная көшесінде суағар колонкасы істемей тұрғаны туралы жазған өтінішіне колонка іске қосылып 1 өтініш қанағаттандырылды.

Білім саласы бойынша 11 өтініш тіркеліп, заңдылықтарға сай тиісті түсініктеме  берілді.


Келулердің саны: 5299


Жоғары