print

Рәміздер қаулысы 2020 жыл

 

Мемлекеттік рәміздер

жөніндегі комиссия

құру туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» №258 және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» №148 Заңдарына сәйкес мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі іс-қимылдарды жандандыру, олардың қолданылуын реттеу мақсатында Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Шет ауданының әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құрамы №1 қосымшаға сәйкес құрылсын.

         2.Шет ауданының әкiмi жанындағы мемлекеттiк рәміздер
жөніндегі комиссия туралы Ереже №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

         3. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның 2020 жылға арналған жұмыс жоспары №3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

         4. Шет ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы «Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құру туралы» №05/11 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

         5.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдинге жүктелсін.

 

 

Шет ауданының әкімі                                                          М.Жандәулетов     

 

Келісілді:                                                                                М.Мұхтаров

   А.Әбілдин

   М.Жумкин

   О.Стыбаев

   М.Жонкина

   Б.Арыстанбеков

Орынд. Н.Ақымжанов

Тел.:21276

 

 

 

                                                                                       Шет ауданының әкімінің 2020                  

                                                                                        жылғы «___» ______ №___   

                                                                                         қаулысына №1қосымша

 

                                                                    

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер

жөніндегі аудандық комиссия құрамы:

 

Жандәулетов Марат Жандәулетұлы   -   аудан әкімі, комиссия төрағасы;

 

Әбілдин Азамат Азатұлы                  -   аудан әкімінің орынбасары,                                                                                              комиссия төрағасының орынбасары;

 

Сейтжанов Думан Саулеханұлы        -   ауданның ішкі саясат бөлімінің                                                                                     

                                                                       бас маманы, комиссия хатшысы.               

 

Кеңес мүшелері:

 

Орымбеков Ержан Маралұлы           -       ауданның полиция бөлімінің

                                                                бастығы; (келісім бойынша)

                                                          

Жонкина Маркеш Жакенқызы      -       ауданның экономика және қаржы                                                                            бөлімінің басшысы;  

 

Карибеков Аян Қапасұлы            -        ауданның кәсіпкерлік және                                                

                                                                  өнеркәсіп бөлімінің басшысы;

                           

Ахмедия Самат Аманжолұлы          -   ауданның мәдениет және тілдерді

                                                                       дамыту бөлімінің басшысы                                              

                                                                                                                                 

Аманжолов Алпыс Жанатұлы         -      аудандық орталық аурухана  

                                                                     директоры

                                                                                                                                 

Смағұл Елдос Жарылғапұлы             -     ауданның білім бөлімінің басшысы;

 

Ақымжанов Нұржан Мақсұтұлы         -   ауданның ішкі саясат бөлімінің                                                

                                                                  басшысы;                                                                                                                         

                                       

Сәдуақасов Мейрам Дәулетбекұлы     -   «Шет шұғыласы» газетінің

                                                                       редакторы.

 

 

 

 

 

                                                                                        Шет ауданы әкімінің  2020

                                                                                   жылғы «   »________

                                                                                           №____ қаулысына

                                                                                  №2 қосымша

 

Шет ауданы әкiмi жанындағы мемлекеттiк рәміздер
жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер

1. Аудан әкiмiнiң жанындағы мемлекеттiк рәміздер жөніндегi комиссия (бұдан әрi – Комиссия) мемлекеттiк рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәміздері туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес мемлекеттiк стильдi қалыптастыру және оларды колдану iс-тәжiрибесiн қорыту бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi консультациялық кеңесшi орган болып табылады.

2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Аудан әкiмi лауазымы бойынша Комиссия төрағасы болып табылады. Комиссияның дербес құрамы заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiледi.

 

2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi

 

4.Комиссияның негiзгi мiндеттерi:

1) халықтың арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздеріне құрмет қатынастарын қалыптастыру;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздерін насихаттау және қолдану мәселелерi, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк стильдi қалыптастыру жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар әзiрлеу;

3) мемлекеттiк бірдейлендіру рәміздері мен геральдикалық белгiлердi жасау және енгiзу жөнінде ұсыныстар әзiрлеу;

4) Қазақстан Респуликасының мемлекеттiк рәміздердің қолданудың нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

 

3. Комиссияның өкiлеттiлiгi

 

5. Осы Ережемен анықталған міндеттердi iске асыру үшiн Комиссия:

1) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға мемлекеттiк рәміздерді насихаттау және қолдану жөнiндегi мәселелердi шешуде консультациялық көмек керсетедi;

2) мемлекеттiк бірдейлендіру рәміздері мен геральдикалық белгiлердi жасаудың және енгiзудiң әлемдiк тәжірбиесiн зерделейдi және Қарағанды облысының мемлекеттік рәміздер жөнiндегi облыстық комиссияға Қазақстан Республикасында оларды қолданудың нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;

3) аудан аумағында ресми iс-шаралар өткiзу кезiнде мемлекеттiк рәміздерді қолданудың рәсiмдiк ережелерiн әзiрлеуге қатысады;

4) мемлекеттiк рәміздерді насихаттау және мемлекеттiк стильдi қалыптастыру жөнiндегi жұмысты жетiлдiруге бағытталған зерттеулердi жүргiзуге бастамашылық жасайды;

5) геральдикалық белгiлер жобаларын қарайды және сараптама қорытындыларын дайындауды жүзеге асырады;

6) Комиссия кұзыретiне кiретiн мәселелер бойынша азаматтардың жазбаша өтiнiштерiн карайды;

7) Комиссия өз өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыру кезiнде жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық бiрлестiктермен, басқа да мүдделi ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды.

6. Комиссия:

1) өз құзыретi шеңберiнде жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, мүдделi ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан жұмысқа қажеттi ақпаратты және өзге де материалдар мен мәлiметтердi сұрауға және алуға;

2) өздерiнiң отырыстарында жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын олардың өз құзыретi шеңберiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін орындау жөнiнде жүргiзетiн жұмыстары туралы тыңдауға;

3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздерін насихаттау және қолдану мәселелерi бойынша жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметiн өкiлеттi мемлекеттiк органдардың тексеру жүргiзуiне бастамашылык жасауға;

4) Қазакстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат шегiнде және сол қаражат есебiнен мемлекеттiк рәміздерді насихаттау және қолдану мәселелерi жөнiнде кең ауқымды акциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер», мәжiлiстер өткiзуге;

5) Мемлекеттiк рәміздер жөнiндегi облыстық комиссияға, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мүдделi ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктерге Комиссия қызметiнiң нәтижесi болып табылатын ұсынымдық сипаттағы талдау, әдiстемелiк және өзге де ақпараттық материалдарды жолдауға;

6) Комиссия құзыретiне жататын сараптамалық талдау зерттеулерiн жүргiзу үшiн сараптама кеңесiн құруға құқылы.

 

4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

 

7. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссия мүшелерiнен тұрады.

8. Комиссия жұмысы қоғамдық негiзде жүзеге асырылады.

9. Комиссияның төрағасы:

1) Комиссияға жалпы басшылық етудi жүзеге асырады, Комиссия отырыстарында төрағалык етедi;

2) Мемлекеттiк рәміздер жөнiндегi облыстық комиссия төрағасын Комиссияның қызметi туралы тұрақты түрде хабардар етедi және оған мемлекеттiк рәміздерді насихаттау және қолдануы жөнінде жергіліктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

3) Комиссияның сараптама кеңесiнiң құрамын бекiтедi;

4) Комиссия мүшелерi арасында тапсырмаларды бөледi;

5) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мүдделi ұйымдарға және лауазымды тұлғаларға Комиссия отырыстарына материалдар, өзiнiң атына келiп түскен ұсыныстар бойынша қорытындылар дайындауды тапсырады;

6) Комиссия отырыстарының хаттамаларына, жұмыс жоспарларына қол қояды;

7) Комиссияның жұмысын жетiлдiру және оның құзыретiне кiретiн өзге де мәселелер бойынша Комиссия мүшелерiнiң ұсыныстарын қарайды;

8) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiн анықтайды.

10. Комиссия төрағасының орынбасары:

1) Төраға тапсырмаларының және Комиссия ұсынымдарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi;

2) Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын Комиссия төрағасына бекiтуге енгiзедi;

3) Комиссия отырыстарын дайындау үшiн жалпы бақылауды жүзеге асырады;

4) Комиссия төрағасының келiсiмiмен Комиссия хатшысына немесе мүшелерiне Комиссия құзыретiне кiретiн меселелер бойынша материалдарды, азаматтардың жазбаша өтiнiштерiн қарауға жiбередi;

5) Осы Еережеге сәйкес Комиссия төрағасының өзге де тапсырмаларын орындайды.

11. Шет ауданының ішкі саясат бөлімі Комиссияның жұмыс органына басшылықты жүзеге асырады.

12. Комиссияның мүшелерi:

1) халық арасында мемлекеттiк рәміздерге құрмет қатынастарын қалыптастыруға жәрдемдеседi, мемлекеттік рәміздерді насихаттауға, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде және қаражат есебiнен насихаттауға қатысады;

2) Комиссия отырыстарына қатысады;

3) Комиссия төрағасының және төраға орынбасарының тапсырмаларын орындайды;

4) Комиссия құзыретiне жататын меселелер бойынша ұсынымдар, сараптама қорытындыларын дайындауға қатысады;

5) Комиссияның жұмыс органынан Комиссия отырыстарына қажетті материалдар алады;

6) Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыстарын жоспарлауға қатысады;

7) жазбаша түрде баяндалатын және хаттамаға қосымша берiлетiн ерекше пiкiрге құқығы бар.

13. Комиссияның жұмыс органы Шет ауданының ішкі саясат бөлімі болып табылады:

Жұмыс органы:

1) Комиссияның жұмысын жалпы ұйымдастыруды және оның мүшелерiнен қалыптасатын сараптама кеңесiнiң қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;

2) мемлекеттiк рәміздерді қолдану және насихаттау мәселелерi қарауына жататын аудан әкімі аппаратының лауазымды тұлғаларына әдiстемелiк көмек көрсетедi;

3) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан ақпарат жинауды, өңдеудi, мемлекеттiк рәміздерді қолдану және насихаттау практикасын талдауды, бұл саладағы жұмыстарды жетiлдiру жөніндегі ұсынымдар жасауды жүзеге асырады;

4) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға және өзге де мүдделi ұйымдарға Комиссия ұсынымдарын түсiндiредi және жолдайды;

5) бұқаралық ақпарат құралдарымен тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк рәміздерді насихаттауға және қолдануға бағытталған Комиссия қызметiн жариялау жөнінде өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

6) өз өкiлеттiктерi шегiнде өтiнiм бiлдiрушiлерге олар енгiзген ұсыныстар бойынша қорытынды жолдайды;

7) Комиссия отырыстарына материалдарды, Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларының жобаларын дайындауды жүзеге асырады;

8) Комиссия мүшелерiнiң Комиссия жұмысын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарын қорытады;

9) Комиссия құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, лауазымды тұлғалармен және мүдделi ұйымдармен қызметтiк хат алмасуды жүргiзедi;

10) iс жүргiзуге жауап бередi, Комиссия материалдарын сақтауды және оларды мұрағатқа өткiзудi жүзеге асырады.

14. Комиссия отырыстарын қажеттiне қарай, жылына кемiнде екi рет Төраға шақырады.

15. Комиссия отырысы, егер оның мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысқан болса заңды деп саналады.

16. Комиссияның шешiмдерi ұсынымдық сипатқа ие. Қажет болған жағдайда олар Комиссия Төрағасының – аудан әкiмiнiң өкiмiмен ресiмделедi.

17. Шешiмдер оның отырысына қатысушылар санының кемiнде үштен екiсiнiң дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде, Комиссия отырысына төрағалық етушi дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                            

 

 

                                                                                                                                                                    Шет ауданының әкімінің

                                                                                                                                                              2020 жылғы «   »________

                                                                                                                                                                  №____ қаулысына

                                                                                                                                                                     №3 қосымша                                                            

 

Мемлекеттік рәміздер жөнінде аудандық комиссияның

                                                                           2020 жылға арналған жұмыс жоспары

                                                             

Іс-шаралар атауы

Мерзімі

Орындауға жауаптылар

 

  1. Ұйымдастыру-практикалық жұмыс

1

Аудандық, ауылдық қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу барысында мемлекеттік рәміздер туралы заңнама нормаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету

Тұрақты негізде

 

 

Ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері,   ауданның мекеме басшылары, білім бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

 

 

2

Ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін мемлекеттік рәміздерді, мемлекеттік рәміздер бейнеленген плакаттарды, мемлекеттік мекемелердің елтаңбалық бланкілерін, мөрлерін ауыстыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету

2020 жыл бойы

Ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері,   ауданның мекеме басшылары, білім бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

 

3

Мемлекеттік рәміздердің жағдайын жүйелі түрде мониторингілеп, рейдтік іс-шаралар өткізу

жыл бойы

Ауданның ішкі саясат бөлімі

4

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның отырыстарында:

- Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша Ақжал, Ақшатау, С.Сейфуллин, Дәрия кенттері, Ақой, Батық, Бұрма, Красная поляна, Нұраталды, Шет, Талды, Ақшоқы ауылдық округтері әкімдерінің есебі қарастырылсын

I жартыжылдық

 

М.Молыбаев, Қ.Омарбай, Ж.Қасым, Б.Рақымжанов, Е.Аяпбек, А.Балғабек, Б.Райым, С.Мақажанов, А.Нүркеева, Р.Әбенова, С.Ахымбеков, Т.Беркімбаев,

5

- «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Шет ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, «Шет ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Шет ауданының білім бөлімі» ММ-індегі мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану саласындағы істердің жай-күйі туралы

I жартыжылдық

О.Стыбаев, А.Кәрібеков, А.Аманова, Е.Смағұл

6

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның отырыстарында:

- Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша

Мойынты, Ақадыр кенттері, Ортау, Көктіңкөлі, Киікті, Босаға, Тағылы, Төменгі Қайрақты, Өспен ауылдық округтері әкімдерінің есебі қарастырылсын

II жартыжылдық

C.Турабеков, Д.Кәрсембаев, О.Жақанов, М.Имендинова, Қ.Рахметов, Н.Нұрланқызы, Р.Ашенов, Д.Жакупов, Ж.Аманжолов,

7

- «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Шет ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» ММ-індегі мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану саласындағы істердің жай-күйі туралы

II жартыжылдық

Е.Құрманбаев, С.Ахмедия, Б.Бекенов, Б.Арыстанбеков

8

Аудандық білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің тарихы», «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің Тәуелсіздігін айшықтайтын қасиетті құндылығы» атты тақырыптарына ашық сабақтар, эссе байқауларын өткізу

жүйелі түрде

Ауданның білім бөлімі және ауылдық округтер мен кенттер әкімдері

9

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастыру

маусым

Ауданның ішкі саясат бөлімі,

Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

10

Жастар өкілдерінің қатысуымен балалар сауықтыру лагерьлерінің базасында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Гимні» тақырыбында патриоттық акция ұйымдастыру және өткізу

маусым

Ауданның білім бөлімі

11

Ауданның білім беру мекемелерінде, оқу орындарында:

- жалпы білім беретін мектептердің Мемлекеттік рәміздері бұрыштарының байқауы;

- мектеп және колледж оқушылары арасында эссе шығармалар байқауы;

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындауымен салтанатты жиындар (апта сайын);

- жастар акциясы «Мемлекеттік рәміздердің тарихын білесің бе?» (Мемлекеттік рәміздер тарихы бар түрлі-түсті постерлерді, буклеттерді, күнтізбелерді таратумен)

- «Тәуелсіз Қазақстанның рәміздері» атты кітап көрмесін өткізу

жыл бойы

Ауданның білім бөлімі, жастар ресурстық орталығы, ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Шет агротехникалық колледжі, ауданның мектептері,

  1. Ақпараттық-насихат жұмысы

12

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне кең көлемді іс-шаралар өткізу:

- Қазақстан Республикасының Гимнін бір мезетте орындаумен өтетін іс-шаралар (форумдар, патриоттық акциялар, салтанатты лездемелер);

- Мемлекеттік рәміздердің тарихы туралы, авторлары айтылған ақпараттық стикерлер, күнтізбелер тарата отырып флешмобтар өткізу;

- патриоттық әндер концертін өткізу

маусым

Ауылдық округтер мен кенттер әкімдері,

ауданның жастар ресурстық орталығы,

ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,

ауданның мекеме басшылары,

ауданның білім бөлімі

13

Аудандық орталықтандырылған кітапханада «Елімізідің Мемлекеттік рәміздері» тақырыбында кітап көрмелерін ұйымдастыру

II тоқсан

Ауданның мәдениет және тілдер дамыту бөлімі, аудандық орталықтандырылған кітапхана

14

Сыртқы жарнама арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру

үнемі

Ауданның ішкі саясат бөлімі, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері

15

Қазақстан Республикасының рәміздері туралы ақпараттарды жергілікті «Шет шұғыласы» газетіне және аудан әкімінің ресми сайтына жариялау

үнемі

Аудандық «Шет шұғыласы» газеті редакциясы, аудан әкімінің баспасөз хатшысы

 

 

 


Келулердің саны: 117


Жоғары