print

БКМ фискалдық чегін бермегені туралы хабарлаған жағдайда өтемақы төленеді

     Шет ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бақылау-касса машиналарының фискалдық чегін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы 2020 жылғы 12 мамырдан бастап қайта басталғандығын жариялайды.«Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына кез-келген үміткер қатыса алады. Барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарында қаралады.  App Store немесе Play market-тен «Wipon» мобилді қосымшасын тегін жүктеп алып, фискалды чекті бермеу бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады. Фискалды чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефонның теңгеріміне (1000 теңге) сыйақы алуға болады.  
Мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымын, заң бұзушылыққа төзбеушілігін білдіруге және «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына белсенді түрде қатысуға шақырады.


Келулердің саны: 150


Жоғары