print

«Шет ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1. Жалпы ережелер

 

           1. «Шет ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі карай - Мемлекеттік мекеме) ауданының білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

           2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ак, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

           3. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланклері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

           4. Мемлекеттік мекеме азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

           5. Мемлекеттік мекемеге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

           6. Мемлекеттік мекеменің өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

           7. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

           8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, индекс № 101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі, 92 үй.

           9. Мемлекеттік органның толык атауы: «Шет ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

           10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

           11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

           12. Мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

           Егер мемлекеттік мекеме заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13. Мемлекеттік мекеменің миссиясы:

ауданның білім саласының дамуы бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу.

  1. Міндеттері:

білім мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайтады;

міндетті жалпы білім беретін және мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерін оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының Заңдарының шегінде жекелеген оқушылардың тегін тамағын ұйымдастыру;

педагог қызметкерлері мен спортшыларды аттестаттауды өткізеді және оларға біліктілік разрядтарын береді;

кәсіптік мектептерде, кәсіптік лицейлер мен колледждерде жұмысшылар мен мамандар даярлауға конкурстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырмасын орналастырады;

мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беру мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарға статистикалық есеп береді және ұсыныс жасайды;

номенклатура бойынша, мемлекеттік мұрағатта сақталуға жататын құжаттарды дайындап, сақталуға жібереді;

сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикаларына байланысты шаралар әзірлеу және шаралардың орындалысына тиісті жұмыстар жүргізеді;

мемлекеттік мекеменің жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жариялануын қамтамасыз етеді;

  1. Функциялары:

1)                мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді және олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастырады;

2)                ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қамқоршылық және қорғаншылық жасауды ұйымдастырады, оларды балалар үйіне немесе интернаттық ұйымдарға және міндетті тұрақты жұмысқа орналастырып, тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

3)                бастапқы, негізгі және жалпы орта білім беретін білім мекемелері мен мектепке дейінгі, мектептен тыс ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жұмыстарын жүргізеді;

4)                жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие және оқу ұйымдарының, мектептен тыс ұйымдар, бастауыш, орталау және орта білім беретін ұйымдарының басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады, оларды аттестациядан өткізеді;

5)                аудан аумағында заңдылық пен құқық бұзушылықты алдын алу бойынша аудан әкімдігі және құқық қорғау органдарымен, сот органдарымен бірлескен іс –қимылдарды ұйымдастырады;

6)                меншік нысандары мен ведомствалық бағыныстылығына қарамастан, жергілікті бағыныстағы білім беру ұйымдарына оқу-тәрбие процесі мазмұнының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартына сәйкес келуіне бақылау жасауды ұйымдастырады, сапаны бағалау жүйесін енгізеді, атап айтқанда 4 және 9 сыныптара аралық мемлекеттік бақылауды және Бірыңғай Ұлттық Тестілеуді өз құзыреті шегінде жүргізіп отырады.

         16. Құқықтары мен міндеттері:

1)                өзі тікелей мемлекеттік органдардан, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден керекті ақпараттар, құжаттар, басқадай материалдарға сұраныс беруге және алуға, сондай-ақ аудан әкімінің және әкімдіктің өкілеттігіне байланысты лауазымды адамдардан ауызша не жазбаша түрде тиісті ақпараттар, түсініктер алады;

2)                жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын өзінің құрылымдық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің басшыларын, қызметкерлерін және мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін кызметке тағайындау, оларды көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі құқығы бар;

3)                аппараттық кеңестерде қаралатын сұрақтар бойынша мемлекеттік органдар мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын құрылымдық бөлімдерден, мемлекеттік мекемелерден, мемлекеттік кәсіпорындардан қызметкерлер шақыртуға, олардан ақпараттар алуға құқылы.

4) өзіне жүктелген заңдылықтармен, осы Ережемен және уәкілетті органмен белгіленген басқа да құқықтарды жүзеге асырады.

 

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

           17. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

           18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

           19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:

           1) өзінің мамандарының міндеттерінің өкілеттілігін белгілейді;

           2) қолданыстағы заңдарға сәйкес бөлімнің мамандарын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;

           3) бөлімнің қызметкерлеріне қолданыстағы заңдарға сәйкес тәртіптік шаралар қолданады;

           4) бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;

           5) қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз қызметтерін ұсынады;

           6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты және тікелей міндетті болады;

           7) қолданыстағы заңдарға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

           Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастратын тұлға орындайды. бірінші басшы болмаған кезеңде оның өкілеттікттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес алмастыратын тұлға орындайды.

 

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

           20. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

           Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

           21. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

           22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

           23. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 


Келулердің саны: 6019


Жоғары