print

«Шет ауданының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

І. Жалпы ережелер

1. «Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мемлекеттік мекеме) өз құзіреті шеңберінде аудан әкімінің мәдениет және тілдерді дамыту салалары бойынша іс-әрекеті жоспарларын әзірлеп, мәдени орындардың жұмыстарына басшылық жасап, іс-әрекеттерін үйлестіріп, бақылауға, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға өкілетті, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

2. «Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттік мекеменің негізгі өз құзырының шеңберінде мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық процесстерді демократияландыру, қоғамдық саяси тұрақтылықты сақтау жөніндегі мемлекеттік саясатты аудан көлемінде жүзеге асыру, мәдениет орындарының қызметін мемлекеттік ішкі саяси жоспарларға сәйкес жүргізіп, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

3. Мемлекеттік мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын, өзге де заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігі мен әкімінің актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық құжаттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

         4. Мемлекеттік мекеме заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде мекеме атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық қазынашылық бөлімінде шоты бар.

         5. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қарағанды облысы, Шет ауданының әкімдігі болып табылады.

Мемлекеттік мекемеге мемлекеттік басқару жүргізетін, сонымен бірге мемлекеттік меншіктің құқық субъектісі функциясын жүзеге асырушы және Ережесі мен құрылымын бекітіп, штаттық санының мөлшерін белгілейтін Уәкілетті орган аудан әкімі болып табылады (бұдан әрі-Уәкілетті орган).

6. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы «Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде Государственное учреждение «Отдел культуры и развития языков Шетского района».

7. Мемлекеттік мекеменің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Шет ауданы, 101700 Ақсу-Аюлы селосы, Жанғұтты би көшесі, 39 үй.

 

2.Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

функциялары мен құқықтары

8. Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің функциялары:

1)Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 Жарлығымен бекітілген 2004 -2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының және басқа да заң актілерінің орындалуын қамтамасыз ету;

2)Мәдениет саласында өз құзыры шеңберінде азаматтардың заңмен белгіленген мемлекеттік саясат принциптерінің, құқықтары мен міндеттерінің сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету;

3)Аудандағы мәдени-демалыс орталықтарының (ауыл, кенттердегі клубтар, мәдениет үйлері, саябақтар, спорт алаңдары және т.б.) жұмыстарын жеке адамның, тұрғылықты халықтың мәдени-шығармашылық дамуы бағытындағы, ұйымдардан, қоғамдық бірлестіктерден, жеке азаматтардан түскен шығармашылық тапсырыстарды орындау жөніндегі жұмыстарын үйлестіру;

4) Ауданда музыка, театр, көркем-сурет, хореография және тағы басқа өнер түрлерінің дамуына, мәдениет ошақтарының жұмыстарының жанданып, оларда заман талабына сай мәдени-көпшілік іс-шаралардың өткізілуіне басшылық жасау;

5) Өнер саласында талантты жастарды анықтап отыру мақсатында әр түрлі аудандық байқаулар ұйымдастырып, көркемөнерпаздар үйірмелеріне методикалық көмектер көрсету, облыстық, республикалық байқауларға қатысуға мүмкіндіктер туғызу;

6) Кітапхана ісі мәдениет саласының ақпараттық, білім беру және мәдени-ағарту негізі болып есептелгендіктен, аудандық орталық кітапхана жұмысы жүйесін үйлестіру арқылы ауылдық, кенттік кітапханалар қорларын жаңа кітаптармен толықтырып отыру, жаңа кітаптарды, тарихи-мәдени құндылықтарды жұртшылыққа кеңінен насихаттау, кітапханаларға методикалық көмек көрсету.

7) Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Заңын басшылыққа ала отырып аудан өңіріндегі тарихи-мәдени құндылықтарды анықтау, есебін жүргізу, қорғау және пайдалану жұмыстарын тиісті мемлекеттік органдармен мақсаткерлікпен жоспарлы түрде жүргізу. Аудандағы музейлердің жұмысын үйлестіру. Шет өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштері туралы жұртшылыққа насихаттау, оларды қорғау шараларымен айналысатын тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау комиссиясының жұмысын үйлестіру;

8) Аудандағы мәдениет орындарының білікті маман кадрлармен толықтырылып отырылуын тұрақты қадағалау, олардың кәсіпкерлігін арттыру, оқыту, қайта даярлау іс-шараларын ұйымдастыру.

9) Аудан көлеміндегі мәдениет үйлерінің, клубтардың, кітапханалардың материалдық-техникалық жағдайларының мемлекеттік стандарттарға сай дамып, қалыптасуын қамтамасыз ету, олардың ғимараттарына дер кезінде құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарларын жасап, жүзеге асырылуын қадағалау.

10) Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының тілдері туралы» Заңының және басқа да заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдау мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының», Жарлықтардың, қаулылардың және Президенттің, Үкіметтің тіл саясаты мәселелері бойынша құқықтық актілерін орындауды қамтамасыз ету;

11) Тіл саясатын жүзеге асырудың көкейкесті проблемалары бойынша семинар, «дөңгелек үстел», конференциялар өткізу;

12) Мемлекеттік тілді және аудандағы басқа да этностар тілдерін меңгеру бойынша шаралар ұйымдастыру;

13) Мемлекеттік тіл саясатын, тілдерді дамытудың бағдарламасын, жүзеге асыру бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен, қоғамдық және басқа да ұйымдармен қарым-қатынас жасау;

14) Аудандық ономастикалық комиссияның топонимикалық және физикалық-географиялық объектілерді реттеу және жүйеге келтіру жұмыстарын жүйелеп жүргізу;

15) Аудан халқының ұлттық құрамындағы өзгерістерді анықтау үшін аймақтағы, демографиялық ахуалды, көші-қон процесстерін зерделеу.

10. Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құқықтары:

1) мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, мемлекеттік мекеме өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерден, кәсіпорындардан, бұқаралық және басқа да ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан ақпараттар, мәліметтер және құжаттарды сұратып алуға;

2) мемлекеттік мекеменің құзырының шеңберіне кіретін мәселелерді дайындауға мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдар қызметкерлерін жұмылдырып, уақытша жұмыс тобын құруға;

3) өз құзырына жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдарға, аудан әкіміне мемлекеттік органдардың мәдениет және тілдерді дамыту салаларындағы іс-әрекеттерін жетілдіру туралы ұсыныстар енгізуге;

4) өз құзырының шеңберінде тиісті мемлекеттік органдарға, олардың лауазымды басшыларына тапсырыстар беруге, берілген тапсырыстардың орындалуын бақылауға;

5) аумақтық жастар саясаты бағдарламасын, аудандағы ақпаратттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруды жүзеге асыруға арналған ұсыныстарды аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың сессиясына ұсынуға;

6) мемлекеттік мекеме жұмысына қатысты мәселелер бойынша жиналыстар, конференциялар өткізуге;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

             

3. Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

мүлкі мен қызметін қаржыландыру тәртібі

         10. Мемлекеттік мекеменің пайдалану құқығында жеке мүлкі болады.

         Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен құрылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаржаттардан, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің балансында көрсетілген мүліктен тұрады.

         Мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлкіне деген құқығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес анықталады.

         11. Мемлекеттік мекемеге бекітілген тиісті әкімшілік-аумақтық қаражатынан құрылған мүлік коммуналдық меншікке жатады. Егер мемлекеттік мекемеге кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне бағытталады.

         12. Мемлекеттік мекеме бекітілген мүлкін иесіздендіруге немесе басқа бір тәсілмен басқаруға құқығы жоқ. Мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайлар мен шеңберлерде мүлкін басқару құқығы беріле алады.

         13. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана жүзеге асырылады.

         14. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңдарға сәйкес есеп береді.

         15. Мемлекеттік мекеменің қаржы – шаруашылық қызметін тексеруді және тексеріс жүргізуді заңдарда белгіленген тәртіппен Уәкілетті орган жүзеге асырады.

16. Мемлекеттік мекеме қайта құрылған немесе таратылған жағдайда оның мүлкі мемлекетке қайтарылады немесе құқықтық мираскерге көшеді.

 

4. Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

қызметін ұйымдастыру

          17. Мемлекеттік мекемені мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы басқарады, оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.

          18. Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы:

          1) Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметіне басшылық жасайды, жүктелген міндеттердің орындалуына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылықта болады;

          2) Мемлекеттік мекеме басшысы мемлекеттік мекеме мамандарының функционалдық міндеттері мен құзырларын анықтайды, мемлекеттік мекеменің Ережесін әзірлейді және мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді;

          3) Заңнамамен белгіленген тәртіпте Мемлекеттік мекеме қызметкерлерін мадақтауға, материалдық көмек көрсетуге, тәртіптік шара қолдануға және жұмыстан босатуға ұсыныс жасайды;

          4) Мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;

          5) Мемлекеттік мекеме құрылымын және штаттық кестесін әзірлейді және оны аудан әкімдігіне ұсынады;

          6) Мемлекеттік мекеме жұмысының стратегиялық және ағымдағы жоспарларын бекітеді;

          7) Өз құзырының шеңберінде мемлекетік мекеме қызметіне қатысты мәселелер бойынша ауыл, кент әкімдері аппаратттарының жұмысын үйлестіреді;

          8) өз құзырының шеңберінде бұйрық шығарып, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

          9) азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді;

          10) өз құзырының шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

5. Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін

қайта ұйымдастыру және тарату

19. Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Келулердің саны: 4201


Жоғары