print

«Ауданның экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

1. Жалпы ережелер

 

  1. «Шет ауданының экономика және қаржы бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -Бөлім) экономика және қаржы саласында мемлекетті басқару функциясын атқару өкілетті, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын құықтық-ұйымдастырушы үлгіде құрылған «мемлекеттік мекеме», Шет ауданының дамуының негізгі бағыттарын жасауды жүзеге асыратын және ауданда бірегей мемлекеттік қаржы саясатын анықтайтын, аудандық коммуналдық меншікті басқаруды қамтамасыз ету саласында қызмет атқаратын мемлекеттік орган болып табылады.

 

2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен, әкімінің, аудан әкімдігінің және Мәслихатының актілерімен, басқа да нормативтік – құқықтық актілерімен, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарының нұсқауымен, тапсырыстарымен, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Бөлім ұйымдық – құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Қазынашылық органында есеп шоты бар.

5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

7. Бөлімнің өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысы бұйрықтар шығарады.

8. Ережені, штат шектеу санын және Бөлімнің ішкі құрылымын Шет ауданының әкімдігі бекітеді.

9. Бөлімнің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі, 10 үй.

10. Бөлімнің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Шет ауданының экономика және қаржы бөлімі » мемлекеттік мекемесі.

ресми тілде: государственное учреждение «Отдел экономики и финансов Шетского района».

11. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Бөлімнің қаржыландыру қызметі аудандық бюджет қаражатымен жүзеге асырылады.

13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер аудандық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

         14.   Бөлімнің миссиясы:

 

1) Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық басымдықтары мен ақша-несие саясатын өзара саптаса отырып мемлекеттік фискалдық, бюджеттік,инвестициялық саясатты, сондай-ақ экономика және қаржы қатынастары саласындағы саясатты жүзеге асыруға қатысу;

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу;

2) Экономика саласындағы мемлекеттің саясатын ауданның стратегиялық және орта мерзімдік әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын қалыптастыру арқылы іске асыруға қатысу;

3) Бюджеттің инвестициялық жоспарларын жасағанда стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды қалыптастыру;

4) Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес тиісті қаржы жылына жергілікті бюджет туралы Мәслихаттың шешімімен белгіленген мөлшерден төмен емес көлемде бюджетке түсімдерді толық және мерзімінде енгізуді қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар өткізу;

5) Тиісті қаржы жылына жергілікті бюджет туралы Мәслихаттың шешімімен бекітілген немесе түзетілген бюджет қаржысы шегінде бюджеттік бағдарламаларды толық және мерзімінде орындауға бағытталған шараларды жүзеге асыру.

       15. Бөлім аумақтық саясатты жүзеге асыру кезінде заңдарда белгіленген тәртіпте келесі функцияларды жүзеге асырады;

1) қолданыстағы заңдарға сәйкес басым бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізімін қалыптастырады;

2) ауданның әлеуметтік – экономикалық даму жоспарын атқарушы органдарға осы құжаттың көрсеткіштерін жеткізу арқылы және атқарушы органдардың өз құзіретіне кіретін блоктар бойынша әкелген мәліметтерді жиынтықтай отырып әзірлейді;

3) аудан әкімдігінің алдағы үш жылдық мерзімге салық – бюджет саясатын анықтау және бюджеттік жоспарлау үрдісіне стратегиялық бағыт беру үшін орта мерзімдік фискалдық бағдарлама жобасын жасайды және аудан әкіміне бекітуге ұсынады;

4) ауданның орта мерзімдік әлеуметтік – экономикалық даму жоспары мен орта мерзімдік фискалдық бағдарламаның кезекті қаржы жылымен алда тұрған үш жылдық мерзімінің негізінде салық органы мен бірлесіп жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің болжамын іске асырады;

5) ауданның бюджеттік комиссиясының жұмыс органы болғандықтан бюджетті уақытылы және сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау және орындау жөнінде ұсыныстар дайындау үшін бюджеттік комиссиясының белгілеген мерзімдер мен күн тәртіптеріне сәйкес бюджеттік комиссиясының отырысына құжаттардың пакетін дайындайды;

6) Орта мерзімдік фискалдық бағдарламада белгіленген аудан бюджетінің болжамдық көрсеткіштері, бюджет қаржыларын жұмсаудың басымдық бағыттары, операциялық теріс сальдоның ең шекті мөлшері, орта мерзімдік фискалдық бағдарламада анықталған басқада көрсеткіштер негізінде шығын лимиттерін қалыптастыру арқасында тиісті қаржы жылының аудандық бюджетінің жобасын әзірлейді.

Бұған үш жылдық мерзімге бекіген бюджеттік алулар мен субвенциялар облыс пен ауданның орта мерзімдік жоспарында анықталған аудандық бюджеттің дифицитінің ең шекті мөлшері мен басқада макроэкономикалық көрсеткіштер, сондай-ақ бюджеттік комиссия мақұлдаған алда тұрған қаржы жылында аудан бюджетіне түсетін түсімдердің болжамдық көрсеткіштері кіреді.

7) аудандық бюджет жобасын қалыптастыру (кіріс пен шығыс бөліктерін).

Аудандық бюджетті нақтылау мен түзету мәселелері бойынша аудан әкіміне немесе басшылық жасайтын аудан әкімінің орынбасарына талдау хабарламасы мен анықтамалар дайындайды;

8) тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудандық Маслихаттың шешімінің жобасын әзірлейді;

9) алда тұрған қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы аудандық Маслихаттың шешімін іске асыру туралы және бюджеттік бағдарламалар паспорттарын бекіту туралы аудан әкімдігі қаулыларының жобасын әзірлейді.

10) қаржылаудың жылдық жоспарын кірістің жылдық көлемін теңдестіріп және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландырудың жылдық көлемін анықтау жолымен жылдық қаржылау жоспарын әзірлейді және бекітеді;

11) республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатынан жүзеге асырылатын бюджеттік инвестицияларды жарату барысы туралы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің деректерін жинап, талдап қорытындылай отырып аудан әкімі мен (немесе) басшылық жасайтын аудан әкімі орынбасарына жиынтық хабарлама тізіп апарып береді;

12) аудандық бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың олардың қызметін қамтамасыз етуге бөлінген, облыс әкімдігі бекіткен штат саны мен натуралды нормаларды талдай отырып бюджеттік өтімдері бойынша тұжырымдарды қарайды,бағалайды және дайындайды;

13) аудандық бюджет қаражатынан қаржыланатын органдардың штаттық кестелеріне сараптау жүргізеді;

14)құзыреттігіне сәйкес мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін қызметтер:

- тиісті қаржы жылына аудандық бюджеттің жобасын әзірлеуге, бюджетке өзгертулер және толықтырулар енгізуге, сондай – ақ тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы Шет ауданы әкімдігінің қаулысы жобасын әзірлеуге қатысады;

- Шет ауданының әлеуметтік экономикалық дамуының орта мерзімдік жоспарларын әзірлеуге, құзыреті шегінде аймақтық бағдарламаларды іске асыруға, қамтамасыз ету, әзірлеуге қатысады;

- жергілікті бюджеттің түсімдеріне болжам жасауға қатысады;

- өз құзыретi шегiнде аудандық коммуналдық мүлiктi басқару саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, бекiтедi;

15) бюджетті орындау саласындағы қызметтері:

- аудандық бюджетті орындауды қамтамасыз етеді және оның мүддесін қорғау жөнінде шараларды жүзеге асырады;

- аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне және олардың ведомстволық бағынысты мекемелеріне бюджетті орындау жөніндегі орталық уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекемелердің міндеттер қабылдауына рұқсат береді;

- аудандық бюджетті қаржыландыру және түсімдердің жинақ жоспарын бекітеді және өзгертулер енгізеді;

- аудандық бюджеттен тыс қалған қаржыны өндіріп алу бойынша әкімгерлермен бірлесіп жұмысты ұйымдастырып, жүргізеді;

аудандық бюджет есебінен кредит беру туралы кредиттік келісім жобаларын әзірлеуге қатысады;

Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте бюджет ақшасын басқарады;

заңдылыққа сәйкес аудандық бюджеттің қаржысын игеру мониторингін іске асырады;

құзыреттілігіне сәйкес бюджеттік есепке алуды және аудандық бюджетті орындау бойынша есептемені және басқа есептемелерді қамтамасыз етеді

базарлардағы бір рет пайдаланылатын талонды беру бойынша жұмысты ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, заңдылықтарға сәйкес ауданның базарларында бір рет берілетін талондарды беру тәртібі жобасын аудандық әкімдікте бекітуге енгізеді;

16) аудандық коммуналдық меншікті басқару саласындағы қызмет:

- аудандық коммуналдық мүлікті тиімді және оңтайлы пайдалануын қадағалауды ұйымдастырып, жүргізеді;

- иелік ету, пайдалану жөніндегі, сондай – ақ Шет ауданы әкімдігі белгілеген жағдайда өкілеттігін жүзеге асырады, аудандық коммуналдық меншікті иеленеді, оның ішінде аудандық коммуналдық меншіктегі акционерлік бірлестіктердегі акциялар пакетімен иелік етеді және шаруашылық серіктестігіндегі үлесімен қатысады;

- аудандық коммуналдық меншікті, оның ішінде аудандық коммуналдық меншікке қатысты, заңды тұлғаларға бекітілген мүліктерді есепке алуды жүзеге асырады, оны түгендейді, тізілімін жүргізеді;

- аудандық коммуналдық мүлiктi аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiп бередi;

- шаруашылық жүргізу құқығында мемлекеттік мүлікті бекітеді және аудандық коммуналдық меншікке қатысы бар заңды тұлғаларды қауырт басқарады;

- мемлекеттік мүлікті тиімді және оңтайлы пайдалану, басқару мәселелері бойынша аудандық коммуналдық меншікке қатысы бар заңды тұлғалармен жұмысты жүзеге асырады;

- аудандық коммуналдық меншікке қатысы бар заңды тұлғалар арасында мемлекеттік мүлікті қайтадан үлестіреді;

- құзыреттігі шегінде мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалар органдар жұмысына қатысады;

- келісімдерге қол қояды, сондай – ақ заңдылықтарда қарастырылған жағдайда жалға алу, сенімді басқаруға беру жағдайында, оның ішінде аудандық коммуналдық меншік нысандарының шағын бизнес субъектісінің, сондай – ақ өзге де келісім міндеттерін орындауға, коммуналдық меншікті басқару мәселелері бойынша олардың орындалуын қадағалауды жүзеге асырады;

- аудандық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген негізгі қаражаттарды қабылдап алу беру және шығару мәселелерін келіседі;        

- аудандық коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және тұтынуды жүзеге асырады;

- аудандық мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығына және қауырт басқаруға бекітілген, мүлікті тиімді пайдалануды ұйымдастырып, тексереді;

- аудандық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген, мүлікті мүліктік жалдау (жалға) берудің мониторингін ұйымдастырып, жүргізеді;

- акция, үлесі аудандық коммуналдық меншік нысанындағы, меншік нысандарын, тиімді басқару мониторингін ұйымдастырып, жүргізеді;

- иелікке және мемлекеттік органның пайдалануына берілген аудандық коммуналдық меншіктегі акция пакеттері және қатысу үлестерін басқарудың тиімділігін қадағалауды ұйымдастырып, жүргізеді;

- аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiрудi жүзеге асырады, оның iшiнде жекешелендiру процесiн ұйымдастыру үшiн делдалды тартады, жекешелендiру объектiсiн бағалауды қамтамасыз етедi, жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу-сату шарттарын әзiрлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

- облыс әкімдігі белгілейтін тәртіпте аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз мүлiктiк жалдауға (жалға алуға), сенiмгерлiкпен басқаруға бередi;

- аудандық коммуналдық мүлiктi коммуналдық заңды тұлғаларға өтеусiз пайдалануға береді; басқару

- сенiмгерлiкпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен шарты бойынша мiндеттемелердi орындауын бақылауды жүзеге асырады;

- аудандық коммуналдық меншік нысандарын сенім білдіріп басқару келісіміне сәйкес міндеттерін орындау мәселесі бойынша сенім білдірілген басқарушылардың баяндамасын тыңдап, қадағалайды;

- қатысу акциясы, үлесі аудандық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік емес заңды тұлғаларды және аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінің тиімділігін сараптауды жүзеге асырады;

- мемлекеттік мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру жұмыстарын ұйымдастырады;

- тиiстi саланың уәкiлеттi органының ұсынуы бойынша аудандық мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметтi жүзеге асыратын аудандық мемлекеттiк кәсiпорынның түрiн (шаруашылық жүргiзу құқығындағы немесе қазыналық кәсiпорын) айқындайды және аудандық мемлекеттiк кәсiпорындардың жарғысын, оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бекiтедi;

- тиiстi саладағы мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады, осыларға қатысты иелену құқығы және акцияларын пайдалану немесе қатысу үлестері әкімдік шешіміне сәйкес бөлімге берілген болса*(*мемлекетік үлесі бар ведомстваға қарасты КМҚК, КМК, АҚ және ЖШС болған жағдайда );

         - аудандық коммуналдық заңды тұлғаға берiлген немесе шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде ол ие болған мүлiктi тиiстi саланың уәкiлеттi органымен келiсiм бойынша алып қоюды немесе қайта бөлудi жүзеге асырады;
         - мемлекеттiк мүлiктiң нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелерi бойынша анықталған, аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкiн, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиiстi саланың уәкiлеттi органының келiсiмiнсiз алып қоюды жүзеге асырады;

- аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынға алып қойылған мүлiктi күтiп ұстау және оны кейiннен баланстан шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейiн сақталуын қамтамасыз ету мерзiмiн белгiлейдi;

- тиiстi саланың уәкiлеттi органына аудандық коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келiсiм бередi;

- аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынға бекiтiлiп берiлген мүлiктi (ол өндiрген өнiмдi сатуды қоспағанда) иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге, филиалдар мен өкiлдiктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешектi беруге және есептен шығаруға келiсiм бередi;

- аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргiзедi;

- аудан әкімдігіне тиесiлi акцияларға дивидендтердiң уақтылы және толық есептелуiне және олардың төленуiне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесi аудан әкімдігіне тиесiлi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң қатысушылары арасында таза табыстың бөлiнуiне бақылауды жүзеге асырады;

- аудандық коммуналдық кәсiпорындардың, облыс әкімдігі қатысатын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жұмыс iстеуi мен оларды басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингiн ұйымдастыруды және жүргiзудi жүзеге асырады;

- жалғыз акционерi (қатысушысы) облыс әкімдігі болып табылатын акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) тиiстi директорлар кеңесiнiң (байқау кеңесiнiң) құрамына өз өкiлiн тағайындайды, ал облыс әкімдігі қатысатын өзге де акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде – директорлар кеңесiне немесе байқау кеңестерiне кандидатураны акционерлердiң немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына бекiтуге ұсынады;

- аудандық бюджет қаражатынан қамтамассыз етілетін мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығаруды келістіреді;

- аудандық коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен иесi жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүлiктiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтеусiз өткiзiлген иесiз қалған мүлiктiң, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердiң үлестерiн есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрi пайдалануды ұйымдастырады;

- аудандық коммуналдық мүлiк объектiлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген, облыстың жергiлiктi атқарушы органының алдын ала келiсiмiмен жекешелендiру жүргiзiлуi мүмкiн аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органының алдын ала келiсiмiн алады;

17) мемлекеттік сатып алу саласындағы қызмет:

- аудандық бюджет қаражаттарын игеру монитроингін және мемлекеттік мекемелер, органдар және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру монитроингін жүргізу бойынша жұмыстар ұйымдастырады.

- «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру бойынша сауда-саттық өткiзу туралы хабарламаны жариялау үшiн мерзiмдi баспа басылымын айқындау жөнiнде конкурс өткiзедi;

16.Бөлімнің өзіне артылған міндеттерді орындау мен өз функцияларын іске асыру үшін, заңдармен белгіленген тәртіппен мынадай құқықтары бар;

         1) аудан әкімі мен әкімдігіне аумақтық әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныс түсіреді;

         2) жергілікті атқарушы органдардың орта мерзімдік жоспарларды жүргізу мониторингін іске асырады;

         3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардан және жеке тұлғалардан керекті мағлұматтар мен құжаттарды сұрастыруға және алуға.

       4) сараптама өткізу және кеңес алу үшін облыстық (келісім бойынша) және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын тартуға;

       5) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген басқада өкілеттіктерді атқаруға.

6) Мемлекеттік мүлікті басқару бойынша шынайы және объективті талдау жасау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан, акционерлік қоғамдардан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден мелекеттік қатысуымен сұратады және алады;

7) Аудандық әкімдікке бюджеттік бағдарламаны іске асыру мониторингінің барысында бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік қаржыны толық игере алмау туралы, толық игере алмау себебі және бағдарламаны іске асыру жөнінде ұсынысы көрсетіліп ақпарат беріледі; аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері бюджеттік қаражаттарды игеруді қаржыландыру жоспарынан кешігу деректері бойынша; тиісті бюджеттік комиссияларға жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық жоспарлы тағайындауларды қайтадан қарау қажеттігі туралы ақпарат береді;

8) Секвестр қою көзделген бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша заңдылықтарда қарастырылған жағдайда төлем жасауды жүзеге асыру тоқтатылады;

9) Аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерімен келісім жасау бойынша түсімдердің болжамдағы көлемін есепке алып бюджеттік бағдарламалар бойынша (кіші бағдарлама) төлем жүргізудің айлық кестесіне өзгерту енгізіледі;

10) Аудандық коммуналдық меншікті заңдылықта белгіленген актілермен иелену, иелік ету, пайдалану;

11) Бөлімнің қарауындағы аудандық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы қызметін атқарады;

12) Құзыреттілігіне сәйкес қадағалау қызметін атқарады;

13) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген басқада өкілеттіктерді атқаруға.

17. Бағыныстылық ұйымдары жоқ, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің міндеттері:

           1) Мемлекеттік мүлікті басқару саласында өзінің шектеулі құзырында нормативтік-құқықтық актілерді дайындайды және бекітеді, мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға ұсыныс дайындайды;

         2) Мемлекеттік мүлікті объективті талдап, дұрыс басқару үшін, мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік органдардан, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден ақпарат алады.

3) Шығындар бойынша бюджеттің орындалуы, түзетілген бюджет немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген қаржы шегінде бюджеттік бағдарламалардың толық және мерзімінде орындалуына бағытталған шараларды іске асырады;

4) Құзыреті шегінде бір рет пайдаланылатын талондар беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, коммуналдық меншікті басқару, бюджетке коммуналдық меншікті жалға беруден түсетін түсімдерді толық және мерзімінде енгізуді қамтамасыз ету бөлігінде, түсімдер бойынша бюджеттің орындалуын, тиісті қаржы жылына сәйкес жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен белгіленген мөлшерден төмен емес бір рет берілетін талондар беруден қаржы жинауды ұйымдастыру;

5) Аудандық коммуналдық меншікті ұтымды және тиімді басқаруды қамтамасыз ету, коммуналдық меншіктегі мүлікті бағалауды және тұтынуды, есепке алу, сақтауды ұйымдастыру;

6) Жергілікті бюджетті орындау үрдісін жетілдіру, бюджеттік бағдарламалау әдісін енгізу, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың және ақша қорын басқарудың тиімділігін бағалау;

         7) Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен, Қазақстан Республикасының басқада Заңдарымен анықталған өзгеде өкілеттілікті жүзеге асырады.

 

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

18.  «Шет  ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шет ауданы әкімдігі болып табылады. Уәкілетті органы «Шет ауданының Әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады және де Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Бөлім жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

2) Бөлімнің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, Бөлімнің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

3) Бөлім басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

4) Бөлімнің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

5) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады (жергілікті атқарушы орган коммуналдық мемлекеттік мекемеде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды);

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

19.Бөлімдегі басшылықты бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

20. Бөлімнің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. Басшы болмағанда оның міндеттерін бас маман атқарады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тәртіп бойынша басшының еңбек демалысы аудан әкімінің келісімі бойынша жүзеге асырылады. Бөлім басшысына Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, қызметіне басшылық жасау, Бөлімге жүктелген міндеттерді және функцияларды орындауға тікелей жауапкершілік жүктеледі және Бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл үшін дербес жауаптылықта болады.

22. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Бөлім қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және босатады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлім қызметкерлерін мадақтау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдануын жүзеге асырады;

өз құзыреті шегінде Бөлімнің барлық қызметкерлеріне орындауға бұйрықтар шығарады, туындаған сұрақтарға нұсқаулар береді;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік мекемелерде және де басқа да ұйымдарға меншік иелігіне қарамастан Бөлім атынан өкілдік етеді;

Бөлімнің келешектегі және ағымдағы жұмыстардың жоспарларын бекітеді.

Бөлім қызметкерлерінің функцияларын және өкілдігін белгілейді.

23. Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

 

 

 

 

               4.Бөлімнің жұмыс тәртібі мен еңбек ұжымымен өзара қатынасы

24. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.      

25. Бөлім мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының  Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

5. Бөлімнің мүлкі

 

26. Мемлекеттен берілген мүліктен, негізгі және айналымдық қордан қалыптастырылған, және де басқа да Бөлім теңгерімінде құндылығы көрсетілген мүлкіне оқшауланған жедел басқару құқығы бар. Бекітілген мүлкі бойынша Бөлім құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.

27. Бөлім атына бекітілген мүлік ауданның коммунналдық меншігіне жатады.

28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

6. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

 

29. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Келулердің саны: 4520


Жоғары