print

«Шет ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ауданның қаржы бөлімі


1.Жалпы ережелер

1. «Шет ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық бюджеттен қаржыланатын, өзінің  құзіреті шегінде бюджетті атқару, аудандық коммуналдық меншікті басқару мен жекешелендіру салаларындағы  мемлекеттік саясатты жүзеге  асыруды қамтамасыз етуші атқарушы орган болып табылады.
2. Бөлім өз жұмысын Қазақстан Республикасын Конституциясы, заңдары, Призиденттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, аудан әкімі мен әкімділігінің актілеріне, басқада нормативтік-құқықтық актілерге  сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүргізіледі.
3.Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде  өз атауы жазылған мөрі, мөртабандары және белгіленген  үлгідегі бланктері, заңдарға сәйкес Қазынашылық органда шоттары болады.
4. Бөлім өз атынан азаматтық-құқықтық  қарым-қатынастар түсе алады. Бөлім, егер оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілеттілік  берілсе  мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатанастардың тарабы болуға құқылы.
5. Бөлімнің ішкі құрылымы мен шекті штаттық саны Шет ауданының әкімдігі бекітеді.
6. Бөлімнің заңды мекен жайы: п\и 101700-Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы; Шортанбай жырау көшесі 10 үй.
7. Бөлімнің толық атауы: «Шет ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
8. Бөлімнің құрылтайшысы – Шет  ауданының әкімдігі болып табылады. Бөлімнің құрылтайшыс құжаттары аудан әкімдігінің бөлімді қайта ұйымдастыру туралы қаулысы мен осы Ереже болып табылады.
9. Бөлімнің қызметін қаржыландыру  аудандық бюджеттен жасалады. Бөлімге өз функциялары болып табылатын міндеттемелерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілері мен келісім-шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
Егер Бөлімге заң актілерімен кірістер әкелетін қызметпен шұғылдану  құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен табыстар мемлекттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2.Негізгі міндеттері мен функциялары

10.Бөлімнің негізгі міндеттері  мыналар болып табылады:
1) аудандық бюджетті атқару, аудандық коммуналдық меншігі басқару  мен жекешелендіру саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
2)бюджетті шығыстары бойынша атқару, тиісті қаржы жылына немесе түзетілген бюджетке жергілікті бюджет туралы Мәслихат шешімімен  бекітілген сомалардың шегінде бюджеттік бағдарламалардың  толық және уақтылы орындалуына бағытталған шараларды жүзеге асыру;
3) өз құзіретінің шегінде коммуналдық меншікті жекешелендіруді ұмымтастыру, коммуналдық меншікті жекешелендірумен түсетін түсімдерді толық және дер кезінде есептен еіріске алу.
4) аудандық коммуналдық меншіктің ұтымды және тиімді басқарылуын қамтамасыз ету, коммуналдық меншікке түскен мүліктік есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу;
5) бөлінген қаржыландырудың дер кезінде игерілуін қамтамасыз ету;

11. Бөлім заңдармен белгіленген тәртіппен келесі фукцияларды жүзеге  асырады:
1) Өз құзіреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін  функциялар:
Тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеуге, сондай-ақ тиісті  қаржы жылына арналған бюджет туралы аудандық Мәслихаттың шешімін іске асыру туралы Шет ауданы әкімдігінің   қаулысынының жобасын әзірлеуге қатысады.
Шет ауданының әлеуметтік-экономикалық дамунының орта мерзімдік  жоспарларын әзірлеуге қатысады, өз құзіретінің шегінде аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге қатасады.
Нормативтік құқтық актілерді қолдану тәжербиесіне талдау жасауды, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар даярлауды, өз құзретінің шегінде шегінде аудандық Мәслихаттын, әкім мен әкімдіктің нормативтік құқтық актрілерінің жобасын жасап дайындауды жүзеге асырады.
2) Бюджетті орындау саласындағы функциялар:       
аудандық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді және оның мүдделерін қорғау шараларын жүзеге асырады;
түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын тәртіппен міндеттемелермен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.
түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына,Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын тәртіппен жылдық сомаларды қоса алғандағы міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландырудыңжиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді:
түсімдердің болжамдық ескеріп, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) ибойынша төлемдерді жүзеге асырудын айлық кестесіне белгіленген тәртіппен өзгерістер енгізеді:  
бюджетті атқару бойынша облыстық уәкілетті органға түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын тапсырады:
Мемлекеттік мекемелердің қарамағында қалатын тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер мен ақша шығындарының бағдарламалар әкімгерлері бекітетін жоспарымен келіседі
Аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне және оларға бағынышты мекемелерге бюджетті атқару бойынша облыстық уәкілетті орган белгіленген тәртіппен мемлекеттік міндеттемелер қабылдауына рұқсат береді, 
Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіппен бюджеттік ақшаларды басқарады,
Қолданыстағы заңдарға сәйкес аудандық бюджет қаржысын игеру мониторингін жүзеге асырады;
Бюджеттің атқарылуы кезінде бюджеттік бағдарламалардың бағалауды іске асырады;
Бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін әрі қарай көтеру немесе әрі қарай іске асырудың мақсатқа сәйкестігі жөніндегі ұсыныстар жасайды;
өз құзіреті шегінде аудандық бюджетті орындау бойынша бюджеттік есепті жүргізуді және есептілікті, басқада есеп беруді іске асырады
аудандық бюджет есебінен несие беру туралы несиелік келісімнің жобасын дайындауға қатысады;
әкімшілермен бірге аудан бюджетінен басқа жаққа кетіп қалған қаржыларды өндіру жұмысын ұйымдастырады;
3) Аудандық комуналдық меншікті басқару және жекешелендіру саласындағы функциялары;
Аудандық комуналдық меншігін басқарады және оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады, ауданнын комуналды меншігі мен мүліктік құқығын қорғау мүдделерін білдіреді, меншікті иеленеді және белгіленген жағдайда аудандық коммуналдық меншікке билік жүргізеді;
Ауданнын коммуналдық меншігін, соның ішінде ауданның коммуналдық меншігіне жатқызылған, заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті есепке алады оған түгендеу жүргізеді, белгіленген тәртіппен аудандық коммуналдық меншіктің тізілімін жасайды;
Тиісті органдармен бірлесіп иесі жоқ және меншік құқығы бекітілмеген нысандарды анықтайды, олардың мемлекеттік тіркеу органдарына тізімге қойылуын қадағалайды және аса маңызды мүліктерді ауданнын коммуналдық меншігіне қайтарады;
Коммуналдық меншік активтеріне тартылған иесіз нысандарды ауданнын әлеуметтік және экономикалық мүделері үшін пайдалануға ат салысады, оларды тиімді пайдалану жолдарын анықтайды;.
Ауданнын комуналдық меншігіне жататын мекемелермен және кәсіпорындармен мемлекеттік меншікті басқару, тиімді және ұтымды пайдалану мәселелері бойынша жұмысты жүзеге асырып, оларға қатысты мемлекеттік меншік құқық субъектісі функциясын іске асырады;
Ауданнын коммуналдық меншігіне жататын мемлекеттік мүлікті шаруашылық жүргізу мен шұғыл басқару құқығымен занды тұлғаларға бекітеді;
Занды тұлғалар арасында ауданнын коомуналдық меншігіне жататын мемлекеттік мүліктерді қайтадан бөледі;
Ауданнын мемлекеттік заңды тұлғаларына бекітілген негізгі құралдарды қабылдау- тапсыру және есептен шығару мәселелерін шешеді;
Ауданның коммуналдық (мемлекеттік) меншігіндегі активтерді есептен шығарады;
Заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу және шұғыл басқару құқығымен бекітілген мүліктің  тиімді пайдаланылуын ұйымдастырады және тексерістер жүргізеді;
Қолданыстағы заңдарға сәйкес ауданның коммуналдық меншігіне түскен мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және өткізуді іске асырады;
Заңмен қаралған жағдайларды есепке алмағанда, қолданыстағы заң бойынша жекешелендіруді іске асырады, аудандық коммуналдық меншікті сату алдындағы дайындықты ұйымдастырады;
Коммуналдық меншікті жекешелендіру мәселесінде, заңдармен қаралған жағдайда коммуналдықменшікті жалға, сенімгерлік басқаруға беру бойынша шарттарға қол қояды және олардын орындалуын бақылайды, мұның ішінде аудандық коммуналдық нысандарынкіші бизнес субъектілеріне беру де кіреді, сондай-ақ басқада шарттық міндеттемелерді орындайды;
Аудандық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүліктерді мүліктік жалға беру мониторингін ұйымдастырып жүргізеді;
Аудандық коммуналдық меншік нысандарын сенімгерлік басқаруға беру туралы шарттарға сәйкес сенімгерлік басқарушыларды өдерінің міндеттемелерін орындауы бойынша бақылау жасайды және тыңдайды.
Акциялары, қатысу үлестері аудандық коммуналдық меншікке жататын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жұмысының тиімділігіне сараптау жасауды жүзеге асырады.    

3. Құқықтар

12.Бөлімнің құқығы бар:
1) бөлімге жүктелген функцияларды атқару үшін заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзгеде ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажет ақпараттар сұрастыруға және алуға;
2) бюджеттік бағдарламаларды орындау мониторингі барысында бағдарламалар бойынша бюджеттік қаржылардын игерілмеу себептері мен бағдармаларды іске асыру  туралы ұсыныстарды аудан әкімдігіне, бюджеттік қаржыларды игерудің жоспарынан қалып қою фактісі бойынша аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық  жоспарлы тағайындауларды қайта қарау қажеттігі туралы бюджеттік коммисияға ақпарат жіберуге;
3) заңдармен көзделген жағдайларда секвестрлеу ұйғарылған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдер жасауды тоқтатуға;
4)аудандық бюджеттік бағдарлама әкімгерлерімен келісе отырып түсімдердің болжамдық көлеміескеріліп, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдер жасаудың айлық кестесіне өзгерістер енгізуге;
5)ауданның меншігіне иелік етуге, пайдалануға, сондай-ақ заң актілерінде белгіленген жағдайларда билік етуге;
6) бөлімнің жетегіндегі аудандық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді мемлекеттік басқару органының функцияларын атқаруға;
7) өз құзыретіне сәйкес бақылау функциясын жүзеге асыруға құқығы бар.

4. Мүлкі

13. Бөлімнің жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкі бар.
Бөлімнің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің, сондай-ақ құны бөлімнің баланысында көрсетілген өзгеде мүліктің есебінен қалыптасады.
14. Бөлімге бекітілген мүлік ауданның комуналдық меншігіне жатады.
15. Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражаттардың есебінен сатып алынған мүлікті, егер заң актілерінде басқаша белгіленбесе, өз бетімен шығарып тастауға немесе өзге тәсілмен ұстап жұмсауға құқығы жоқ..

5. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 16. Бөлімді қызметке Шет ауданы әкімі тағайындайтын және одан босататын менгеруші басқарады.
Бөлім менгерушісінің аудан әкімінің басшылық жасайтын орынбасары мен келісіп тағайындайтын және босататын орынбасары бар.
17.  Бөлім менгерушісі  мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және бөлімге  жүктелген міндеттер мен өзінің функцияларын жүзеге асыруда дербес жауап береді.
18. Бұл мақсатта меңгеруші:
1)   Өз орынбасарының және Бөлімнің құрылымдық бөлімдер басшыларының, құрылымдық бөлімдер болмаған  жағдайда қызметкерлердің  міндеттері мен өкілеттерін анықтайды; 
2)   Заңдарға сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және босатады;
3)   Заңдарда белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4)  Өз құзыретіне сәйкес бұйрықтар шығарады;
5)  Шет ауданның әкімдігі бекіткен штаттық сан лимиті шегінде Бөлімнің құрылымы мен штаттықсанын бекітеді;
6)  Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда Бөлім атынан өкілеттік етеді;
7)  Заңдылықтарға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Бөлімнің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамассыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреттері мен өкілеттіктері белгіленген тәртіппен бекітілген құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен, қызметшілердің функционалдық міндеттері мен анықталады.

6. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

20.  Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.


Келулердің саны: 3667


Жоғары