print

«Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1. Жалпы ережелер

 

1. «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Егер «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101700, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау, 24 үй.

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

14. «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары салаларында мемлекеттік саясатты және тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

15. Міндеттері:

тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қызметін үйлестіру;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;

жергілікті деңгейдегі жолдарды ұстау және жөндеу, қайта құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылау;

апатты және көне тұрғын үйді бұзуды ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жеке категорияларын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

кондоминиум нысандарының ортақ мүлкіне техникалық тексеруді ұйымдастырады;

кондоминиум нысандарының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, мерзімі мен кезегін анықтайды;

кондоминиум нысанын басқару органы ұсынған кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге тұрғын үй көмегінің қатысы бар шығындар сметасына келісім береді;

кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады.

16. Функциялары:

ауданның энергетикалық кешенінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының, сумен жабдықтау, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдарын дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарламалар әзірлеу;

меншік нысанына қарамастан коммуналдық кешеннің кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру;

жылу беру көздерінің, жылу, су, кәріз құбырлары мен электр желілерінің, жолаушыларды тасымалдау кешендерінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету және аудан тұрғындарын сапалы коммуналдық қызметтермен қанағаттандыруға бағытталған жұмыс кешенін үйлестіру;

тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету нысандарының, тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени нысандарының қысқы маусымға дайындауға қажетті жұмыс көлемін, қаржыландыру көздерін анықтау, инвестиция тарту, бюджеттік несиелендіру іс-шараларын үйлестіру;

өз құзыреті шегінде инженерлік инфрақұрылым нысандарын пайдалану және аудан тұтынушыларын коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуына бақылау жасау;

Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдармен және тағы басқа да кәсіпорындар мен ұйымдармен, сонымен қатар мекемелермен бірлесе әрекет ете отырып аудан және елді-мекендер аумақтарын санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын үйлестіру;

пәтер иелері кооперативтерімен, үй комитеттерімен, кондоминиум нысанын және басқа да басқару нысандарына қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін әдістемелік жұмыстар жүргізу;

энергияны үнемдеуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу, энергия үнемдеуге бағытталған жаңа технологияларды енгізу;

тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарында) жылу, энергия, газ және су ресурстарын жалпы үйге есепке алу құралдарының болуын бақылауды жүзеге асыру;

кондоминиум нысанының үй-жай меншік иелерінің ортақ мүлік пен және инженерлік қондырғылардың техникалық жағдайына, нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп ұстауына және жөндеу жұмыстарының уақытында жүзеге асырылуына бақылауды жүзеге асыру;

тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау;

аудан территориясындағы тасымалдауды жүзеге асыратын және меншік формасына қатысты емес жолаушыларды тасымалдау кәсіпорыны жұмысын, шартта қарастырылған функцияларды орындау, тарифтерді сақтаумен жүкті және жолаушылар тасымалдау ережесін орындауды мониторингісін жүзеге асырады;

жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды ұйымдастырып өткізеді;

жергілікті деңгейдегі жолдардың құрылысы, жөндеуі және күтімі бойынша жұмыстар ұйымдастырады;

тұрғын үй инспекциясының қызметтік тұлғаларымен кондоминиум нысанының жалпы мүлігіне тексеріс жүргізеді;

тұрғын үй көмігінің қатысуымен қаржыланатын, басқарма органымен берілген кондоминиум нысаны, кондоминиум нысанының жалпы мүлігіне күрделі жөндеудің жеке түрлерін өткізуге смета шығындарын келісу;

17. Құқықтары мен міндеттері:

«Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардан, аудандық комитеттер мен басқармалардан, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардан қажетті ақпараттарды сұрастыруға және алуға;

өз құзыреті шегінде «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген функцияларға сәйкес, іс-шараларды жүзеге асыру және өз құзіреті шегінде жекелеген сұрақтарды шешу мақсатында меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарға материалдарды дайындауды тапсыруға, басқа басқармалар мен ұйымдар басшыларының келісімімен олардың қызметкерлерін тарту жөнінде ұсыныстармен шығуға;

аудан әкіміне, әкімдігіне және аудандық мәслихатқа өз құзыретіне қатысты сұрақтарды шешу жөнінде ұсыныстар беруге;

облыстық және республикалық деңгейлерде шешілетін сұрақтарға байланысты сәйкес ведомстваларға ұсыныстар енгізуге;

өз құзыреті шегінде басқару органдарына, кәсіпорындар мен ұйымдарға жүзеге асыру үшін әдістемелік нұсқаулар мен түсіндірмелер жасауға;

белгіленген тәртіп бойынша құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындар басшылары мен мамандарын тарта отырып, жиналыстар өткізуге;

мекеменің құзыретіне жататын сұрақтар бойынша сотта талапкер, жауапкер және үшінші жақ болуға.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

18. «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Шет ауданының әкімі «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

21. «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіліктері:

өз құзыреті шегінде «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі орынбасарының, сектор меңгерушілерінің, мамандарының міндеттері мен өкілеттіліктерін белгілейді;

заңнамаға сәйкес «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

заңдарда белгіленген тәртіппен «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

«Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі актілеріне қол қояды;

«Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің переспективалық жұмыс жоспарларын бекітеді;

мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі атынан әрекет етеді;

«Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

22. «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

«Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамады өзгеше көзделмесе, «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

25. «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Келулердің саны: 4353


Жоғары