print

«Шет ауданының жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ауданның жер қатынастары бөлімі
1. Жалпы ережелер

1.1,  «Шет ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі мекеме деп аталады.
1.2.  Мекеменің ресми атауы «Шет ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
1.3.  «Шет ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер қатынастарын басқару, реттеу және қорғау міндеттері жатады.
1.4.  Ауданның жер қатынастары бөлімінің құрылтайшысы Шет ауданының әкімдігі.
1.5.  Мекеменің заңды мекен-жайы: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау көшесі №26 үй, индекс: 101700.

2.Мемелекеттік мекеменің заңдық мәртебесі.

2.1.  Мекеме мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға болып табылады. Мекеменің құқықтық жайы Қазақстан Республикасының заңдарымен, осы Ережемен анықталады.
2.2. Мекеменің өз атымен іс-әрекет жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес мүмкіндіктер алуға құқылы, сотта талапкер және жауапкер болуға міндетті.
2.3. Мекеме өз қызметінің мақсатында және жедел басқару құқығы негізінде мүліктер белгілеуге сәкес өз мүмкіндіктеріне иелік жасайды.
2.4.  Мекеменің дербес балансы бар, меншік иесін қаржыландыру негізінде жұмыс жасайды.
2.5.  Мекеме өз міндеттері бойынша қаржылай жауап береді. Мекеменің қаржысы жетпеген жағдайда, оның міндеттері үшін меншік иесі жауапты.
2.6.  Мекеменің аты жазылған дөнгелек мөрі, банк мекемелерінде жеке есеп шоты және басқада қажетті реквизиттері бар.
2.7.  Мекемені қаржыландыру Мекеменің қызметі туралы Ережеге сәйкес жүргізіледі.

3. Мемелекеттік мекеменің функциялары мен міндеттері

3.1.  Мекеменің мақсаты:
-  Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Азаматтық кодексіне, Жер кодексіне және басқа да заңдарына, Қазақстан Республика Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес, жер қатынастары жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау, жерге орналастыру жөніндегі шараларды дайындау мен жүзеге асыру,
-  Ауданның жер қатынастары саласында мүддесін қорғау.
-  Аудан көлеміндегі жерлердің есбін жүргізу, пайдалану мақсатында санаттарға, алқаптарға жатқызу, меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер көлемдері бойынша жыл сайынғы жер балансы есебін дайындау.
3.2.  Мекеменің қызмет бағыты:
-  Аудандағы жер пайдалану сұраныстарына сәкес, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру.
-  Жер қатынастарын реттеу, жерлерді өз мақсатында пайдалану және қорғау, берілетін жер теліміне қатысты ауданның жергілікті атқарушы органдарымен, мекемелер арасында өз – ара келісу байланысын ұйымдастыру.
-  Аудандық әкімшілік аумағындағы, жер пайдаланушылар арасындағы шегаралық өзгерістерді анықтайтын құжаттар мен карталарды жүргізу. 
-  Жер пайдалану құқығын растайтын құжаттарды растап беру.
-  Жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қарасты аудандық  бағдарламаларға, ғылыми-зерттеу және жобалық іздестіру жұмыстарына қатысу мен оны жүзеге асыру.

4. Мемлекеттік мекеменің құқықтары мен міндеттері.

4.1.  Мекеменің меншік иесі (оның мүліктерінің иесі) басқару құқығын мекеме басшысына бере алады. 
4.2.  Мекеме басшысын жалдағанда (тағайындағанда) меншік иесімен келісім шарт (контаркт) жасалынады. Онда мекеме басшысының меншік иесі мен еңбек ұжымымен алдындағы құқығы, міндеті мен жауапкершілігі анықталады.
4.3.  Мекеме басшысы меншік иесіне есеп береді, оның шешімдерінің орындалысын ұйымдастырады.
4.4.  Мекеме басшыс меншік иесі құзырымен шешілетін сұрақтардан басқа Мекеме қызметіне қатысты барлық сұрақтары бойынша қабылданады.
4.5.  Мекеме басшысы аумақтық және ведомствалық бағыныштылықтағы мемлекеттік, атқарушы органдарда, сотта, шаруашылық нысандарда, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда Мекеме мүддесін сенім хатсыз қорғай алады.
4.6.  Мекеме меңгерушісі, мекеме басқаруға құқылы және міндеттемелері үшін жауапты:
- Банктен есеп - шот ашуға және есеп шот құжаттарын бірінші қолмен өткізуге құқылы;
- Бұйрықтар мен құзырнамаларға қол қоюға;
- Заңды және жеке тұлғалар мен келісім – шарт жасауға;
- Өз мүмкіндігі шегінде мекеме мүлкін пайдалануға;
- Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы заңына» сәйкес жұмысқа қабылдауға, босатуға:
- Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік шаралармен қамтамасыздандыруға;
- Мекеменің ішкі тәртіп Ережелерін бекітуге;
-Қазақстан Республикасы Заңдарымен, мемлекеттің нормативтік актілерін сақтауға міндетті.
4.7.  Меншік иесінің құзырына мыналар кіреді:
- Ережеге өзгерістер енгізу;
-  Мекеме басшысына тағаайындау және қызметтен босату, мүліктік жауапкершілік туралы шешім шығару;
-  Мекеменің ұйымдастыру құрылымын аяқтау;
-  Мекемен қайта құру және жою туралы шешім қабылдау, жою комиссиясын белгілеу, жою балансын бекіту.

5. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру және қаржыландыру тәртібі.

5.1.  Мемлекеттік мекеменің мүлкі мемлекеттік меншік құқығының объектісі болып табылады.
5.2.  Мемлекеттік мекеменің мүлкін негізгі қорлармен айналымдағы қаражаттар, сондай-ақ бағасы Мекеменің дербес балансында көрсетілген басқа да тауарлық – материалдық құндылықтар құрады. Мекеме мүліктің иесінің келісімімен осы мүлікті иеленуге, пайдалануға және оны қалауынша пайдалану құқығын жүзеге асырады.
5.3.    Мемлекеттік мекеменің мынадай жағдайда құрылады:
5.3.1. Меншік иесінің берген мүлкі.
5.3.2. Заңдылықтармен тыйым салынбаған өзге де табыс көздері.
5.3.3. Мүліктің құрамына оның қызметке арналған мүліктің барлық түрлері, оның ішінде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлік және мүкамалар, жер учаскесінің құқығы тағы басқалар кіреді.
5.4.  Мемлекеттік мекеме меншік иесінің рұқсатынсыз алып-сату, алмастыру, сыйлау шарттары, өзге де келісім негізінде негізгі қорларға жататын мүлік ақшалау, сатып алу, сондай-ақ банктік несиелерде пайдалануға құқылы емес.
5.5.  Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен қызметкерлерге арасындағы еңбек қатынастары, «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» Заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мкмлекеттік бюджеттен қаржыландыратын қызметкерлерге еңбек ақы төлеудің бір тұтас жүйесі туралы» Жарғысымен реттеледі.
5.6.  Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің еңбек ақы қорына аудандық Мәслихат бекітіп берген көлемінде, аудандық әкімдік белгілейді. 
5.7.  Жұмыс кестесі еңбек заңдылықтарына қарастырылған, кепілдіктері ескеріліп белгіленеді.
5.8.  Қаржылық – шаруашылық әрекеттерді талдау үшін мемлекеттік мекеме 
5.9.  Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық әрекетін бақылауды өкілетті органдар жүзеге асырады.

6. Мекемені қайта құру және жою.

6.1. Мекемені қайта құру мен жою Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес іске асырылады.


Келулердің саны: 5171


Жоғары