print

«Шет ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ауданның ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі

1.Жалпы ережелер

1.1 «Шет ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (әрi қарай – мемлекеттiк мекеме) Шет ауданының атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімі болып табылады және өз өкілеттігі шеңберінде ведомоствалық бағыныстағы аймақтарда агроөнеркәсiптiк кешен жүйесiнiң  және ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады.
1.2. Мемлекеттiк мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерін, облыс және аудан әкімінің қаулылары мен өкімдерін осы Ережені сондай-ақ, ведомоствалық нормативтік актілерін басшылыққа алады және өз жұмысын жергілікті жерлердегі мемлекеттік билік және басқару органдарымен өзара тығыз әрекетпен жүзеге асырады.
1.3. Мемлекеттiк мекеменiң толық атауы:
Мемлекеттiк тiлде: - «Шет ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi; 
Орыс тiлiнде: - Государственное учреждение «Отдел сельского хозяйства и ветеринарии  Шетского района».
1.4. Қарағанды облысы Шет ауданының әкімдігі мемлекеттік мекемені құру туралы қаулы қабылдайтын, мемлекет атынан мекеменің құрылтайшысы сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік мекемені басқару органы (әрі-қарай Уәкілетті орган) болып табылады.
1.5. Мемлекеттік мекеменің мекен- жайы; 101700, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай Жырау көшесi, 26

2.Мемлекеттiк мекеменiң заңдық мәртебесi

2.1.Мемлекеттiк мекеме мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап  заңды тұлғаның құқығына ие болады.
2.2.Мемлекеттiк мекеме дербес балансы, заңдарға сәйкес банктерде шоттары, мемлекеттiк және орыс тілдерінде өз атауы жазылған бланкілері, мөрлері және мөр таңбалары болады. 
2.3. Мемлекеттiк мекеме бекiтiлген тәртiп бойынша  мемлекеттiк меншiктi басқару, иелену, пайдалану құқығы берiлген мекмелерден басқа заңды тұлғаларға құрылтайшы бола алмайды және құра алмайды.
2.4.Мемлекеттiк мекеме мiндетiне сәйкес өзiнiң иелiгiндегi қаржыға жауап бередi. Мемлекеттiк мекеменiң қаржысы жетпеген жағдайда мекеменiң мiндеттемесiн Уәкiлеттi орган атқарады.
2.5.Мемлекеттiк мекемемен жасалатын азаматтық – құқықтық келiсiмдер Қазақстан Республикасы Үкiметiмен анықталған тәртiп бойынша рәсiмделедi.
Мемлекеттiк мекеменiң  келiсiм мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi, мемлекеттiк мекеменiң сметасы шегiнде болады.

3.Мемлекеттiк мекеменiң негiзгi функциялары мен мiндеттерi.

3.1.Мемлекеттiк мекеменiң айналысатын функциялары мен мiндеттемелерi, ауданда Аграрлық саясат және ветеринария саласында нарық қатынастары жағдайында және ауданының ауыл шаруашылық аумақтарының өркендеу саясатын жүргізу болып табылады. 
3.2. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуды жүзеге асырауда мемлекеттiк мекеме мынадай функцияларды орындауды қамтамасыз етедi:
3.2.1. Ауыл шаруашылық секторын дамытудың тұжырымдамасын iске асыру, болжау тенденцияларын талдау және  оның келешегiн анықтау.
3.2.2.Нарықтық инфрақұрылымды, сервистiк, материалдық- техникалық  қамтамасыз етудiң желiсi мен қызмет  түрiне, ауыл шаруашылық  кешенiн ақпараттық  қамтамасыз етуге  көмек  көрсету;
3.2.3.Маркетингтiк зерттеу және ауыл шаруашылық шикiзаттарын қайта 
өңдеу, өнiмдердi сыртқы мен iшкi нарық конъюктурасы жөнiндегi нарық қатынастарына қатыстыру.
3.2.4.Ауданда азық-түлiкпен  қамтамасыз етуде қолдағы өндiрiстiк басымдықтарды тиiмдi  пайдалану , ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiретiн өндiрiстер санын көбейту бойынша бағдарламалар мен кеңестер  өткiзу.
3.2.5.Тұрлаусыздықты алдын ала  ескерту және  ауыл шаруашылық ұйымдарына қатысты банкроттық туралы заңдылықтарды iске асыру бойынша мемлекеттiк саясат саласында бақылау жүргiзудi қамтамасыз ету.
3.2.6.Барлық меншiк нысанадағы шаруа құрылымдарын сапалы және жоғыры өнiмдi тұқымдармен қамтамасыз ету.
3.2.7.Кәсiпорындардың қаржылық тұрақтылығын арттыру жөнiндегi шаралар жүйесiн әзiрлеуде қажеттi кеңестiк көмек көрсету, лизингтiк қордың, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қаражаттарын тиiмдi пайдалануға жәрдем көрсету.
3.2.8.Жерлердi пайдаланудың тиiмдiлiгiн  арттыру, егiстiк  алқаптарының құрылымын жетiлдiру  жөнiндегi шараларды  әзiрлеу мен жүзеге  асыруға көмек көрсету, аудандық ауыл шаруашылық және өндiрiстiк салаларында суды пайдалану жоспарларын  дайындауға қатысу.
3.2.9.Қазақстан Республикасы  ауыл шаруашылық Министрлiгiнiң аумақтық басқармасы бөлiмiмен бiрiгiп өсiмдiктер карантинi мен қорғау бойынша  жұмысын үйлестiру.
3.2.10. Мелиорациялық  жағдайды және суармалы  жерлердi тиiмдi пайдалану  бойынша  жұмыстарды  үйлестiру.
3.2.11.Барлық меншiк нысанындағы шаруашылықтарды  минералдық тыңайтқыштар мен өсiмдiктердi химиялық қорғау жабдықтары мен қамтамасыз ету және оларды тиiмдi,  нәтижелi пайдалану жөнiндегi  жұмыстарды  үйлестiредi.
3.2.12.Шаруашылықтарға мал мен құс өсiру бойынша нұсқаулар мен көмек жасау және сүт, ет, жүн тағы да басқа  ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң өндiрiлу технологиясын қадағалау.
3.2.13.Мал шаруашылығында тұқымдық малдың және мал шаруашылық  өнiмдерiнiң сапасын  көтеру  шараларын өткiзуге септiк жасау.
3.2.14.Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдейтiн шағын цехтардың жұмыс тәжiрибелерiн жанжақты  насихаттау.
3.2.15.Ауыл шаруашылық құрылымдарда төтенше жағдайдан, табиғи апаттан, еңбектi қорғау, техниканы қорғау қауіпсiздiгi, өрт қауіпсiздiгiнен сақтандыруға  бағытталған шараларды  жүзеге асыруға көмек көрсету.
3.3. Мемлекеттік мекеменің ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруда негізгі міндеттері мен қызметі:
3.3.1.Халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ ауралардан қорғау;
3.3.2. Жануарларды ауралардан қорғау және оларды емдеу;
3.3.3. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3.3.4.Тиісті әкімшілік –аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;
3.3.5. Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және жою.
3.4. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау мемлекеттік мекеме мынадай функцияларды жүзеге асырады:
3.4.1. ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясымен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарларын бекітеді;
3.4.2. ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, мемлекеттік мекемеге тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастырады;
3.4.2. жануарлардың энзоотикалық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды , олардың профилактикасы және диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
3.4.4. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізуді, жинақтауды, талдауды жүзеге асырады және оларды уәкілетті органға табыс етеді;
3.4.5.  ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады;
3.4.6. халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
3.4.7. жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияны ұйымдастырады;
3.4.8. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделейді;
3.4.9. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша аса қауіпті аурулардың, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
3.4.10. елді- мекен жерлерінде жануарларды жоюға арналған орындарды, анықтайды;
3.4.11. қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;
3.4.12. мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауды қамтамасыз етеді;
3.4.13. жануарға ветеринариялық паспорт береді;
3.4.14 тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы береді;
3.4.15. аудандық Мәслихатқа елді-мекендерде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізеді;
3.4.16. алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді.

4.Мемлекеттiк мекеменiң құқықтары мен мiндеттерi.

4.1.Құзыреттiгiне сәйкес мемлекеттiк мекеменiң келесi құқықтары бар:
4.1.1.Құзыретiне сәйкес орындауға мiндеттi  шешiмдер мен локалдық нормативтi құқықтық актiлер шығаруға.
4.1.2.Шаруашылық субъектiлерiнiң жұмысын  реттейтiн  заңдылықтарды сақтау бойынша әдiстемелiк көмектi, құқықтық, салықтық, кешендiк шаруашылық саясатын  жүзеге  асыру.
4.1.3.Жергiлiктi жерлерде және азаматтардың өтiнiштерiне сәйкес шаруа құрылымдарына  қажеттi әдiстемелiк, ұйымдастырушылық, экономикалық және заңгерлiк көмек көрсету.
4.1.4.Заңдылықтарға сәйкес құзыретi шегiнде қоғамдық бiрлестiктер, базарлар және несиелiк серiктестiктердi құру мәселелерiн шешу.
4.1.5.Мемлекеттiк мекемеге жүктелген құзыреттiктердi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтердi мемлекеттiк  органдардан  алу.
4.1.6.Мемлекеттiк мекеме жүктелген құзыретiне сәйкес бекiтiлген тәртіп шегiнде кеңестер, семинарлар өткiзе алады.
4.1.7.Мемлекеттiк  мекеме ауыл және кент әкiмдерiне  әдiстемелiк, нұсқаулық, кеңес беруге, заңды және  өзге де меншiк нысанына қарамастан ауыл шаруашылық құрылымдары пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң  мәселелерi бойынша  ұсыныс бередi.
4.2. Мемлекеттiк мекеменi мекеме бастығы басқарады. Мемлекеттiк мекеменiң бастығын жұмысқа  алу немесе жұмыстан босату туралы мәселелерiн аудан әкiмi шешедi. Мекемеге жүктелген талаптардың орындалуы мен мiндеттердiң жүзеге асырылуына бастығы жауап бередi және мамандардың қызметтiк бағытына қарай жауапкершiлiк дәрежесiн анықтайды.
4.2.1. Мемлекеттiк мекеменiң  меңгерушiсi  өкiлеттiгi  шегiнде атқару үшiн бұйрықтар, нұсқаулар және тапсырмалар  бередi, келiсiм жасайды. 
4.2.2. Мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босату туралы  мәселелердi шешедi, олардың қызметтiк мiндеттерi мен өкiлеттiгiн бекiтедi.
4.2.3. Заңдылыққа сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк мекеменiң мүддесiн қорғайды.
4.2.4. Мемлекеттiк мекеменiң өкiлеттiгiне енетiн мәселелер  бойынша шешiмдер мен өкiмдердің жобасын қарастыруға белгiленген  тәртiпте  аудан әкiмiне  ұсынады.
4.2.5. Құжаттарды орындау барысын ұйымдастырып, бақылау жүргiзедi, олардың сақталуына  жауапкершiлiк  артады.
4.2.6. Заңдылықтарға сәйкес өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.
5.1. ЖАО (жергілікті атқарушы органның) бөлімшелерінің негізгі құқықтары:
5.1.1.өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы үәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардын қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
5.1.2. ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық –санитариялық ережелер мен нормативтерді бұзған жағдайда, олардың лицензияларын заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтату шешімдер шығаруға немесе қайтарып алуға бастамашы болуға;
5.1.3.белгіленген тәртіппен эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсынысты шығаруға ;
5.1.4.тиісті әкішілік –аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған карантиндік режимді немесе шектеу іс-шараларын жүргізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы ұсыныс шығаруға; 
5.1.5.жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдауға;
5.1.6. уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығаруға құқылы.

5.Мемлекеттiк мекеменiң мүлкiн құру және қаржыландыру тәртiбi.

5.1. Мемлекеттiк мекеменiң мүлкi мемлекеттiк меншiк құқығының объектiсi болып табылады.
5.2. Мемлекеттiк мекеменiң мүлкiн  негiзгi қорлар мен айналымдағы қаражаттар, сондай-ақ бағасы Мекеменiң дербес балансында көрсетiлген басқа тауарлық- материалдық құндылықтар құрады. Мекеме мүлiктiң иесiнiң келiсiмiмен осы мүлiктi иеленуге, пайдалануға және оны қалауынша пайдалану  құқығын жүзеге  асырады.
5.3. Мемлекеттiк мекеменiң мүлкi мынандай жағдайлардан  құрылады:
5.3.1. Меншiк иесiнiң берген мүлкi.
5.3.2. Заңдылықтармен  тыйым салынбаған өзге де табыс көздерi.
5.4. Мемлекеттiк мекеме меншiк иесiнiң рұқсатынсыз алып-сату, алмастыру, сыйлау шарттары, өзге де келiсiм негiзiнде негiзгi қорларға жататын мүлiктi оқшалау, сатып алу, сондай-ақ банктiк несиелерде пайдалануға құқылы емес.
5.5. Мемлекеттiк мекеменiң әкiмшiлiгi мен қызметкерлерi арасындағы еңбек қатынастары, «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі», «Мемлекеттiк қызмет туралы» Заңы, ҚР Президентiнiң «Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын қызметкерлерге еңбек ақы төлеудiң бiртұтас жүйесi туралы» Жарғысымен  реттеледi.
5.6. Мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiнiң еңбек ақы қорын аудандық Мәслихат бекiтiп берген көлемде, аудандық әкiмдiк белгiлейдi.
5.7. Жұмыс кестесi еңбек заңдылықтарында қарастырылған, кепiлдiктерi ескерiлiп белгiленедi.
5.8. Қаржылық-шаруашылық әрекеттердi талдау үшiн мемлекеттiк мекеме әрекетiнiң есебiн iске асырады және бухгалтерлiк, статистикалық есебiн заңдылықтарда белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
5.9. Мемлекеттiк  мекеменiң қаржылық-шаруашылық әрекетiн бақылауды өкiлеттi органдар жүзеге асырады.

6.Мекеменi қайта құру және жою.

6.1.жануарлардың энзоотикалық  және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді.
6.1. Мекеменi қайта құру мен тарату Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес iске асырылады.

 

Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларына 1-қосымша

Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларына 2-қосымша

Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларына 3-қосымша

Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары

Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекiту туралы


Келулердің саны: 5043


Жоғары