print

«Шет ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

І. Жалпы ережелер

 

         1. «Шет ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі-мемлекеттік мекеме) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясат пен мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға өкілетті, жергілікті атқарушы орган болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын, өзге де заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігі мен әкімінің актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық құжаттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

         3. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы «Шет ауданының ішкі саясат бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде Государственное учреждение «Отдел внутренней политики Шетского района».

         4. Мемлекеттік мекеме заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде мекеме атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық қазынашылық бөлімінде шоты бар.

         5. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Шет ауданының әкімдігі болып табылады.

         Мемлекеттік мекеме Шет ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 30 желтоқсанындағы № 12/15 қаулысымен құрылған.

         6. Мемлекеттік мекемеге мемлекеттік басқару жүргізетін, сонымен бірге мемлекеттік меншіктің құқық субъектісі функциясын жүзеге асырушы және Ережесі мен құрылымын бекітіп, штаттық санының мөлшерін белгілейтін Уәкілетті орган Шет ауданының әкімі болып табылады (бұдан әрі Уәкілетті орган).

         7. Мемлекеттік мекеменің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Шет ауданы, 101700 Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау көшесі, 24 үй.         

 

2.Мемлекеттік мекеменің негізгі мақсаттары мен міндеттері

 

8. Мемлекеттік мекеменің негізгі мақсаттары: өз құзырының шеңберінде мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық процесстерді демократияландыру, қоғамдық саяси тұрақтылықты сақтау жөніндегі мемлекеттік саясатты аудан көлемінде жүзеге   асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

9. Негізгі мақсаттарды орындау үшін Мемлекеттік мекеме мына міндеттер мен функцияларды жүзеге асырады:

1) Аудандағы мемлекеттік ішкі саяси жоспарлардың, аудан әкімінің ішкі саясат саласы бойынша іс-әрекеті жоспарларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

2) Аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды бағдарлау және оның мониторингін жүргізу, әлеуметтік тұрғыда жайсыз жерлерді анықтау.

Облыстық ішкі саясат басқармасына аудандағы қоғамдық-саяси ахуал туралы ай сайын және тоқсан сайын есептер беріп тұру;

3) Ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасының негізгі басымдықтарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттің, аумақтың саяси өмірін, ішкі саясатын түсіндіру және насихаттауды ұйымдастыру, облыстық ішкі саясат департаментіне тоқсан сайынғы сараптамалық есептер беріп тұру;

4) Саяси партиялардың, қоғамдық-саяси күштердің іс-әрекеттерін сараптау, зерделеу, саяси партиялардың, кәсіподақ ұйымдарының, қоғамдық-саяси күштердің компьютерлік базасын құрастыру және жедел режимде ұстау;

5) Діни бірлестіктердің іс-әрекетін сараптап, зерделеу, діни бірлестіктер мен шетелдік миссионерлер туралы деректерді толықтырып отыру, діни ортаға экстремистердің, сонымен бірге діннен бөгде саяси және басқа да мақсаттарды көздеген адамдардың кіріп кетпеуіне, конфессияаралық жанжалдарға жол бермеу мақсаттарында діни бірлестіктермен байланыс ұстап отыру, аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің жұмысын қамтамасыз ету;

6) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бекіткен ел көлеміндегі іс-шараларды ақпараттық-насихаттау жұмысының медиа-жоспарларын әзірлеп, мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихат топтарының жұмысын ұйымдастыру және оларды методикалық құралдармен қамтамасыз ету;

7) Қоғамдық бірлестіктердің, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың іс-әрекеттерін   зерделеу   және   сараптау,   қоғамдық   бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың жедел режимдегі компьютерлік базасын құру және оларға қолдау көрсету.

8) Аудандағы қоғамдық-саяси іс-шараларды, дөңгелек үстел отырыстарын, конференциялар, кездесулер, акциялар және өзге де іс-шараларды саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің Үкіметтік емес ұйымдардың, коммерциялық емес ұйымдардың қатыстырылуымен жоспарлау және ұйымдастыру;

9) Жастар саясаты жөніндегі аудандық бағдарламаны әзірлеп, жүзеге асыруды ұйымдастыру;

10) Аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің жұмысын ұйымдастыру. Жастар арасында әскери-патриоттық, мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу. Салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында қылмыстың алдын алу жөнінде жұмыстар ұйымдастыру, аудан жастарының әлеуметтік сипаты бойынша мониторинг жүргізу;

 

11) Аудандық мәслихат депутаттарының қоғамдық ұйымдармен байланысын, елдегі, аумақтағы болып жатқан саяси процестерге қатысуын және мәслихаттардағы қозғалатын қоғамдық-саяси тақырыптарды зерделеу. Облыстық ішкі саясат басқармасына аудандық мәслихаттағы саяси күштердің орналасуы жайлы тоқсандық есептер беріп тұру;

12) Аудандық «Шет шұғыласы» газетінің ақпараттық саясат бойынша мемлекеттік тапсырыстарды орындауын ұйымдастыру және бақылау;

13) Мемлекеттік басылымдарға жылына 2 рет жазылуды ұйымдастыру, осы мәселе бойынша аудан әкімінің тапсырыстарының орындалу барысы туралы отырыстар әзірлеп өткізу;

14) Аудан елді мекендерінің телерадио хабарларымен қамтылуының мониторингін әзірлеп отыру;

15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру, аудан мекемелерінде, ұйымдарында, оқу орындарында мемлекеттік рәміздерді пайдалану туралы ережені зерделеу;

 

3. Мемлекеттік мекеменің құқықтары

 

         Негізгі мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы заңнамалармен белгіленген мына құқықтарға ие:

1) мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, мемлекеттік мекеме өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерден, кәсіпорындардан, бұқаралық және басқа да ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан ақпараттар, мәліметтер және құжаттарды сұратып алуға;

2) мемлекеттік мекеменің құзырының шеңберіне кіретін мәселелерді дайындауға мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдар қызметкерлерін жұмылдырып, уақытша жұмыс тобын құруға;

3) өз құзырына жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдарға, аудан әкіміне мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы іс-әрекеттерін жетілдіру туралы ұсыныстар енгізуге;

4) өз құзырының шеңберінде тиісті мемлекеттік органдарға, олардың лауазымды басшыларына тапсырыстар беруге, берілген тапсырыстардың орындалуын бақылауға;

5) аумақтық жастар саясаты бағдарламасын, аудандағы ақпаратттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруды жүзеге асыруға арналған ұсыныстарды аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың сессиясына ұсынуға;

6) мемлекеттік мекеме жұмысына қатысты мәселелер бойынша жиналыстар, конференциялар өткізуге;

 

 

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.     

             

4. Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастыру

 

          1. Мемлекеттік мекемені ішкі саясат бөлімінің бастығы басқарады, оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарының ұсынысына сәйкес аудан әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.

          2. Мемлекеттік мекеменің басшысы :

1) Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметіне басшылық жасайды, жүктелген міндеттердің орындалуына тікелей жауап береді;

2) Мемлекеттік мекеме басшысы аудан әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасары келісімімен мемлекеттік мекеме мамандарының функционалдық міндеттері мен құзырларын анықтайды, мемлекеттік мекеменің Ережесін әзірлейді және мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді;

3) Заңнамамен белгіленген тәртіпте Мемлекеттік мекеме қызметкерлерін мадақтауға, материалдық көмек көрсетуге, тәртіптік шара қолдануға және жұмыстан босатуға ұсыныс жасайды;

4) Мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;

5) Мемлекеттік мекеме құрылымын және штаттық кестесін әзірлейді және оны аудан әкімдігіне ұсынады;

6) Мемлекеттік мекеме жұмысының стратегиялық және ағымдағы жоспарларын бекітеді;

7) өз құзырының шеңберінде мемлекетік мекеме қызметіне қатысты мәселелер бойынша ауыл, кент әкімдері аппараттарының жұмысын үйлестіреді;

8) өз құзырының шеңберінде бұйрық шығарып, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді;

9) өз құзырының шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

5. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру

мен қызметін қаржыландыру тәртібі

 

         1. Мемлекеттік мекеменің пайдалану құқығында жеке мүлкі болады.

         2. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен құрылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаржаттардан, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің балансында көрсетілген мүліктен тұрады.

 

 

         Мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлкіне деген құқығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес анықталады.

         3. Мемлекеттік мекемеге бекітілген тиісті әкімшілік-аумақтық қаражатынан құрылған мүлік коммуналдық меншікке жатады. Егер мемлекеттік мекемеге кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне бағытталады.

         4. Мемлекеттік мекеме бекітілген мүлкін иесіздендіруге немесе басқа бір тәсілмен басқаруға құқығы жоқ. Мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайлар мен шеңберлерде мүлкін басқару құқығы беріле алады.

         5. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана жүзеге асырылады.

         6. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңдарға сәйкес есеп береді.

         7. Мемлекеттік мекеменің қаржы – шаруашылық қызметін тексеруді және тексеріс жүргізуді заңдарда белгіленген тәртіппен Уәкілетті орган жүзеге асырады.

         8. Мемлекеттік мекеме қайта құрылған немесе таратылған жағдайда оның мүлкі мемлекетке қайтарылады немесе құқықтық мираскерге көшеді.

6. Мемлекеттік мекемені қайта

ұйымдастыру және тарату тәртібі

 

       1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру (қосу, бөлу, біріктіру, бөліп шығару, өзгерту) Уәкілетті органның шешімімен Қазақстан Республикасы заңдарында және осы Ережеде көзделген тәртіпте жүргізіледі.

       2. Мемлекеттік мекемені тарату Уәкілетті органның шешімі бойынша немесе Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртіпте соттың шешімі бойынша жүргізіледі.

       3. Мемлекеттік мекемені тарататын жағдайда Уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындайды жене мемлекеттік мекемені тарату тәртібі мен мерзімдерін белгілейді. Тарату комиссиясын тағайындаған сәттен бастап оған мемлекеттік мекеменің мүлкі мен істерін басқару өтеді.

       4. Тарату комиссиясы ресми баспасөздер органына Мемлекеттік мекемені тарату жене 2 айдың ішінде талаптар қабылдайтындығы туралы хабарлама жариялайды. Ол несие берушілерді анықтайды және қарыздарын алу үшін шаралар қолданады.

       5. Тарату комиссиясы несие берушілермен есеп алысып болған соң Мемлекетік мекемені тарату туралы шешім қабылдаған Уәкілетті орган бекітетін тарату балансын құрастырады.

 

 

 

       6. Несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін таратылатын мемлекеттік мекеменің ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда Уәкілетті орган есебінен қанағаттандырылады.

       7. Несие берушілермен талаптарын қанағаттандырғаннан қалған мемлекеттік мекеменің мүлкі Уәкілетті органның қарамағына өтеді.

       8. Заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне тиісті жазба еңгізілгеннен кейін мемлекеттік мекеменің таратылуы аяқталды деп саналады.

 

 

7. Мемлекеттік мекеменің ережесін өзгерту тәртібі

 

 

         1. Мемлекеттік мекеменің Ережесіне өзгертулер мен толықтыруларды Уәкілетті орган еңгізеді.

         2. Өзгертулер мен толықтыруларды заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне енгізу үшін тіркеу органына ұсынылады.


Келулердің саны: 4637


Жоғары