print

«Шет ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  1. «Шет ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме), Шет ауданының атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, аудан әкімдігінің  құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз өкілеттігі  шеңберінде ведомоствалық бағыныстағы аймақтарда құрылыс, сәулет және қала  құрылысы қызметінің мемлекеттік реттелуін жүзеге асырады.
  2. Мемлекеттік мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерін, облыс және аудан әкімінің  шешімдері мен  өкімдерін, осы Ережені, сондай-ақ ведомоствалық нормативтік актілерін басшылыққа  алады және өз жұмысын жергілікті жерлердегі мемлекеттік билік және басқару органдарымен өзара тығыз әрекетпен  жүзеге асырады.
  3. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
    Мемлекеттік тілде - «Шет ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
    Орыс тілінде – Государственное учреждение «Отдел строительства, архитектуры и градостроительства Шетского района».
  4. Қарағанды облысы Шет ауданының әкімдігі мемлекеттік мекемені құру туралы қаулы қабылдайтын, мемлекеттік атынан мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады. Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігі мемлекеттік мекемені мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) болып табылады.
  5. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері; 101700, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай Жырау көшесі, 24.

2. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ

2.1.  Мемлекеттік мекеме өзі мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлғаның құқығына ие болады.
2.2.   Мемлекеттік мекеменің дербес балансы, заңдарға сәйкес банктерде шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған бланкілері, мөрлері және мөр таңбалары болады.
2.3.   Мемлекеттік мекеме белгіленген тәртіппен  мемлекеттік  меншікке иелік ету, пайдалану, билік ету құқығы берілген мекемелерді қоспағанда басқа заңды тұлға құру, сондай-ақ басқа  заңды тұлғаның  құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
2.4.   Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша  өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Уәкілетті орган жауаптылықта болады.
2.5.   Шарттық міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі заңдарға сәйкес мекемені ұстауға арналып бекітілген сметаның шегінде болады.

3. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ 
МЕН ТҮРЛЕРІ

3.1.   Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:

  • заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
  • сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырған кезде мекендейтін және тіршілік ететін қолайлы ортаны қамтамасыз ету;
  • аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
  • аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтатып қою, объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде қабылданған шешімдер бойынша жұмыстар кешенін жүргізу; 
  • салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
  • әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұрылымды, коммуналдық шаруашылықтың басты құрылыс жайларын дамытуға қатысу;
  • құрылыс өнімдерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысу, объектілер салу мен пайдаланудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
    • Мемлекеттік мекеме көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қызметтің мынандай түрлерін жүзеге асырады:
  • халықтың өмір сүруі үшін толық қанды орта жасау мақсатында қоныстандыру жүйесін жетілдіру, аудан елді мекендерін салу кезінде ғимараттар мен құрылыстардың жобалық сенімділігі мен сәулеттік-көркемдік шешімдерінің сапасын арттыру, іргелес жатқан аумақтардың инфрақұрылымдарын дамыту, тарихи-мәдени мұра объектілерін, табиғат құндылықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
  • аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
  • мемлекеттік мекеме өкілеттігіне  жататын мәселелер бойынша  ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының болжамын әзірлеуге және жағдайын анықтауға қатысады;
  • облыстық, аудандық бюджет қаржылары және республикалық бюджеттің арнайы трансферттері есебінен іске асырылатын құрылыс бойынша әкімгер (құрылыстың біртұтас тапсырыс берушісінің) міндеттерін орындау;
  • жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын объектілерді жобалау мен салу, елді мекендерде құрылыс салудың бас жоспарларын әзірлеу мен ақпараттық жүйелерін құру жөніндегі жұмыстарды жүргізудің әкімгері және мердігерлік тендерлерді ұйымдастырушысы болып табылады;
  • мемлекеттік мекеме өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша ауыл, кент әкімдіктерінің қызметтерін үйлестіру;
  • облыс және аудан әкімдігімен бекітілген құрылыс барысын бақылауды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес бекітілген елді мекен құрылысының құжаттарына сәйкес құрылыс жобаларын іске асыруды бақылауды жүзеге асыру;
  • аудан аумағында сәулет – қала салу құжаттамаларын әзірлеу, аумақтарды қала құрылысына игеру, объектілер мен кешендерді  салу, қайта жаңарту, қалпына келтіру, жаңғырту қүрделі жөндеу және абаттандыру, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру кезінде сәулет-қала құрылысы қызметі аясындағы заң актілерінің, мемлекеттік нормативтердің талаптарын сақтау және өз құзіреті шегінде бақылауды жүзеге асыру;
  • аумақтарды қала құрылысына  игеру барысында, тапсырысшылар мен  мердігерлер  және жобалау мекемелері бойынша  қарым-қатынастарды  өз құзыреті шегінде  үйлестіруді жүзеге асырады;       
  • аудан елді мекендерін  қосымша құрылыспен  толтыру және жайғастыру жоспарларының ережелері мен нормаларының  сақталуын бақылау, аймақтарға қала құрылысын реттеудің ерекше тәртібін қолдану, елді мекен құрылысының тарихи мұрасын сақтау;
  • Қазақстан Республикасы үшін Мемлекеттік қала құрылысы  кадастрының бірыңғай алым, өндеу, тіркеу, есеп, сақтау  және  сәулет, қала құрылысы және құрылыс нысандары бойынша ақпараттарды ұсыну жүйелерін есепке ала отырып, аудан аумағы бойынша базалық Мемлекеттік  қала  құрылысы кадастрын және оның ғылыми - әдістемелік  қамтамасыз етілуін жүргізуді ұйымдастыру;
  • төтенше жағдайлардың салдарларын жою бойынша шаралар  кешенін  дайындауға қатысады;
  • ведомостволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
  • Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес ведомоствалық бағыныстағы  әкімшілік аймақтық  бірліктін шекарасын орнату және өзгерту бойынша қала құрылысы факторларына негізделген  ұсыныстар дайындауды  ұйымдастырады;
  • пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңдарда белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
  • құрылыс саласында мемлекеттік саясатты, тұрғын үй құрылысы бағдарламасын, құрылыс саласын дамытуды жүзеге асырады;
  • Мемлекеттік мекеме негізгі міндеттемелерін іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру  үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
  • Мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға қажет ақпараттарды белгіленген  тәртіп бойынша  мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, кәсіпорындардан, меншік түріне қарамастан лауазымды тұлғалардан сұратуға және алуға;
  • мемлекеттік мекеме өзінің  бақылау – қадағалау  өкілеттігі  шегінде, тапсырысшы ретінде құрылысты техникалық қадағалауды және объектіні пайдалануға қабылдауды ұйымдастыруға;
  • қажетті жағдайларда сарапшылар ретінде өндірістің басқа салаларының, ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық ұйымдардың мамандарын тартуға;
  • аудан әкіміне, аудан әкімдігіне, әкімнің орынбасарына  өз өкілеттігіне  жататын құрылыс,  сәулет және қала құрылысы  қызметінің  мәселелерін шешу бойынша  ұсыныстар еңгізуге;
  • заңдылықтарға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы
  • Мемлекеттік мекеменің  мемлекеттік мекеме құрудың мақсатына жауап бермейтін қызметпен  айналысуға құқығы жоқ.

4.МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІ БАСҚАРУ

4.1.   Мемлекеттік мекеменің басшысын қызметке аудан әкімі тағайындайды және босатады.
4.2.   Мекеме басшысы мемлекеттік мекеме жұмыстарын ұйымдастырады және басшылыққа алады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен функциялардың әкімдік шешімдерінің, аудан әкімінің және оның жетекшілік ететін орынбасарының өкімдері мен тапсырмаларының орындалуына дербес жауапкершілікте болады, мемлекеттік мекеме қызметінің жеке бағыттарын басқарады және жауапкершілік деңгейін аңықтайды.
4.3.   Осы мақсатпен мемлекеттік мекеме меңгерушісі:

  • өзінің орынбасарлары мен мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
  • заңға сәйкес штаттық кесте  бойынша мемлекеттік мекеме қызметкерлерін лауазымға тағайындады және босатады;
  • заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданады;
  • құжаттардың орындалуын ұйымдастырады және оны бақылауды жүзеге асырады, сақталуына жауапкершілікте болады, жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарының келісімімен белгілі бір тәртіпте олардың орындалуы бойынша ақпараттар ұсынады;
  • банк мекемелерінде есептік және басқа шоттар ашады;
  • жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары мен келісілген белгілі бір тәртіпте  стратегиялық және ағымдық жоспарларды бекітеді;
  • заңмен белгіленген тәртіпте қызметкерлерді марапаттауды  жүзеге асырады;
  • өз өкілеттігі шеңберінде  қолданымдағы заңға сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарға мемлекеттік мекеме атынан шығады;
  • мемлекеттік мекеме актілеріне қол қояды;
  • өз өкілеттігіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
  • өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша  мемлекеттік мекеме шығарған бұйрықтар  барлық мемлекеттік органдар, мекемелер, заңды тұлғалар және азаматтар үшін орындауға міндетті болып табылады;
  • мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезде оны орынбасары алмастырады, ол мемлекеттік мекеме қызметін үйлестіреді және мекеме басшысының оған жүктеген басқа міндеттерін орындайды.

5.МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ МҮЛКІН ҚҰРУ МЕН ҚЫЗМЕТІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІ

5.1.   Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны мемлекеттік мекеменің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
5.2.   Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған жедел басқару құқығында тиесілі болады және мемлекеттік меншікке жатады.
5.3.   Егер мемлекеттік мекемеге кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мынадай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне бағытталады.
5.4.   Мемлекеттік мекеменің қызметі қаржыландыру, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана жүзеге асырылады.
5.5.   Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңдарға сәйкес есеп береді.

6. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

6.1.   мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес жүргізіледі.


Келулердің саны: 5634


Жоғары