print

«Шет ауданының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi
1. Жалпы ережелер

«Шет ауданының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi» (одан әрi – Бөлiм) кәсiпкерлiк саласында, өнеркәсiп, индустриалдық-инновациялық саясат, халықаралық сапа стандарттарын енгiзу, сауда, инвистициялар салаларында мемлекеттiк басқару мiндеттерiн орындауға уәкiлеттi, мемлекеттiк орган болып табылады. 
Бөлiм өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiне, аудан әкiмiнiң, әкiмиятының және Мәслихатының актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ аудан әкiмiнiң салалық орынбасарының нұсқаулары мен тапсырмаларына және осы Ережеге сәйкес атқарады. 
Бөлiм заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар елтаңбалы мөрi және мөртаңбаны, белгiленген үлгiдегi бланктерi, сонымен қатар заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы Министiрлiгiнiң қазнашылық бөлiмiнде есепшоты бар. 
Бөлiм өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кiредi. 
Бөлiм, егер ол заңнамаға сәйкес оған уәкiлеттi болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастары жағы болып шығуға құқығы бар. 
Бекiтiлген қызметтiк мiндеттерi негiзiнде Бөлiмнiң Ережесiн және штат санын, Бөлiм құрылымын аудан әкiмi бекiтедi. 
Бөлiмнiң заңды мекен - жайы – 101700, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Шортанбай – Жырау көшесi, 10. 
Бөлiмнiң толық атауы мемлекеттiк тiлде: «Шет ауданының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi орыс тiлiнде: «Отдел предпринимательства и промышленности Шетского района» 
Осы Ереже Бөлiмнiң құрылтайшылық құжаты болып табылады. 
Бөлiм қызметi аудандық бюджет есебiнен қаржыландырылады. 
Шет ауданының әкiмдiгi мемлекет атынан Бөлiмнiң құрылтайшысы болып табылады. 
Бөлiмiнiң өкiлеттi органы Шет ауданының әкiмi. 
Бөлiмнiң құрылу туралы Шет ауданының әкiмдiгiнiң қаулысы және осы ереже Бөлiмнiң құрылтайшы құжаты болып табылады.

2.Бөлiмнiң негiзгi мiндеттерi, қызметi және құқығы

Бөлiмнiң негiзгi мiндеттерi болып табылады: 
кәсiпкерлiк және өнеркәсiп саласы бойынша ауданың орта мерзiмдi әлеуметтiк және экономикалық даму бағдарламасын әзiрлеуге қатысу, аймақтық және салалық бағдарламаларын әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысу арқылы кәсiпкерлiк саласында, өнеркәсiп, индустриалдық – инновациялық саясат, халықаралық сапа стандарттарын енгiзу, сауда, инвистициялар әзiрлеуге қатынасу; 
мониторинг жүргiзу, кеңестер өткiзу және ауыл, кент әкiмдерiнiң қызметiне рейтингтiк баға беру арқылы кәсiпкерлiк саласының, өнеркәсiп, индустриалдық – инновациялық саясат, инвистиция, халықаралық сапа стандарттарын енгiзу; 
шағын кәсiпкерлiктi дамытудың аймақтық бағдарламасын әзiрлеу және жүзеге асыру арқылы шағын кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту стратегиясын жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасау; 
индустриалдық – инновациялық саясатты iске асыру, аудандық инвистициялық саясатының даму стратегиясын әзiрлеу және жүзеге асыру мәселелерi жөнiнде, соңғыларының индустриалдық – инновациялық бағытты инвистициялық жобаларды енгiзуге қол қолғабыс етулерi арқылы жергiлiктi атқарушы органдардың, iс-қимылын үйлестiру; 
Бөлiмнiң қызметi: 
ауданның әлеуметтiк - экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарын, кәсiпкерлiк саласындағы, өнеркәсiп, индустриалдық-инновация лық даму, сауда, мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларын әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысу. Осы бағдарламалар мүдделi органдарында одан әрi келiсiле және аудан Мәслихатының сессиясында бекiтiле отырып, бағдарламалар жобасын әзiрлеу, ұйымдастыру iс – шаралар өткiзу арқылы әзiрленедi. Бағдарламалардың iс-шаралар жоспарын орындау, тұрақты мониторинг жүргiзу және облыс Мәслихатының сессиясында бекiтiле отырып, бағдарламалар жобасын әзiрлеу, ұйымдастыру iс-шаралар өткiзу арқылы әзiрленедi. Бағдарламалардың iс-шаралар жоспарын орындау, тұрақты мониторинг жүргiзу және бағдарламаларды жүзеге асыру тиiмдiлiгiн бағалау арқылы бағдарламалар жүзеге асырылады; 
осы салалардағы аймақтық бағдарламаларды орындау жөнiнде ақпарат жинау және жинақтау арқылы ауыл, кент әкiмдерiнiң қызмет рейтингiсiн тоқсан сайын анықтай отырып, кәсiпкерлiктiң және өнеркәсiп салаларының аймақтық даму бағдарламаларын iске асырудың бағалау көрсеткiштерiн орындауды талдау; 
тиiстi кезең iшiндегi кәсiпкерлiктi, өнеркәсiп салаларын дамыту туралы талдау ақпараттарын, анықтамаларын дайындау, кәсiпкерлiк және өнеркәсiп құрылымындағы сәйкессiздiктi анықтау, аймақтардың, кәсiпорындардың, материалдарын, статистикалық деректердi жүйелеу және өңдеу арқылы оларды жою жолдарын белгiлеу; 
кәсiпкерлiк және өнеркәсiп саласында экономиканы дамытудың кешендiк бағдарламалары мен мерзiмдi жоспарларын әзiрлеуге ұйымдастыру - әдiстемелiк басшылық ету, экономикалық қызметтiң негiзгi түрлерi жөнiнде кепiлдемелер мен индикаторлар әзiрлеу, бағдарламалар (кеңестер, дөңгелек үстелдер өткiзудi, аймақтарға мамандардың баруын) дайындауға кеңестiк көмек көрсету арқылы ауданның басқа да мемлекеттiк органдарымен және шаруашылық субьектiлерiмен бiрлесiп, оларды жүзеге асыру; 
ауданның өнеркәсiп кәсiпорындарының өндiрiстiк-шаруашылық қызметiне талдау жүргiзу, олардың жұмысын жақсарту жөнiнде әкiмге және (немесе) аудан әкiмiнiң кураторлық жасайтын орынбасарларына ұсыныстар дайындау; 
мониторинг, өнеркәсiп кәсiпорындар деректерiн жинау және өңдеу, ауданның индустриалдық-инновациялық дамуына ұсыныстар дайындау және тенденциялар айқындау арқылы ауданның индустриалдық-инновациялық даму саласындағы ахуалды зерделеу, талдау және болжау; 
өнеркәсiп ахуалын, ауданның өндiрiстiк инфрақұрылымын және олардың одан әрi даму перспективаларын талдау, осы мәселелер жөнiнде әкiмге және (немесе) аудан әкiмiнiң кураторлық жасайтын орынбасарына сараптау хат дайындау; 
халықаралық, республикалық және аймақтық көрмелерге және жәрмеңкелерге аудан кәсiпорындарының қатысуын қамтамасыз ету; 
аудандағы кәсiпкерлiктi дамытуға талдау жүргiзу және кәсiпкерлiктi дамыту жөнiнде әкiмге және (немесе) аудан әкiмiнiң кураторлық жасайтын орынбасарына дайындау арқылы Қазақстан Республикасының Заңдарына және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес шағын кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау жөнiндегi қызметтi үйлестiру; 
құжаттар қабылдауды ұйымдастыру, бiлiктiлiк талаптарға сәйкес келуге тексерiс жүргiзу және актiлер әзiрлеу үшiн объектiлерге бару, Комиссия отырысына құжаттар пакетiн дайындау. 
Бөлiм құзiретiне кiретiн мәселелер бойынша аудан әкiмiнiң, аудан әкiмиятының, аудан мәслихатының нормативтiк құжаттарын дайындау; 
аудан әкiмiн және (немесе) аудан әкiмi орынбасарларының тапсырмаларын орындау; 
аудан әкiмiнiң және (немесе) аудан әкiмiнiң кураторлық жасайтын орынбасарларының кеңестерiн дайындау және өткiзу, Бөлiм құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша қорытынды құжатты рәсiмдеу және оның орындалуын бақылау. 
Бөлiмнiң құқықтары: 
ведомстволық бағыныштылығына қарамастан аймақ аумағында орналасқан жергiлiктi орындаушы органдардан, аудандық бөлiмдерден және кәсiпорындарда жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпараттарды алуға; 
кәсiпкерлiк және өнеркәсiп саласындағы жеке мәселелердi шешу үшiн жергiлiктi орындаушы органдарға материалдар дайындауды тапсыру. Жүктелген мiндеттерiне сәйкес басшылар келiсiмi бойынша бөлiм өткiзетiн iс-шараларды жүзеге асыру үшiн бөлiмдердi, ұйымдарды тартуға; 
аудан әкiмiнiң және аудан әкiмдiгiнiң қарауына оның құзiретiне қатысты мәселелердi шешуге ұсыныстар енгiзуге; 
Бөлiм құзiретiне қатысты мәселелер бойынша ауыл, кент әкiмияттардың қызметiн үйлестiруге; 
өз өкiлеттiгi шегiнде халықаралық көрмелер, жәрмеңкелер, аукциондар, симпозиумдер және басқа iс-шаралар өткiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруға қатысуға; 
белгiленген тәртiп бойынша Бөлiм құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер шақыруға; 
Бөлiмге заңнамамен жүктелген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асыруға.

3.Мемлекеттiк органның мүлкi
Бөлiмнiң жедел басқару құқығындағы өз мүлкi бар. Бөлiм мүлкi аудан әкiмi берген мүлiк есебiнен құрылады және құны Бөлiм балансында белгiленген өзге де мүлiктен тұрады. Бөлiмге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады. 
Бөлiмге бекiтiлген мүлiктi оның өз бетiмен немесе өзге жолдармен иелiгiнен шығаруға құқығы жоқ. Бөлiмге заңнамада белгiленген жағдайда және шегiнде мүлiктi иелiк етуге құқық берiлуi мүмкiн.

4. Бөлiм қызметiн ұйымдастыру
Бөлiм қызметiн аудан әкiмi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын меңгерушi басқарады.
Бөлiм меңгерушiсi Бөлiм қызметiне басшылық жасайды және Бөлiмге жүктелген мiндеттер мен қызметтердiң орындалысы дербес жауапкершiлiк алады.
Бөлiм меңгерушiсi 
1.орынбасарының, құрылымдық бөлiмшелердiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн     белгiлейдi, егер қурылымдық болмаған жағдайда Бөлiм қызметкерлерi мiндетiн белгiлейдi; 
2.заңнамаларға сәйкес орынбасарларын Бөлiм қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және босатады; 
3.заңнамамен белгiленген тәртiпке сәйкес Бөлiм қызметкерлерiне тәртiптiк жаза белгiлейдi; 
4.мемлекеттiк органдарда және басқа ұйымдарда Бөлiм атынан шығады; 
5.аудан әкiмiнiң тапсырмаларына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттердi жұзеге асырады. 

5.Бөлiмдi қайта құру және тарату
1.Бөлiмдi қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұзеге асырылады.


Келулердің саны: 4267


Жоғары