print

Мәжіліс депутаттары ауданымызға жұмыс сапарымен келіп қайтты!

...

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы мен Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы ауданымызда арнайы жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру барысында тұрғындар арасында түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізуді мақсат тұтқан халық қалаулылары сапар аясында ауданның тыныс – тіршілігінен мағұлмат алып, кәсіпорын, мекемелерге барып жұмыстармен танысты. Халық қалаулылары аудандағы Алмалы кен орнында былтырғы жылы іске қосылған «Sary-arka Copper Processing» пен Ақжал кентіндегі «Nova Цинк» сынды ірі өндіріс ошақтарында болып, кәсіпорын жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, аудандағы «Әлеуметтік тегін дүкен» мен «Халықты Жұмыспен Қамту орталығында» болды. Бұдан әрі мәжіліс депутаттары аудан орталығындағы Ж.Ақылбаев атындағы мектеп пен Ақжалдағы Ш.Батталова атындағы орта мектепке барып ұстаздар ұжымымен жүздесіп жаңадан қабылданған «Педагог мәртебесі туралы Заң» аясында ақпараттар беріп, сұрақтарға жауап берді. Мәжіліс депуттарының жұмыс сапары аудан орталығында жұртшылықпен кездесуге ұласты. Халықпен емін – еркін сұхбаттасу форматында өткен кездесуде депутаттар Парламентте қабылданған жаңа Заңдар турасында айтып, ара жігін ашып түсіндірді. Сонымен бірге мәжілісмендер бұл жиында бірқатар заңдылықтар аясында ақпар беріп, мал ұрлығы, бала зорлау, мас күйінде автокөлік жүргізу сынды қылмыстардың жазасы 2,3 есеге қатаңдатылғаның да айта кетті. Кездесуге келген көпшілік экология, денсаулық сақтау, зейнет жасының ұзартылуы, тіл мәртебесі сынды т,б мәселелерді көтеріп, мардымды жауаптарға ие болды. Жиыннан кейін депутаттар аудан әкімдігінің мәжіліс залында түрлі мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға келген азаматтардың басым көпшілігі тұрғын үй, әлеуметтік құқықтардың орындалуы және басқа да мәселер бойынша жүгінді. Осы көтерілген мәселелер бойынша депутаттар нақты жауаптар беріп, олардың кейбіреулері бойынша құзырлы орган өкілдеріне тиісті шара қолдану туралы тапсырмалар жүктеді.


Келулердің саны: 84


Жоғары