print

Ақой ауылдық округінің әкімі Қасым Жасұлан Тлеужанұлы 2019 жылы атқарған жұмыстары және алдағы міндеттері жайлы есебі

Құрметті ауылдастар!

       Ақой ауылдық округінде 730 тұрғын, 160 отбасы тұрады. тұрғындардың күн көру көзі мал басын өсіру оның өнімін қажетіне жарату болып саналады. Өткен 2019 жылмен салыстырғанда ірі қара 189 басқа, ұсақ мал 220 басқа, жылқы малы 23 басқа көбейді. Бүгінде 1962 бас ірі қара, 2531 ұсақ мал, малдарынан қан алу, егу, ветеринариялық-профилактикалық жұмыстарының жоспары толығымен орындалды. Округ бойынша 10 оң нәтиже көрсеткен бруцллез мал бастары толығымен жойылды. Мал бастарын бірдейлендіру жұмыстарында 800 ірі қара, 1500 ұсақ мал, 166 жылқы малдарына сырғалау, таңбалау жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы округ бойынша нодуларлық дермотит деген күдікпен 95 бас ірі қара мал басы ауырып, 20 бас сиыр малы өлді. Бұл ауыру алғашқы шықан кезде тұрғындардың мал басын емдеуге салғырттық танытып, ауыруды көбейтіп алғаны белгілі болды. Мал ауыруына қарсы вакцина жұмыстары толығымен жүгізіліп, өлген малдары залалсыздандыру (өртеу) жұмыстарымен қатар қоражайларға дизинфекция жұмыстары жүргізілді.

     Көшеде қаңғыбас иттерді жоюға арнайы топ құрылып, бес рет ит ату аулау жұмыстары ұйымдастырылып, 74 иттің көзі жойылды.

     Мал басын асылдандыруды қолға алған «Атажұрт», «Ақсу», «Сары-арқа», «Бірлік», «Ортақ», «Данияр» «Хаблет», «Бердіхан», «Жасдаурен» шаруа қожалықтары және жеке кәсіпкер «Жумабаева»-лар 18 бас асыл тұқымды бұқа малдарын әкеліп, мал басын асылдандыру, субсидиялау жұмыстарын жүргізіп келеді. Өткен жылы қараша айында Астана қаласының «AgroExportLTD» ЖШС-не «Ата-жұрт», «Данияр» шаруа қожалықтары 18 бас ірі қара малын яғни 4 тонна ет өнімін экспортқа өткіздік. Мал етін экспортқа өткізу шаруа қожалық басшыларына да тиімді екенін айта кеткен жөн. Мал бағымы жөнінде жұмыстар атқарылып, бойдақ ірі қара мал мен ұсақ малдар жайлауға 3 жерге бағуға ұйымдастырылса, 4 шаруа қожалықтары тиісті өз жеріне мал бастарын бағуды жөн көрді. Ауылдағы сауын сиырлар 2 табын бойынша бағылып, бақташылармен арнайы келісім-шарт жасалынып, мал бағымы

жөнінде тұрғындар жиналысында қаралып, бағым құны келісе отырып бекітілді. Атап айтсақ ірі қара 1000 тг, ұсақ мал 400 тг , жылқы 2500 тенгемен бағылды.   Чепурченко көшесінің тұрғындары және «Ата-жұрт», «Ақарал» шаруа қожалықтары ұсақ мал мен бойдақ малдарды жайлауға шығармауды әдетке айландырған. Бұл азаматтардың малдары ауыл төңірегін тоздырып,   шаруа қожалықтардың шабындық жерлеріне түсу фактілері орын алуда.

       Ауылда 43 кәсіпорындар мен шаруа құрылымдар бар. Оның ішінде 35 шаруа қожалығы, көпшілік тамақ ішетін 2 дәмхана, 3 азық түлік, 1 киім кешек дүкені, 1 жанар-жағар май бекеті, 1 машинаның дөңгелегін жөндейтін (шиномонтаж) орыны және жалпы монша үйі жұмыс істеп тұр. Шаруа құрылымдары мен кәсіпорындарда 120-дан астам адам наухандық, тұрақты жұмыс атқаруда. Азық- түлік дүкендерімен арнайы меморандумға отырып, азық-түлік бағасын үнемі бақылап отырмыз.

   2016 жылы 2020 бағдарламасы аясында төменгі пайыз бойынша құрамында 60 адамнан тұратын «Ақой-Ақбұлақ» атты кооператив құрылған болатын. Алынған несиеге сүтті бағыттағы мал бастары алынып, сүт қондырғысын орнатуға арнайы жер рәсімделіп, тоқ, су көздері тартылып, сүт сақтайтын қондырғы орнатылып, шілде айында салтанатты түрде ашылып, Қарағанды қаласының «Нәтиже-сүт» ЖШС-мен кенлісім шартқа отырып, тұрғындардан 78 теңгеден 66 тонна сүт қабылданса, қосымша әр литріне 10 теңге субсидия төленіп, коорператив мүшелеріне 600 мың теңге өтемақы берілді.

     Әлеуметтік мәселелерге келсек Мектебімізде 27 мұғалім қызмет атқарады оның 2 жоғары санатты, 1 бірінші санатта және 2 екінші санатты мұғалімдер 15 жаңартылған мазмұн бойынша мектептің 4 басшысы, 1 мұғалімі арнайы біліктілік курстан өтіп, 25 пайызын құрайды. Мектеп бойынша деңгейлік курсты тәмамдаған мұғалімдер саны 3, мектеп тренерлер- 3. Жалпы 98 оқушы білім алады. 2019 жылғы мектеп бітіруші түлектердің төртеуі ҰБТ-ні ойдағыдай тапсырып орташа 72 ұпайға ие болды. Мектептің білім сапасы 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша 60 пайызды құрады. Мектептің әлеуметтік жағдайы төмен категориялы балаларға жергілікті әкімшілік тарапынан мүмкіндігі шектеулі Жаңабай Ақнұрға және патранаттық тәрбиедегі Аружан есімді оқушыларға оқу құралдары және мектеп формасы берілді. Бүгінде 40 оқушы және «Балдырған» шағын орталығында 33 бүлдіршін ыстық тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Орта мектептің спорт алаңына 3,5 млн. теңгеге шағын орталыққа арналған балалар ойнайтын ойын алаңын салуды жоспарлап отырмыз. Сметалық құжаттары дайын.

       Ауылдағы мәдениет үйінде Мәдениет үйінде атаулы іс-шаралар уақытылы өткізіліп отырады. Аналар мейрамы, наурыз, қарттар күндерінде ауыл үлкендеріне дастархан жайу, сый-сыйапат көрсету дәстүрге айналған. Сәкен Сейфулллиннің 125 жылдық мерей тойына орай аудандық «Ауылдар аламаны» байқауы өтізіліп, 25 округтің ішінде жүлделі ІІІ-орынға ие болып, 40 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Аудандық «Жас-қанат» байқауында Ақой мәдениет үйінің қызметкері Аскер Айдос І-орынды жеңіп алды. Ұлыс күні 22 наурыз мейрамында округ бойынша «Мамандар аламаны» байқауы өткізіліп, 1,2,3 орындарға алығыс хаттар мен сертификаттар мен ақшалай сый-сыйапаттар табысталды.

     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылығы мерекесі қарсаңында өткізілген іс-шараға көрші Бұрма ауылының мәдениет үйінің өнерпаздары бірігіп, ұйымшылдықпен мерекелік концерт өткізді. Жаңа жыл мерекесіне орай мәдениет үйінде өткізілетін ауыл әкімінің шыршасында үздік оқитын 35 оқушыға және мүмкіндігі шектеулі А.Жаңабай, патронаттық тәрбиедегі Аружан есімді балаға жаңа жылдық сыйлықтар тапсырылса.

       Кітапханада 14126 астам кітап қоры бар, оның ішінде 5550 қазақша оқулықтар. Мерзімдік басылымдар 30 болса, жаңадан 247 кітап алынды. Бүгінде оқырмандар саны 210-ға жетті. Әр түрлі кітап көрмесі, «Қош келдің наурыз», «Өнелгі ана, өнерлі қыз», «Зар заман» атты тәрбие сағаттары мен дөңгелек үстелдер және С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған кітап көрмесі өткізілді.

       Ауылдағы екі спорт залдың бары жастармен, оқушылардың спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға берер мүмкіндік барлығын білдіреді салауатты өмір салтын насихаттау барысында көрші елді мекеннің жастарымен ауылда жеке турнирлер өткізіліп тұрады. «Сары-арқа 2019» жазғы спартакиасына қатысып, тоғыз құмалақ, шахмат, дойбы, қол күрестен жүлделі орныдарға ие болдық. Аудандық мемлекеттік қызметкерлер арасында өткізілген спорттық шараға әкім аппаратының бас маманы А.Көбеген қол күреске қатысып, аудан бойынша 70 кг.салмақта І-орынды жеңіп, облыстық жарысқа жолдама алды.

     Фельдшерлік-акушерлік пунктінде өткен жылы 186 рет үлкен адамдар, 150 балалар қабылдауда болған. Балқаш қаласынан келген медициналық байқаудан 248 үлкен адам, 160 бала өткен. Өткен жылы 12 сәби дүниеге келсе, 4 адам бақилық болды. Күре жолда жүргіншілердің жол апатынан зардап шеккен 25 адамға алғашқы көмек көрсетілді. Тұрғындарды міндетті медициналық сатандыру бойынша Шет ауданының орталық аурухана басшысының орынбасары Х.Бергенқызы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы жаднамалар таратылды.    

     Қыс айларында көше жолдарын қардан тазалауды ауыл тұрғыны «ДАРНиН» шаруа қожалығының техникасымен келісе отырып, аудандық бюджеттен қаражат беріліп отырды. Өткен жылы қардың мол мөлшерде түскеніне қарамастан ауыл көшелері толық қардан тазаланып отырды. Сонымен қатар  республикалық күре жолда қар құрсауында қалып қойған 22 автокөлік қардан шығарылды.   Осындай төтенше жағдайлар туындағанда ауыл азаматы Ғ.Турсунов техникасымен көмектесіп жатады. Биылғы жылы «Аянбек» шаруа қожалығының техникасымен келісіп отырмыз.

     Санитарлық тазалық ауылды көркейту жөнінде ауыл азаматы Ғ.Қадылдың камаз автокөлігі, К-150 жүк тиегіш тракторымен және «Тоқбай» шаруа қожалығының техникасымен, меншікті техникаларымен қыстай мал астынан шыққан 2000 тн. астам үйінді күл-қоқыстар сыртқа шығарылды. Қатты қалдықтарды төгетін арнайы бір орын белгіленген.  Көше бойындағы ағаштар бағаналар ақталып, жаз айларында барлық мекемелер, оқушылар сембілікке шығып ауыл ішін күре жол бойын, алма бақтарды тазарту жұмыстары ұйымшылдықпен өткізіліп келеді. Ауылға кіреберістен орталыққа дейінгі асфалть ойықтарына, құм, тас төгілді. Жолдың тозығы жеткен ескі сын көтермейтіні өздеріңізге белгілі. Биылғы жылы облыстық бюджеттен 27 млн. теңге қаражат бөлініп, көктем айларында жолды жөндеу жұмыстары қолға алынады. «Ақбұлақ» ауыз су бағдарламасы бойынша ауылға су тарту жұмыстары мен сметалық құжаттары әзірленуде. Өткен жылы көркейту абаттандыруға бөлінген 50 мың теңгеге баннерлер алынып ілінді.

Қосымша баннерлер ілетін бағандар жасалынып, орнатылды. Ауылдың ортасында бұрынғы қайтыс болған Карлагтардың зиратына қоршау жүргізіліп, толық аяқталды. Сонымен қатар Қарлаг құрбандарына 3300 млн. теңге қаражатқа мемориалдық тақта орнатылып, салтанатты түрде ашылды. Ауылға кіреберіске «Жан жүрегім AKOI» атты жарық шамымен безендірілген ауыл атауы орнатылды.

     Қысқы дайындыққа келсек ауылдағы үйлерге орта есеппен 1200 тоннадай көмір түсіріледі. Бюджеттік мекемелер орта мектепке 300 тн. мәдениет үйіне 180 тн. ФАП-не 20 тн. көмір түсірілді. Мектеп, Мәдениет үйлерінде қазандықтарға қосымша насостар, тоқ беретін генераторлармен қамтамасыз етілді.

 Округ көлемінде 53 әр түрлі әкімшілік құқық бұзушылық орын алды оның ішінде 6 адам әкімшілік қамауға алынса, әкімшілік учаскесінде 5 қылмыс орын алса 2-іс ашылып тиісті шара қолданылған.

   Біздегі шешілмей келе жатқан мәселенің бірі ұялы телефонның қолданылмауы. Бұл жөнінде жоғарғы тиісті огандарға AKTIV.KCEEL басшыларына аудандық, облыстық мәслихат депутатарына да ауызша жазбаша түрде хат жазылып келеді.

     Бүгінде 140 үйде телефон нүктесі, оның 69 ғаламтор желісіне қосылған, 115 нүкте ID TV телеканалын көріп отыр.

       Әкімшілік аппаратына жыл ішінде тұрғындар тарапынан 23 ауызша және жазбаша түрде өтініш, арыздар түсіп, олар уақытылы шешімін тауып отырды. Ауыл тұрғындарымен әр түрлі мәселе бойынша 12 жиын өткізілді. Қоғамдық ұйымдармен мектеп, дәрігерлік пункт және басқа ұжымдармен тікелей байланыста жұмыс атқарамыз. Жылына екі мәрте санақ жүргізу, баспасөзге жазылу, тоқсан сайын жәрдемақы құжатарын жинау мәселелермен шұғылданады. Әлі де шешілмей жатқан мәселелер аз емес алға қойған жоспарларда орталыққа дейін 1 км. жолды асфальтау, ауыз су тарту, балалар ойын алаңын салу сияқты т.б жұмыстарды қолға алуды жоспарлаудамыз.

     Тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

Ақой ауылдық округінің әкімі:                                                                                              Ж.Қасым


Келулердің саны: 87


Жоғары