print

Аудан әкімі Р.Қ.Әбдікеровтің аудандық Мәслихаттың депутаттары алдындағы 2014 жылдың 6 айы бойынша есебі

 

Аудан әкімі Р.Қ.Әбдікеровтің аудандық

Мәслихаттың депутаттары алдындағы  2014 жылдың 6 айы бойынша есебі  

_________________________

Ақсу – Аюлы,  14 тамыз, 2014 жыл 

 

Құрметті депутаттар!

Осыдан бірнеше күн бұрын Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдің экономикалық және әлеуметтік даму барысын қарады. Президент Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елдің қатарына қосылуына бағдар болатын «Қазақстан-2050» стратегиясында көзделген міндеттердің жүзеге асуын сараптап, дүние жүзінде болып жатқан ахуалдар аясында не істелуі керек екенін айқындап берді.

Бұл тұрғыда аса зор жаупкершілік жергілікті жерлерге, еліміздің әрбір өңіріне артылады. «Сондықтан әрбір мекеме, шағын бизнес, іске қосылған зауыт пен фабрика жұмыс істеуі керек» - деді Елбасы.       

Ағымдағы 2014 жылдың жарты жылында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі көрсеткіштер жоспары ойдағыдай орындалды. Оған дәлел,нақты сектор саласындағы кәсіпорындармен 13605 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтер көлемі 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3327 млн. теңгеге, немесе 1/3 есеге артып, айғақтық көлем индексі 119 пайызды құрады.                

Тау-кен өнеркәсібінде 10 506 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, ол өткен жылдың сәйкес мерзімінен 34 пайызға өсті.

 Аудандағы іргелі тау-кен кәсіпорыны «Нова Цинк» серіктестігінде қаңтар-маусым  айларында 5077 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2013 жылдың тиісті мерзімінен 48 пайызға көбейтуге қол жеткізілді. Биылғы жылы өткен жылғыдан 4  мың тонна мырыш, 1 мың тонна  қорғасын қоспаларын артығымен шығарды.

        Еліміздің индустрияландыру картасы бағдарламасы бойынша ашылған «Бапы» кен орны ағымдағы  жылдың қаңтар-маусым  айларында  967,3 мың тонна темір кенін өндірді, өндірілген өнімнің ақшалай түріндегі көлемі  5007,2  млн. теңгені құраса, 2013 жылдың тиісті мерзімінен 967,6  млн тенгеге артты.

        Алайда, оның өнімін сатып алушы Қытай және Ресейдің ішкі нарықтары темір қоспасымен толық қанағаттандырылуына байланысты биыл сұраныс төмендеп кеткен.

        Қазақстандық металлургия алыбы «АрселорМитталл Теміртау» да «Бапы Майнинг» серіктестігі өндірген өнімге қызығушылық танытпауда. Сондықтан, биылғы жоспарланған толық қуатына, яғни 3 млн. тонна темір өндіруге бұл кәсіпорынның жетуі неғайбыл болып отыр.

        Тау – кен өндірісінде темір және марганец өндірумен айналысатын «МеталлТерминалСервис» серіктестігі өндіріспен тек жазда ғана айналысып жүргендіктен көлемін ұлғайта алмай отыр.

        Ал, «Крамдс-Кварцит» серіктестігінің шығарып жатқан минералына деген сұраныстың болмауына байланысты былтырғыға қарағанда өнімін екі есеге азайтып алды. Кәсіпорын алты айда небары 61,5 мың м3  кварцит өндірді, өткен жылы бұл көрсеткіш 132 мың м3 болатын.

        Өнеркәсіптің өңдеу саласындағы «Ақадар доңғалақ цехы» мен «Ырыс-2004» серіктестіктері ағымдағы жылдың бірінші жартысында 709 млн. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылғы деңгейде келе жатыр.

        Ал, сумен жабдықтау және электр қуатын тасымалдаушы кәсіпорындар 2014 жылдың есепті кезеңінде 1738 млн. теңгенің қызметін көрсетіп, көлемін 17 пайызға ұлғайтты.        

        Меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша негізгі капиталға 4605,2  млн. теңге инвестиция құйылды, ол өткен жылдың сәйкес мерзімінен 479  млн. тенгеге, яғни 12 пайызға артық.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне шағын және орта кәсіпкерлік саласында 1998 құрылым тіркелсе,  өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 6 құрылымға өскен.  Осы салада жұмыспен қамтылғандар 4227 адам, өткен 2013 жылдың сәйкес мерзімінен 2 пайызға артық. Шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарымен өндірілген өнім көлемі осы жыдың бірінші жарты жылдығында 5635 млн. теңгеге жетіп, өткен жылғы деңгейден 27 пайызға өсті.

Аудан бойынша 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген жалпы құны 10850,0 млн. теңгені құрайтын 2 жоба өз істерін оңынан атқаруда Олар: «Бапы кенорнын  игеру» жобасы, құны 10500 млн. теңге және Ақой ауылындағы  350,0 млн. теңгелік 2000  басқа арналған  ірі  қара мал бордақылау алаңының құрылысы.

«Бапы Майнинг» туралы жоғарыда айттық. Кеніште өндірістік потенциал негізінен қалыптасқан. Ал, «Дарн и Н» шаруа қожалығында бүгінгі күнге 2040 шаршы метрлік үш мал қора, ветлаборатория, қолдан ұрықтандыру пункті, 60 шаршы метрлік қойма, су соратын станция, екі тұрғын үй салынса, 20 млн. теңгеге жаңа ауылшаруашылық техникалары алынды.

Ауданда «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына енгізуге жалпы құны 484,5 теңгені құрайтын 3 жоба ұсынылмақшы. Олар: 1) Өспен ауылынан «Жүн,тері өңдейтін кәсіпорынға құрал жабдықтар алу» – құны 10 млн. теңге; 2) Ақжал кентінен «Жандос» шаруа қожалығы үшін «Инженерлік-инфрақұрылымды дамыту» – құны 342 млн. теңге; 3)  Ақадыр кентінен «Тілегенов» жеке кәсіпорынына «Мал сою және бордақылау алаңын салу» – құны 134 млн. теңге. 

        Ағымдағы жылы ауылдық округтермен кенттер әкімдеріне берілген тапсырмаларға сәйкес алты айдың қорытындысымен 185,8 млн. теңгені құрайтын 35 шағын инвестициялық жоба іске асырылды, нәтижесінде 48 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ауданның әлеуметтік саласын дамыту мақсатында аудан аумағында жер қойнауын игеруші ірі және орта кәсіпорындармен 84,6 млн. теңгеге, шаруашылық құрылымдармен 45 млн. теңгеге, жалпы сомасы 130 млн. теңгені құрайтын 29 меморандумдар жасалып, қол қойылған. Қазіргі уақытта осы меморандумдарға сәйкес кәсіпорындар мен шаруашылық құрылымдары келісілген қаржыларын мемлекет бюджетіне түсіріп, тиісті міндеттемелерді жүзеге асыру шараларына кірісіп те кетті. Өткен жылдың жеті айындағы меморандумдар сомасы 100 млн. теңге болғанын айта кету керек. 

Меморандумдар бойынша бірінші кезекте тұтынатын азық – түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. Тоқталып өтсек, ағымдағы жылы облыстық тұрақтандыру қорынан аудан тұрғындарына арзандатылған 1 сұрыпты ұн наубайханаларға нан пісіріп сатуға 150 тонна ұн алынды. Ал, ет бағасын тұрақтандыру мақсатында ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі арқылы мал басын асылдандыруға субсидия алып отырған шаруа қожалықтарымен дүкендерде ет сату ұйымдастырылып отыр. Осы жылы ауылдық округтер мен кенттер әкімдері жергілікті азық-түлік тауарларын сататын 151 дүкен иелерімен бағаның құнын жоғарылатпауға меморандумға отырды. 2013 жылы осындай 146 меморандумға қол қойылған болатын. Бағаны тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар әлі де өз жалғасын таба бермек.

Ағымдағы жылдың 20 наурызында аудан бойынша инфляциялық процестерді тежеу жөнінде іс – шара жоспары дайындалып бекітілді. Қамтылған іс – шаралар бойынша қамтылған жұмыстар жүргізілуде.

Қант бағасының күрт өсуіне байланысты облыстық тұрақтандыру қорынан төмендетілген 20 тонна қант алынып, аудан тұрғындарына сату жұмыстары ұйымдастырылған болатын. Бүгінде қант бағасының тұрақталуына байланысты бұл жұмыс тоқтатылды.

Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуында үлесі зор ауылшаруашылғы саласында жалпы өнімнің көлемі 5 823 млн. теңге болып, меже 119 пайызға  орындалса,  өткен жылдың  сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8 пайызға артқан. Айғақтық көлем индексі 102 пайызды құрады.

Мал басын көбейту және өнім көлемін ұлғайту мақсатында мал шаруашылығында жобаланған селекциялық және тұқым асылдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні, аудан аумағында 14 асыл тұқымды мал шаруашылығы жұмыс істейді.

Осы жылы С.Сейфуллин атындағы кентте орналасқан «Қарағанды сүт» Комбинатының  филиалы аудандағы 27 елді мекен тұрғындарынан 2416  тонна сүт жинап, өнім  өткізушілер 126 млн. теңгенің табысын  иеленді. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда елді мекендер қатары бесеуге, ал жиналған сүт көлемі 154  тоннаға  өсті.  

Аудан бойынша былтырғы жылы шаруа қожалықтарында тыс жерлерден сатып алған асыл тұқымды мал бастарының барлық саны 367 бас болса, соның ішінде: 61 бас қазақтың ақ бас, 306 бас симментал тұқымды сиырлар. Ал, Ресейдің Алтай өлкесінен жыл басынан бері «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» аясында аудандағы «Жандос» шаруа қожалығы 112  бас, «Жолғұтты» шаруа қожалығы 187 бас симментал тұқымды ірі қара сатып әкелді.

Аудандағы барлық шартты түрдегі мал бастарының саны 143,6  мың басқа жетті. Мүйізді ірі қара саны былтырғы деңгейден 3 пайызға, қой ешкі саны 5 пайызға, жылқы – 7 пайызға дейін өскені байқалды.  

Өндірілген ет көлемі -7,9 мың тонна, сүт-33,3 мың тонна, жұмыртқа 4,2 млн дана, 2013 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ет-7,1 пайызға, сүт – 1,7 пайызға, жұмыртқа- 7,4 пайызға, жүн 0,4 пайызға көбейді.

  Ағымдағы жылы  сүттік бағыттағы ірі қара малды дамыту мақсатында  Өспен, Бұрма ауылының тұрғындары  облыстық «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»  акционерлік қоғамы арқылы 100 бас  асыл тұқымды симментал аналық  сиырын алуға Павлодар облысымен  келісім шарт жасалып, жыл аяғына дейін әкелінбекші.   Өткен жылдың аяғында әкелінген 40 бас симментал сиырлары бүгінгі күні төлдеп сауылып тұр.

2014 жылдың І-ші жартыжылдығында ірі қара мал бастарын  асылдандыру мен мал бордақылау тұрғысында ауданның шаруа қожалықтары әр түрлі қаржы-несиелік институттарынан 44 жобаға 157 млн. теңге көлемінде алынған несиеге 136  бас ірі қара, 2 бас асыл тұқымды бұқа,  865  бас қой,  167  бас жылқы алған. Сонымен қатар тауар өндірушілер 78,1 млн. теңгеге 21 бірлік доңғалақты трактор сатып алды, оның 4-і  лизингке, 17-і өз қаражаттары есебінен алынды.  Жыл аяғына дейін несие алушылардың несие сомасын екі есеге дейін ұлғайту, оларға тиісінше алынатын малдардың басын көбейту бағытында жұмыстар жүргізіле бермек.

2014 жылдың аяғына дейін ауыл шаруашылығының тауарларын өндіруші 180 шаруашылық 160 млн. теңге,  сонымен қатар, ірі қара малдарын асылдандыру бойынша 400 шаруа құрылымдары 183 млн. теңге, барлығы 580 шаруашылық құрылымдары 343 млн. теңге көлемінде субсидиялар алады деп күтілуде. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасына олардың құжаттары толық тапсырылған.

Өткен жылы ауданның ауылшаруашылығы бөлімі  құрылтайшысы болып жаңадан құрылған «Ветеринариялық станция» аудан аумағында ветеринариялық іс-шаралар: мал бастарын бірдейлендіру және атрибуттар қаржыларының жиналуымен шұғылдануда; ең бастысы әр түрлі ауруларға қарсы маусымдық егу жұмыстары кейінгі екі жылда  жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Бүгінгі күнге, ауданның 60 елді мекенінен 551 бас ірі қара бруцеллез ауруына шалдыққан, кәзір олар 90 пайыз залалсыздандырылды.

        Аудан бойынша 2014 жылдың көктемінде 17192 гектар масақты дәнді-дақылдар себілді, соның ішінде 5691 гектар бидай, 11081 гектар арпа және 420 гектар сұлы, 1013 гектар жерге картоп отырғызылды. 300 гектар масақты майлы дақылдар себілді. 3705 гектар  жерге көп жылдық  шөптер, соның ішінде 3405 гектарға еркек шөп (житняк) және 300 гектарға  жоңышқа егілді.Cонымен қатар 420 гектар бір жылдық шөп және 215 гектар екі жылдық түйе жоңышқа шөбі себілді.

        Ағымдағы жылдың көктемінде ауыл шаруашылығы дақылдарын себу жоспары 100 пайыздан асыра орындалды. Астық салған шаруалармен, биылғы жылы өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру келісім  шартына отыру жұмысы толық аяқталды. Жыл аяғына дейін 13551 тонна астық және 20597 тонна картоп жинау жоспарланып, орташа түсімі әр гектарына тиісінше 7,8 центнерден және 210 центнерден күтілуде.

        Дәнді дақылдардың көлемін ұлғайту және өсімдік шаруашылығында озық технологияны кеңінен қолдану мақсатында Красная поляна ауылдық округіндегі «Шерубай Су» серіктестігінің базасында аудандық семинар өткізіліп, онда жаңа техника мен агротехникалық өндірістер практика жүзінде көрсетілді.

Ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасына» жалпы сомасы 399.8 млн. теңгені құрайтын төрт жоба аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынылған. Бүгінгі күнге Нұраталды ауылдық округіне қарасты «Бурабай» шаруа қожалығы «КазАгроФинанс» арқылы қолдау тауып отыр, ал «Жандос» шаруа қожалығының жобасы жыл аяғына дейін іске асырылады. Бұл қаржыға шаруа қожалықтары тракторлар мен басқа да техникалар алып, машина – трактор паркін жаңалайтын болады.       

Осы жылдың бірінші жарты жылдығында жалпы көлемі 45000 гектар жерге конкурс өткізіліп, айналымға енгізілді. Ауылшаруашылығы жерлерін мақсатты пайдаланбағаны үшін 12 шаруашылық құрылымдарынан 13488 гектар жер телімдері мемлекеттік жер қорына қайтарылып алынды.

Ауданның шаруашылық құрылымдарының балансындағы жер телімдерін мақсатты және тиімді пайдалануына талдау жұмыстарын жүргізу жөнінде аудандық жұмыс тобы құрылып, құрамына облыстық жер инспекциясынан лауазымды тұлғалар енгізілді.

Ауылшаруашылық жерлерін пайдалану, оны күтіп ұстау және айналымға енгізу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мақсатында облыстық жер қатынастары басқармасы мен жерді ғылыми өңдеу орталығы ауданның шаруа қожалықтарының қатысуымен 1 рет аудандық АгроКеңес, 2 рет семинар-кеңес өткізді.

Ауданның нақтыланған бюджетінің кіріс жоспары 6 айда 103  пайызға орындалып, межеленген 933 млн. теңгенің орнына 963 млн. теңге алым – салық түсті.

Алты айдағы шығыс жоспары 2 026 млн. теңге болса, жұмсалғаны да сол шамада болып, 100 пайыздық көрсеткіш қамтамасыз етілді. Игерілмей қалған қаржы 0,8 млн. теңгені құрады, олар жасалған үнем ақша мен қалдықтар.

Республикалық 91,6 млн. теңге, облыстық 2,1 млн. теңге трансферттер толығымен түсіп 100 пайызға игерілді.                 

Ағымдағы жылдың жарты жылдығында 6089 шаршы метр тұрғын алаң пайдалануға беріліп, жоспар 106 пайызға орындалды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10 пайызға артық. Анығында біздер тұрғын    үй салудың жоспарын жеке меншік үй салушылардың есебінен-ақ орындап отырмыз. 

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының көлемі 831 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысымен салыстырғанда екі еседей өсті.

Биылғы жылға «Қолжетімді баспана 2020»  бағдарламасы аясында Ақсу-Аюлы ауылындағы 16 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыруға республикалық және облыстық бюджеттен қаралған 76,9 млн.  теңгеге бас мердігер «Шет-строй» серіктестігі анықталып, бүгінде құрылыс жұмыстары басталып кетті. Ал инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыру нысаны бойынша қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Бұл арендалық негіздегі тұрғын үй болуына байланысты, аудан аумағындағы тұрғын үй кезегінде тұрған аз қамтылған отбасыларды және мемлекеттік қызметкерлерді өз кезегінде баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндіктер туғызуда. Бұның сыртында кәсіпорындар тарапынан ведомстволық үйлер де салына бастады. Ақжал кентінде «Нова Цинк» серіктестігі өз кеншілеріне арнап шілде айында 12 пәтерлік үй салып, кілтін тапсырды. Ал «Қазақстан темір жолының» облыстық филиалы стансаларда 2 пәтерлі үш үйдің құрылысын жүргізуде.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Ақадыр кентіндегі пайдаланылмай бос қалған 70 пәтерлік үйді қайта жаңартуға, Ақсу-Аюлы ауылында 12, 4 және 2 пәтерлік жалдамалы тұрғын үйлердің құрылысына жергілікті бюджет есебінен жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.

        2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік «Ақ бұлақ» бағдарламасына сәйкес 2013 жылы Ақадыр, Мойынты, С.Сейфуллин атындағы кенттің және Бұрма ауылының жер асты су қорларын анықтау геологиялық барлау жұмыстары бойынша оң қорытындылар алынған болатын. Сол себепті, аталған елді мекендердегі су құбырларын қайта салу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге бюджеттен жалпы 17,2 млн теңге қаралып, қазіргі уақытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.

       2014 жылы ауданымызда коммуналдық салаға аудандық және республикалық бюджеттерден жалпы 363,5 млн. теңге қарастырылды. Оның ішінде, аудандық бюджеттен 199,0 млн. теңге, республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 164,4 млн. теңге бар.

Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық іс-шараларды ұйымдастыруға аудандық бюджеттен бөлінген 96,6 млн. теңге төмендегі жұмыстарға бағытталған:

Көгалдандыруға қаралған 900 мың теңгенің 600 мың теңгесі ағаш көшеттері мен екпелер отырғызуға, 300 мың теңге күтіп ұстауға бағытталды. Аудан бойынша көктем айларында 2080 түп ағаш көшеттері мен гүлзарлар отырғызылды.

Төменгі Қайрақты, Мойынты, Батық елді мекендерінде жалпы ұзындығы 1500 метр декоративті темір-бетон қоршаулары орнатылды.

Ақсу-Аюлы ауылында 15 млн. теңгеге С.Сейфуллин атындағы сквердің екінші жақ бөлігін жөндеуден өткізу жүргізілуде.

Көшелерді жарықтандыру жұмыстарына қаралған 38 млн. теңгенің 23 млн. теңгесіне күн көзінен қуат алатын шамдарды орнату жұмыстары қолға алынып Ақсу-Аюлы, Ақой, Ақшоқы, Красная Поляна, Батық, Өспен, Бұрма, Үңірек, Кеншоқы, Жарылғап Батыр, Талды, Нұраталды, Киікті елді мекендерінде жалпы 95 дана жарық нүктелері орнатылды. Қалған қаражат электр энергиясы арқылы қамтамасыз етілетін жарық нүктелеріне жұмсалатын шығындарды өтеу және күтіп ұстау жұмыстарына бағытталды.

Балалар ойын алаңдарын орналастыру бағдарламасымен көп салалы  хоккей алаңдарын салу жұмыстарына 16 млн. теңге қаралып, Ақсу-Аюлы және Ақжал елді мекенінде осы нысандардың құрылысы жүргізілді.

Абаттандыру жұмыстарымен елді мекендердің ішкі көшелерінің безендірулеріне де көңіл бөлініп, 1,5 млн. теңгеге Ақсу-Аюлы, Ақжал, Бұрма, С.Сейфуллин елді мекендерінде банерлер мен билбордтар жаңартылды.

2014 жылы аудан аумағында автокөлік жолдары инфрақұрылымын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға жалпы 223 млн. 900 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді. Оның 65 млн. теңгесі аудандық бюджеттен, 149 млн. теңгесі «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша, 9 млн. 900 мың теңгесі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша.  

Аудандық бюджеттен бөлінген 65 млн. теңгенің 15 млн. теңгесі қысқы маусымда аудандық маңыздағы 202 км. жолдарды және елді мекендердің ішкі көше жолдарын қардан тазалау мен жазғы маусымдағы күтіп ұстау жұмыстарына бағытталып игерілуде. 

Қалған 35 млн. теңгеге аудан орталығындағы Жаңқұтты би көшесіндегі 2 шақырым жол орташа жөндеуден өткізілсе, 15 млн. теңгеге Ақжал кентіндегі 1 шақырым ішкі көше жолы орташа жөндеуден өткізілмекші.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша қаралған 149 млн. теңгенің 77 млн. теңгесіне аудандық маңыздағы Нұраталды-Ақшоқы бағытындағы 54 шақырым жолдың 30 шақырымы орташа жөндеуден өткізілуде. Бұл төртінші санаттағы көтерме автокөлік жолы тегістеліп, қйыршық тас төселуде. Сонымен қатар Ақадыр кентіндегі Қыздарбеков көшесінің 1,1 шақырым ішкі автокөлік жолын орташа жөндеуден өткізуге 24,4 млн. теңге, Ақсу-Аюлы ауылындағы Дербісалы батыр көшесінің 1,2 шақырым ішкі автокөлік жолын орташа жөндеуден өткізуге 22,1 млн. теңге, Нұраталды ауылындағы Байзақов көшесінің 1,6 шақырым ішкі автокөлік жолын орташа жөндеуден өткізуге 25,5 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.   

        «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 9,9 млн. теңгеге Мойынты кентіндегі Таныбай батыр көшесінің 1,2 шақырым ішкі автокөлік жолы қиыршық тас төсеу арқылы орташа жөндеуден өткізіледі.

        Жалпы алғанда 2014 жылы аудан бойынша 35 шақырым автокөлік жолдары орташа жөндеуден өткізілетін болады.

Ауданның білім, дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға өткен жылы 2 млрд. 612 млн. теңге қаралса, осы жылы бұл салаға 2 млрд. 700 млн. теңге бағытталып отыр

Ауылдық елді мекендерден халықтың көшуіне байланысты оқушылар саны азаюда, осыған сәйкес өткен жылы ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативі туралы» №1256 қаулысына сәйкес 3бастауыш, 2 негізгі мектеп жабылып, 2негізгі мектеп бастауыш мектептер болып қайта құрылды. Осы жылы да бала санының азаюына байланысты Ортау, Байгозы Батыр, Ж.Алтайбаев атындағы орта мектептері негізгі мектепке, Ақадыр, Ақбауыр, М.Жапақов, Қызылту, Мұхтар негізгі мектептері бастауыш мектепке айналдырылмақшы. 

2014-2015 оқу жылында Ә.Ермеков атындағы орта мектептің интернат үйі ғимаратының есік-терезелерін  ауыстыру  үшін 13 млн. теңге, Дәрия орта мектебіне ішкі дәретхана салу, есік-терезелерін  ауыстыру үшін 15 млн. теңге, Бұрма орта мектебіне жылу жүйесін жөндеу  үшін 11 млн. теңге, Ақадыр кентіндегі «Балбөбек»  балабақшасына есік-терезелерін  ауыстыру үшін 10,2 млн. теңге, Ақой орта мектебіне есік-терезелерін  ауыстыру үшін 20 млн. теңге, Ақсу-Аюлы  ауылындағы интернат ғимаратына толық жөндеу жұмыстарын жүргізі үшін 50 млн. теңге, дренаж жасауға 10 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күні  жөндеу жұмыстары  қарқынды жүргізілуде. Жұмыс белгіленген кестеге сәйкес мерзімде, яғни жаңа оқу жылына дейін  аяқталады.

Ал, аудан орталығындағы интернат ғимараты 1 айдан соң тапсырылады деп күтілуде. Сонымен қатар, үнемделген қаржы есебінен Көктіңкөлі, Әлихан, Жарық, Талды мектептері мен оқу-өндірістік комбинатының жылу жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.              

Жыл соңына дейін республикалық бюджеттен 20 млн. теңгеге 5 химия кабинетін алу, 5 млн. теңгеге спорттық тауарлар алу және 6,3 млн. теңгеге 70 компьютер алу жоспарланып отыр.

        Қазіргі уақытта мектептегі 6,3 оқушыға 1 компьютерден келеді. Барлық компьютерлер саны – 1168 дана. Интернет желісіне мектептер толық қосылған, ал кең жолақты интернет желісіне аудан бойынша 36  мектеп қосылған. Үлеске шаққанда бұл 68 пайызды құрайды.

Биылғы жылы жасөспірімдердің жазғы демалуы мен сауықтырылуын ұйымдастыруға аудандық бюджет есебінен 13 млн. теңге қаржы бөлініп, игерілді. Оның 7,4 млн. теңгесі тамақтану мен мектеп жанындағы тынығу алаңдарын ұйымдастыруға жұмсалды. Бұл алаңдар 28 мектепте ашылып, онда 1960 бала қамтылды. Ал 5,6 млн. теңгесі қала сыртында тынығу лагерлеріне жұмсалды. Бұл орындарда аудан мектептерінен 160 бала қамтылды.

Мектеп базасынан ашылған 33 шағын орталық пен 5 балабақшада тәрбиеленіп жатқан балалардың саны – 1604. Аудандағы жалпы мектепке дейінгі мекемелермен балалардың қамтылуы -79  пайызды құрайды,  ал, 250 бала кезекте тұр.   

          2014 жылы жергілікті бюджет есебінен 6 млн. теңге қаржы бөлініп, Нұраталды, Талды, Ш.Уәлиханов орта мектептері базасынан 50 орындық мектеп-балабақшалары ашылып, іске қосылды.   Облыстық бюджеттен 320 млн. теңгеге  Ақадыр кентінде 160 орындық  балабақшаның құрылысы аяқталып, қыркүйек айында тапсырылады деп күтілуде.  

2013-2014 оқу жылында ауданда 54 мектеп жұмыс істеді, олардағы 620 сыныпқа барлығы  7517 бала оқуға тартылды. Аудан бойынша білім сапасы 49,6% болса, үлгерімі 99,6% құрады. Оқу үздігі – 1414 оқушы, барлық оқушының 18,2% құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда олардың саны 5%-ға өсті. Білім сапасын тексерудің бірден – бір көрсеткіші, ол Ұлттық бірыңғай тест. Биылғы оқу жылында орта мектепті 392 оқушы бітіріп, соның 58 пайызы (228) Ұлттық бірыңғай тестіге қатысып, 68,7 бал алды. Бұл өткен жылғы аудандық орташа балдан 6,7 пайызға жоғары.      

Мектеп жасындағы оқушылар арасында құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу мақсатында Ақадыр кентіндегі Ю.Гагарин, Ә.Ермеков, М.Мәметова және Ақсу – Аюлы ауылындағы Ы.Алтынсарин, М.Горький орта мектептерінде бейнебақылау құралдарын орнату үшін 7 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу шаралары жүргізілуде.

Бейімделген үйлерде орналасқан мектептердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазір бес бастауыш мектепке дабыл қаққыш аспаптар орнатуға 2 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.  

        Ауданда спорттық инфрақұрылымды дамыту мен тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасалған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек ауданның жалпы тұрғындарының ішіндегі 15649 адамы, яғни 35,2 пайызы бұқаралық спортпен шұғылданады екен. Оның дәлелі, 2 стадион, 4 спорт кешендері, 7 мылтық ату тирлары, 3 хоккей корты, 120 спорт алаңдары мен 40 спорт залдары, барлығы 180 спорттық нысандар тұрғындарға қалтқысыз қызмет атқарып отыр. 

        Осы жылы Ұлттық спорт түрін дамыту, аудандық және облыстық спорттық жарыстарды ұйымдастыру мен қатысуға  барлығы 9,5 млн. теңге қаржы қаралған.

        Ақсу – Аюлы мен Мойынты кентінде көп салалы хоккей корты салынып, пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін Жұмыскер ауылында жерлесіміз Мұрат Жадаев жасыл төсеніші бар футбол алаңын салып бермекші.     

        Өткен жылы аудан мектептерінің ішінен 8 аула клубтары ашылып, өз жұмыстарын жүргізуде. Жыл көлеміне әзірленген спорттық ойындардың күнтізбесіне сәйкес 49 аудандық спорттық шаралар ұйымдастырылып, 23 облыстық, республикалық жарыстарға ауданнан 430 спортшы қатысты.    

        Үнемі назар мен қолдауға ие спортшыларымыз түрлі спорттық сайыстарда жетістіктерге жетіп жүр. Жуарда Қарқаралы қаласында өткен өткен ауыл спортакиадаларының облыстық жазғы «Сарыарқа-2014» спортакиадасында жүоделі үшінші орынға ие болды. (өткен жылы 5 орын алған)

        Тура осындай 3 орынды жас атлеттеріміз облыстық оқушылардың спортакиадасында жеңіп алды.       

Өткен жылы мәдениет саласын дамыту үшін- 258 млн. 265 мың теңге қаралса, осы жылға жергілікті бюджеттен - 237 млн. 859 мың теңге қаржы  бөлінді.

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында Еркіндік, Жоғарғы Қайрақты ауылдық кітапханалары мен Ақбауыр, Жоғарғы Қайрақты, Шопа ауылдық клуб үйлері орналасатын ғимараттың жоқтығы және материалдық техникалық базамен қамтамасыз ету мүмкіндігінің болмауына байланысты жабылды. Олардағы кітап қорлары Өспен, Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханаларына беріліп, аталған елді-мекен тұрғындары үшін жылжымалы кітапхана ұйымдастырылды.

        2014 жылы аудандық орталық кітапханаға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 5,4  млн. теңге, жергілікті бюджеттен 600 мың теңге, барлығы 6 млн. теңгеге, Бұрма ауылдық мәдениет үйінің төбесіне жергілікті бюджет арқылы 10 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Кітапхана саласының материалдық-техникалық базасын дамыту үшін– 1,5 млн. теңге қаралса, кітап қорын толықтыруға 2,5 млн. теңге бөлінді.

Ауданның мәдениет үйлері мен ауыл клубтарының материалдық–техникалық базасын нығайту үшін бюджеттен – 3,9 млн. теңге бөлініп, аудандық мәдениет үйіне 2 млн. теңгеге ұлттық музыкалық аспаптар сатып алынса,  1 млн. теңгеге Ақадыр мәдени-сауық орталығына музыкалық аспаптар алынып, киім тіктірілді.

Өспен ауылдық мәдениет үйіне 900 мың теңгеге жаңа музыкалық аппаратура алып берілді.

        Ақадыр мәдени-сауық орталығына мерекелік шараларды өткізуге 300 мың теңге, теміржолшылар күнін атап өтуге 500 мың теңге қаржы  бөлінді.

Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінің алаңына 3,6 млн. теңгеге Домбыра мүсіні қойылды.

        Кітапхана жүйесі бойынша І жарты жылдықтағы оқырмандар саны 16517, тұтынушылар саны 2153, кітап берілімі 330956, келушілік 187888, электронды құжаттар берілім саны 7928-і құрады. Кітапханалар бойынша 392 іс шара өткізіліп, оған 4588 адам қатысты.

        Кітапхана жүйесінде телефон байланысына қосылғаны – 25 мекеме.  Жүйе бойынша 54 компьютер, 5 планшет бар. Барлық кітапханалар компьютерленген, 19 кітапхана интернет жүйесіне  «Мегалайн» арқылы қосылған.

        2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын iске асыру медициналық қызмет көрсетудiң профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз етуге, медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгi мен сапасының деңгейiн арттыруға, арнайы әлеуметтiк қызметтердi енгiзуге, денсаулық сақтау жүйесiн қоғамның қазiргi талаптарына және нарықтық жағдайларына бейiмдеуге, сондай-ақ халықтың өзiн-өзi сақтау мiнез-құлқын қалыптастыру үшiн жағдай жасауға ықпал ететiн болады. 

        Бұрынғысынша еррекше назар ауыл халқының денсаулығына аударылып, селолық жерлердегі медициналық базалар нығайтылады.   

Облыстық бюджеттен 400 млн. теңгеге Ақжал, С.Сейфуллин кенттерінде және Өспен, Нұраталды ауылдарында отбасылық дәрігерлік амбулаториясының ғимараттары жаңадан салынып, жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде.

Ауданның поликлиникалары мен дәрігерлік амбулаторияларында 2-рентген, 4-флюорографиялық, 16- ЭКГ, эндоскопия, телемедицина, 2-УЗИ, 8-физиотерапия кабинеттері және 18-клиникалық-диагностикалық зертханалар жұмыс істейді. Ауданда 57 дәрігер,  266 орта буындағы  мейірбикелер еңбек етуде.  Дәрігерлердің 37 пайызында  біліктілік категория бар. Орта буындағы медицина қызметкерлерінің 77 -і  біліктілік категория алған, бұл 29 пайызды құрайды. Бүгінде, жетіспейтін 10 дәрігер маманы, олар  акушер-гинеколог, отоларинголог, рентгенолог-2, терапевт, окулист, фтизиатр, жалпы тәжірибедегі дәрігер мамандар, педиатр, психиатр-нарколог. Осы жылдың сәуір айында 1 жас маман дәрігерге 200 мың теңге көтерме сый ақы  берілді.   

  Әлеуметтік маңызы бар науқас түрлеріне  туберкулез ауруы және  қатерлі ісік, т.б.  аурулар  жатады. 2014 жылғы 6 айдың  қорытындысы бойынша    сырқаттанушылық деңгейі үш оқиғаға азайған.

        Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің  2011 жылғы 4 қазандағы бұйрығына сәйкес осы жылдың алты айында  диспансерлік есептегі ауруларға, жас балаларға, жүкті әйелдерге 9 млн. теңгеге тегін дәрі-дәрмек  босатылып, 2477 адам қамтылды.    

        Скринингтік профилактикалық тексерудің сапасын арттыру мақсатында, Қарағанды қаласындағы облыстық медициналық орталықтың арнайы жылжымалы медициналық кешенімен, құрамында 15 маман бар  дәрігерлік бригада шақыртылып  ауданның 8 ірі елді мекендерінің тұрғындары скринингтік медициналық тексеруден  өткізілді, ендігі кезекте 3 елді мекеннің тұрғындарын медициналық тексерістен өткізу жоспарда бар.

        «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы 2009 жылдан бері іске асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, ынталандыру және ауылға жас мамандарды тартуға бағытталған.  

        Бағдарлама шеңберінде осы жылдың басынан 32  жас маман 90 877 мың теңге бюджеттік кредит алды. Ал, 53 жас маман 130 мың теңгеден бір реттік көтерме жәрдемақы алып, 7 млн. теңге қаржыны игерді.         

        Ауданның жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органына 2014 жылдың алты айында жұмыс іздеуші ретінде 400  адам тіркелді. Қалыптасқан жұмыссыздық деңгей 1,8 пайызды құрады, есепте тұрған жұмыссыздар саны 532 адам. Есепті мерзім ішінде 251 адам жұмысқа орналастырылды, жоспар 100 пайызға орындалды. Жыл басынан 320 адам қоғамдық жұмыстармен қамтылып, жоспар 123 пайызға орындалды.

Сонымен қатар, 134 отбасына 9,2 млн. тенге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 349 отбасындағы 1065 балаға 10264,3 мың теңге балалар жәрдемақысы  төленді.

Табысы төмен 30 отбасына 701 мың теңге  тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді.

Мұқтаж мүгедектерге жыл басынан бері 7 сағат және 9 дана кресло-арба әперілді. Қарағанды қаласындағы «Қарттар мен мүгедектер үйінде» демалуға 15 адамға жолдама берілсе, үйде тәрбиеленіп, оқитын 6 мүгедек балаға айына 1733 теңгеден барлығы  76,3 мың теңге қаражат жұмсалды.

Ауданда жұмыссыздықты болдырмау, жою және мекемелердегі бос жұмыс орындарын толықтыру мақсатында Ақадыр кентінде осы жылдың 5 маусымы күні «Жұмыссыздар жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, 75 бос жұмыс орындарын 7 кәсіпорын мен 8 мемлекеттік мекеме ұсынған болатын. Нәтижесінде 17 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 110 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.      

  Қоғамдық-саяси жағдай

Ауданның ішкі саясат бөлімі қоғамдық саяси-тұрақтылықты сақтау жөніндегі мемлекеттік саясатты аудан көлемінде жүзеге асыру, аудан тұрғындарының әл-ауқатын ауданның әлеуметтік-экономикалық даму негізінде арттыру, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау орындарының қызметтерін мемлекеттік ішкі саяси жоспарларға сәйкес жүргізіп, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету,        мемлекеттің ішкі саяси жағдайы туралы жұртшылықтың тұрақты мағлұмат алуын ақпараттық-насихат түрлері арқылы жеткізу бағытында жұмыстар атқаруда.

Ауданда екі саяси партияның аудандық өкілеттіктері жұмыс атқарады. Олар «Нұр Отан» және «Ауыл» социал-демократиялық партиялары.

Бүгінгі таңда аудан бойынша «Нұр Отан» партиясының белсенділігі жоғары. Соңғы жүргізілген есеп бойынша партияның 26 бастауыш ұйымы қатарында 2704 адам бар.

        Ауданның қоғамдық пікір көшбасшылары өз жұмыстарын тұрақты атқаруда. Олар Елбасының ұстанып отырған саясатын қолдап, ауданның әлеуметтік – экономикалық жағдайын жіті бақылап, көпшілік жиналған жерлерде пікір, ұсыныстар білдіріп отырады. Сонымен қатар аудандық «Шет шұғыласы» газетінде Елбасы Жолдауын қолдап, аудан аумағында атқарылып жатқан іс-шаралары жайын қамтитын мақалалар үнемі жариялануда.

Шет ауданы бойынша қайта тіркеуден кейін  діни бірлестіктердің жалпы саны 14. Бүгінгі күнде олардың іс-әрекеттерінен заң бұзушылық тіркелген емес.

2014 жылдын 6 айында криминогендік жағдай 2013 жылмен салыстырғанда төмендегідей жалпы қылмыс  саны– 38,5 пайызға, яғни 143-тен 88-ге дейін төмендеген.

Алайда, жасалған аса ауыр қылмыс, қасақана кісі өлтіру, ауыр дене жарақатын түсіру,  кәсіпорындар мен мекемелерден ұрлық жасау мен қоғамдық орындарда орын алған қылмыстардың тіркелуі екі есеге дейін өскен.

Ал, басқа қылмыс түрлері бойынша тіркелуі азайған. Ашылу көрсеткіші де жоғарылаған.

Осы жылдың 6 айында әкімшілік  құқықбұзушылықтар бойынша жалпы көлемі 4  млн. 197 мың теңге айыппұл салынып, оның 3 млн. 384 мың теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді. Өткен жылы соттың шешімімен әкімшілік қамауға 91 тұлға алынса, осы жылы бұл көрсеткіш 96 адамға жетіп отыр.

Өткен жылы іске қосылған әкімшілік тәжірибе қызметімен осы жылдың 6 айында 354 құқықбұзушылық анықталған, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш  24 пайызға төмендеп отыр. Оның ішінде көлік құралын масаң күйінде басқарғаны үшін  37 жүргізуші және жүргізушілік құқығынсыз  12 жүргізушінің көлік жүргізгені анықталып, сот шешімімен 32 адам жүргізушілік куәлігінен айырылды және әкімшілік қамауға алынды.

        Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарын орындауда, аудан әкімі аппараты мемлекеттік органдардағы қызметшілердің мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға деген жауапкершілігін арттыру мақсатында н


Келулердің саны: 3641


Жоғары