print

Ғалым Кәкімжан Ахмеджанұлының жаңа кітаптарының тұсаукесер кеші өтті!

Бүгін аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР – ның АШҒ академиясының корреспондент мүшесі Сарқанов Кәкімжан Ахмеджанұлы «Айтарым бар ауылға» айдарымен, аудан тұрғындарымен кездесті. Кешке ғалымның кезінде Шет ауданың басқарған жылдары әріптес, қызметтес болған замандастары мен зиялы қауым өкілдері және жас кәсіпкерлер қатысты. Шарада ғалымның жуырда ғана баспа бетінен жарық көрген «Сүтті ірі қара физиогенетикасы мен селекциясы» және «Нарықтағы мал шаруашылығы» атты кітаптары туралы баяндама жасалынып, жас кәсіпкерлерге таратылып берілді.

 


Келулердің саны: 318


Жоғары