print

Салық берешегінің жоғы (бары) туралы мәліметті egov.kz порталынан білуге болады

Егер Сізге есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоғы (бары) туралы мәлімет қажет болса, Сіз осы сұрауды egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы оңай ресімдей аласыз.

Осы мемлекеттік қызметті алу үшін:

Порталдан авторизациядан өтіп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасына көшу керек. Өтінішті толтырып, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен не болмаса бір реттік смс парольмен қол қою қажет.

Жеке кабинеттен («Қызмет алу тарихы» бөлімінде) өңделген анықтама мен танысып, талап ету орны бойынша ұсыну қажет.

Қызмет нәтижесі: берешектің жоғы (бары) туралы мәліметті электрондық түрінде беру не болмаса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартутуралысебептемеліжауапболыптабылады.

Қызмет көрсету мерзімі: берешектің жоғы туралы мәлімет – сұрау түскен күннен бастап, 1 жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.


Келулердің саны: 378


Жоғары