print

Тұншықтырғыш газдан сақтан

Жылыту пештерін пайдалану кезінде барлық жанғыш материал жану барысында бөлінетін улы газ айтарлықтай қауіп тудырады.

Республикада жылу беру маусымы басталғаннан бері тұрғын үй секторында улы газбен уланудан адамдардың қаза болу және жарақат алу оқиғалары орын алуда.

Улы газбен уланудың негізгі себептерінің бірі – қалыптасқан күйеден мұржаларды уақтылы тазартпау және анағұрлым кең таралғаны – мұржаларды жапқыштармен жабу, бұл болса үй-жайға улы газдың енуіне әкеліп соғады. Белгілі болғандай, улы газдың түсі, иісі жоқ болады, кейде бірнеше рет қана дем алу ақыл-есті жоғалтуға және ең қорқыныштысы – қаза болуға жеткілікті болып саналады.

Улы газбен улануды болдырмау үшін мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстану қажет:

- жылыту маусымы басталар алдында үйлердегі пештерді тексеру және жөндеу. Пеш ағаш (жанғыш) қабырғаларға немесе арақабырғаларға түйіспеуі тиіс. Шатырлардағы түтін арналары өтетін барлық түтін мұржалары мен қабырғалар ақталуы тиіс. Едендегі оттық алдына 50х70 мөлшеріндегі оттық алды металл парағы қағылуы қажет, түтін өткізгіштерді жылыту маусымының алдында, сондай-ақ жылыту маусымы ішінде үш айда бір реттен кем емес тұрақты түрде тазалау қажет.

- ешбір жағдайда жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмау;

- өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап бермейтін қолдан жасалған уақытша пештерді, металл пештерді тұрғын үйлерде өздігінен құруға қатаң тыйым салынады;

- отын жақсы жануы үшін пештің оттығына әсіресе көмірмен жылытқан кезде қажетті ауа ағынын жіберген жөн. Егер каминнің немесе пештің жылытқышында бірнеше толық жанбаған отын қалса, ең абзалы – оларды сөндіру немесе толықтай жануға уақыт беру қажет. Пеш жылытуды ұйқыға дейінгі 2 сағат бұрын аяқтаған дұрыс.

Егер пешті дұрыс пайдаланса және жұмыс жай-күйінде ұстаса, онда отын жану уақытында шығатын улы газ саны әдетте қауіп тудырмайды.

 

Абай болу – Сіздің және Сіздің жақындарыңыздың улы газбен улануын болдырмау кепілі екенін ұмытпаңыз!!!

 

Шет ауданының ТЖ бөлімі


Келулердің саны: 87


Жоғары