print

«Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы Қарағанды мемлекеттік органдары арасында белсенділігін жалғастыруда

...

Мемлекеттік қызметтерді алу барған сайын тез әрі тіптен оңай болуда, бұған Қарағанды қаласындағы 15 мемлекеттік органның қызметкерлерінің көзі жетті. Азаматтарға арналған үкіметтің Қарағанды облысы бойынша филиалының қызметкерлері «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясымен мемлекеттік органдарға шығуды жүзеге асырды, олар смартфонның көмегімен Telegram, ВКонтакте, Facebook арқылы қызмет алу мүмкіндігін көрнекі түрде көрсетті.

Telegram-боттан 20 мемлекеттік қызмет алуға болады, ВКонтакте-дегі бот арқылы -19, ал, Facebook-тан 15 мемлекеттік қызметке қол жеткізуге болады. Танымал әлеуметтік желілердегі боттардыіске қосу мемлекеттік қызмет ұсынуға арналған қосымша алаңдарды қалыптастырды. Қызмет алу кезінде пайдаланушы виртуалдық кеңесшімен диалог құрады, анықтамалық ақпаратты egov.kz. мемлекеттік қызметтер порталына өтусіз және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, ала алады, сұратуды СМС парольмен растаса жеткілікті.

Бұдан басқа, электрондық үкіметтің eGovmobile жаңа мобилді қолданбасы іске қосылды. Жаңа қолданбада ЭЦҚ-ны өзіндік биометриялық деректерге бекітіп қоюға болады және қызметке тапсырыс беру кезінде сауалды мобилді телефонды бұғаттан ажырату кезіндегі сияқты, өзіндік Touch ID немесе Face ID растауға болады. Бүгінгі таңда қолданбада қарапайым 28 мемлекеттік қызметке қолжетімді. Сондай-ақ, жетілдірілген өте жаңа eGovmobile қолдағы ЭЦҚ-ны 4-мәнді PIN-кодқа немесе кіріктірілген биометрия құрылғысына (Face ID, Touch ID) бекітіп қоюға мүмкіндік береді. ЭЦҚ-ны бір рет PIN-кодқа немесе биометрияға бекітіп қою, авторизациядан өту және қызмет алу кезінде әр келген сайын ЭЦҚ таңдап, пароль енгізіп, алаңдамауына мүмкіндік береді. Азаматтарға арналған үкіметтің Қарағанды облысы бойынша филиалы мемлекеттік қызметтерді алу кезінде электрондық сервистерді насихаттау бойынша акция өткізуді жалғастыруда.


Келулердің саны: 76


Жоғары