print

Шет ауданының тұрғындарына хабарландыру!

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерге ағымдағы жылдың 21 қарашасы күні Шет ауданы әкімідігі ғимаратының 1 қабатындағы мәжіліс залында сағат 10.00-ден бастап 18.30-ға дейін Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні өтетінін хабарлаймыз.

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұхтаров Мұхит Сайлауұлы қабылдайды. Жеке қабылдауға жазылу үшін 2-14-90, 2-16-33, 2-12-01 телефон нөмірлеріне хабарласуларыңыз қажет.

Аталмыш іс - шара сол күні ауылдық округмен кенттер әкімдіктерінде де өткізіледі. Сондықтан, ауылдық деңгейде шешілетін мәселелер бойынша жергілікті әкімдердің жеке қабылдауына баруларыңызға болады.

 

 

                                                                                                                            Шет ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Келулердің саны: 490


Жоғары