print

Красная Поляна ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Красная поляна ауылы

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің округтің атауы)

Шет, Қарағанды

(аудан және облыс атауы)

2018-2020 жылдарға

 

Әзірлеуші: «Қарағанды облысының Шет ауданының Красная поляна ауылдық округі

әкімінің аппараты» ММ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы

2018-2020 жылдарға арналған Қарағанды облысы, Шет ауданы, Красная поляна ауылдық округінің дамыту бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

- Красная поляна ауылдық округінің құрылған жылы -1997 жыл;

- Халық саны 1300 адам;

- Красная поляна ауылдық округінің аумағы - 146632 га;

- жергілікті қоғамдастық жиналысы 2015 жыл                

26 маусым құрылды;

- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны-8.

 

 

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Қарағанды облысы_Шет ауданының Красная поляна ауылдық округінің дамыту бағдарламасы

2018-2020 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы а/о тұрғындары мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

2018 жылғы 1 қаңтардағы халық саны - 1300 адамды құрады.

Округ бойынша 2 - ЖШС, 37 - шаруа қожалық, 12 - жеке кәсіпкер тіркелген.

Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т. б. мәселелерді қозғайды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағы 2 тармақшасына сүйене отырып,

2015 жылы «Өңірлерді Дамыту» бағдарламасы бойынша шығаберіс жолды жалпы құны 10 млн. теңгені құрайтын ұзындығы 1 ш.м. жолға асфальт салу жұмыстары жүргізілді. 2018 жылы Қарамұрын көшесінің бойына ағымдағы жөндеу жұмыстары шеңберінде тегістеу жұмыстары жасалды, жолдың ұзындығы 1,5 км, мердігер - «Шерубай-Су» ЖШС-і.

2020-2021 жылдарға Красная поляна ауылының «Комарова» көшесіне асфальт салу және «Байқоңыр» көшесіне жолды тегістеу жұмыстары жоспарланған.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

 

Красная поляна ауылдық округі бойынша қазіргі проблемалық мәселе

-  Красная поляна ауылына балабақша қажеттілігі;

- ауылдық округ елді-мекендеріне көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарын ұйымдастыру.

- елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету.

- елді-мекендерге көше жарықтандыру жұмыстарын жүргізу ( Бекет, Деріпсалы, Қарамұрын)

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

 

1

2

3

4

5

6

 

I. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

1.1

Красная поляна ауылында балабақша құрылысын салу

Шет ауданы әкімдігіне ақпарат

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде

2020-2021 жыл

 

II. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

  1. 1

Красная поляна ауылының ішкі жолдарын жөндеу

Шет ауданы әкімдігіне ақпарат

2020 жыл Жобалардың жалпы сомасы: _________мың тг.

Жергілікті бюджет есебінен

2020-2022 жыл

 

  1. 2

Көшелерді жарықтандыру

Шет ауданы әкімдігіне ақпарат

2020 жыл - _____ млн теңге

Жергілікті бюджет есебінен

2020 -2021 жыл

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.


Келулердің саны: 43


Жоғары