print

Ереже

Жалпы ережелер

1. «Қарағанды облысы Шет ауданы Жамбыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) заңды тұлғаның мәртебесіне ие, мемлекеттік басқару функцияларын орындауға өкілетті мекеменің ұйымдастырушылық – құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.

  1. Мемлекттік мекеме 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы негізінде шектелмеген мерзімге құрылған.
  2. Қарағанды облысы Шет ауданының әкімдігі мемлекеттік мекемені құру туралы қаулы қабылдайтын, мемлекеттің атынан мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады. Мемлекеттік басқару органы, сондай – ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Шет ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган ) болып табылады.
  3. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: мемлекеттік тілде - «Қарағанды облысы Шет ауданы Жамбыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

Орыс тілінде – Государственное учреждение «Аппарат акима поселка Жамбыл Шетского района Карагандинской области»

  1. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 101723, Қарағанды облысы Шет ауданы Жамбыл кенті, Горняков көшесі, 15

 

Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі

1. Мемлекеттік мекеме өзі мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлғаның құқығына ие болады.

2. Мемлекеттік мекеменің дербес балансы, заңдарға сәйкес банктерде шоттары, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған бланкілері, мөрлері және мөртаңбалары болады.

3. Мемлекеттік мекеме белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке иелік ету, пайдалану, билік ету құқығы берілген мекемелерді қоспағанды басқа заңды тұлға құра, сондай – ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

4. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзініңі билігіндегі ақшамен жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Уәкілетті орган жауаптылықта болады.

5. Мемлекеттік мекеме жасататын азаматтық – құқықтық келісімдер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен тіркеуге жатады. Шарттық міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі заңдарға сәйкес мекемені ұстауға бекітілген сметаның шегінде болады.

 

Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мен түрлері

            1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын жергілікті жерде жүзеге асыру болып табылады.

            2. Мемлекеттік мекеме көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қызметтің төмендегі түрлерін атқарады:

1) кенттің экономикалық, әлеуметтік бағдарламаларын және жоспарларын дайындайды;

2)    азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына жәрдемдеседі;

3)   кент аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды;

4)   аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

5)   кенттің су құбырларын тазарту, құрылыстарына электр беру, байланыс желілерін және басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;

6)   әскери тіркелу мен әскери қызметке шақыру жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;

7)   қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;

8)   халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейшілікпен күрес бағдарламаларын іске асыруға қатысады;

9)   халықты әлеуметтік қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерін шешеді, халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

10)   қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешеді.өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

11)   Халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ ауралардан қорғау шараларын жүзеге асырады;

12)   Жануарларды ауралардан қорғау және оларды емдеу шараларын жүзеге асырады;

13)   Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

14)   Тиісті әкімшілік –аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғауды жүзеге асырады;

15)   Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және жоюды ұйымдастырады;

16)   Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясымен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарларын бекітеді;

17)   ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады;

18)   халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;

19)   тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделейді;

20)   Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша аса қауіпті аурулардың, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

21)   елді мекен жерлерінде жануарларды жоюға арналған орындарды, анықтайды;

22)   қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;

23)   мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауды қамтамасыз етеді;

24)   жануарға ветеринариялық паспорт береді;

25)   тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы береді;

26)   аудандық Мәслихатқа елді мекендерде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізеді.

  1. Мемлекеттік мекеме өзіне жүктелген міндеттерді іске асыруда аудандық мәслихат алдында жауап береді.

4. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мекеме құрудың мақсатында жауап бермейтін қызметпен айналасуға құқығы жоқ.

 

Мемлекеттік мекемені басқару.

1. Мемлекеттік мекемені жалпы басқару заңдарға сәйкес белгіленген уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Уәкілетті орган заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді.

2) Мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны (шығыстардың жоспарын) бекітеді.

3) Мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің тиімді пайдалануы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

4) Мемлекеттік мекеменің ережесін бекітеді, ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

5) Мемлекеттік мекемені басқару органдарының құрылымын қалыптастырылу тәртібін және өкілеттігінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдауының тәртібін белгілейді.

6) Мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқаратын қызметінен босатудың негіздемесін белгілейді.

7) Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді.

8) Мемлекеттік мекеме басшысының ұсынуы бойынша оның орынбасары (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

9) Жылдық қаржылық есептілікті бекітеді.

10) Заңдарда белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік мекеменің басшысын заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда уәкілетті орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

4. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, уәкілетті органға (заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда) тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру және мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылықта болады.

5. Мемлекеттік мекеменің басшысы бірыңғай басшылық, принциптерінде қызмет атқарады және Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ережеде белгіленген өзінің құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметі мәселелерін дербес шешеді.

6. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыруы кезінде заңдарда белгіленген тәртіппен:

1) Мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз іс - әрекет етеді.

2) Барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді.

3) Заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді.

4) Шарттар жасасады.

5) Сенімхаттар береді.

6) Мемлекеттік мекеменің іс – сапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді.

7) Банктік шоттар ашады.

8) Барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер шығарады және нұсқаулар береді.

9) Мемлекеттік мекеменің уәкілетті орган тағайындайтыннан басқа қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады.

10) Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады.

11) Өзінің орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігінің шеңберін белгілейді.

12) Өзіне заңдарда, осы Ережеде жүктелген және уәкілетті орган жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру мен қызметін қаржыландыру тәртібі.

1. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай – ақ құны мемлекетік мекеменің балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

2. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған жедел басқару құқығына тиесілі болады және мемлекеттік меншікке жатады.

3. Егер мемлекеттік мекемеге кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне бағытталады.

4. Мемлекеттік мекеменің қызметі қаржыландыру, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңдарға сәйкес есеп береді.

6. Мемлекеттік мекеменің қаржы – шаруашылық қызметін тексеруді және тексеріс жүргізуді заңдарда белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

Қарағанды облысы Шет ауданы

Жамбыл кентінің әкімі                                                                      Г.А. Кунакбаева


Келулердің саны: 22


Жоғары