print

Көктіңкөлі ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

2019 жылғы «10» қазандағы

жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілді

 

2019-2021 ЖЫЛДАРҒА

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

ШЕТ АУДАНЫ КӨКТІҢКӨЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 Әзірлеген: «Көктіңкөлі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

                                                                          __________________ Т.Б.Шахмин

 


Мазмұны

 

Атауы

бет.

 

I. ЖАЛПЫ СИПАТТАУ

3

1

Бағдарлама төлқұжаты

3

2

Көктіңкөлі ауылдық округінің төлқұжаты

4-5

3

Кіріспе

6

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА АНАЛИЗ

7

 

2.1. Ауылдың дамуы

7

4

Өнеркәсіп

7

5

Ауыл шаруашылығы

7

6

Шағын және орта бизнес және сауда

7

7

Білім

7

8

Денсаулық сақтау

8

9

Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау

8

10

Мәдениет

8

11

Дене шынықтыру және спорт

9

12

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

9

13

Байланыс

9

14

Автомобиль жолдары

9

15

Электрмен жабдықтау

10

16

Сумен жабдықтау және су қайырғы

10

17

Абаттандыру және тазалық

10

18

Бюджеттік бағдарламалар

10

19

Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту

10

 

2.2. Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

11

 

III. 2019-2021 ЖЫЛДАРҒА КӨКТІҢКӨЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ.

12-14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. ЖАЛПЫ СИПАТТАУ

 

Бағдарлама төлқұжаты

 

Атауы

2019-2021 жылдарға Көктіңкөлі ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының дамыту бағдарламасы

 

Бағдарламаны әзірлеу үшін негізі

 

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы

Негізгі әзірлеуші

«Көктіңкөлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Жүзеге асыру мерзімі

2019-2021 жылдар

Мақсаты

Ауылдық округтің дамуын жоспарлау процесіне халықты тарту және жергілікті қоғамдастықтың ауылдық округ әкімімен өзара іс-қимылын күшейту.

Міндеті

Ауылдық округтің әлеуметтік, экономикалық, техникалық және экологиялық проблемаларын шешу

Қаржылану көзі

Мемлекеттік бюджет, және мемлекеттік бюджеттен тыс қаражаттар; жергілікті салықтан түсетін қаражат.

Тараулар

I. Жалпы сипаттама.

II. Ағымдағы жағдайға сипаттама

2.1. Ауылдық округті дамыту

2.2.Проблемалық сұрақтар

III. 2019-2021 жылдарға Көктіңкөлі ауылдық округінің даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспары

Күтілетін нәтижелер

Ауылдық округтің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы.

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2019ж. 01.01. жағдайы бо йынша Көктіңкөлі ауылдық округінің төлқұжаты

 

Сипаттама

Мәліметтер

Әкімшілік бірліктің атауы

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Көктіңкөлі ауылдық округі

Ауыл әкімінің Т.А.Ж.

Имендинова Майра Қаражанқызы

2019ж.01.01. халық саны

1199 адам

Экономикалық белсенді халық – 650 адам

зейнеткерлер – 135 адам.

Барлық топтағы мүгедектер - 48 адам

Территория

115912 га

 

Елді мекендер

Көктіңкөлі ауылы,Ақжол ауылы, Жыланды ауылы, Көктіңкөлі станциясы, Алихан ауылы,43 разьезд

Ауылдық округтің орталығы

Көктіңкөлі ауылы

Округтің құрылған жылы

1954 жыл

Арақашықтық:

 

Қарағанды қ.облыстық орталығына дейін – 180 шақырым

Шет аудандық орталығына дейін – 180 шақырым

Орта және шағын бизнес

 

Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 59 бірлік.

Жер ресурстары

Жер аумағы 115912 га

ауылшаруашылығына жарамды жер – 75323 га, егістік алқап – 4000 га, жайылым – 67468 га.

Денсаулық сақтау нысаны

Фельдшерлік-акушерлік пункт - 1 бірл.

Ветеринарлық бөлімше - 1 бірл.

Білім нысандары

Орта мектеп – 1 бірл,негізгі мектеп – 1 бірл,бастауыш мектеп – 2 бірл.

Шағын орталық – 2 бірл.

Мәдениет және спорт

Кітапхана – 1 бірл.

Саябақ – 1 бірл. (0,2 га)

Балалар ойын алаңы - 2 бірл.

 

Орман шаруашылығы

жоқ

Сауда нысандары

Дүкен – 3 бірлік.

Кафе – 1 бірлік.

Тұрғын үйлер саны

315 үй

Қосалқы шаруашылық

Мал басының саны (бас):

Оның ішінде: ІҚМ – 5397 бас, жылқылар – 1083бас, қой – 7739, ешкілер – 704 бас, құс – 6000,шошқа -179.

Сумен жабдықтау

Көктіңкөлі ауылындағы су құбырлары – орталықтандырылған, сумен жабдықтау санитарлық нормаларға сәйкестендірілген.Жыланды ,Әлихан ауылы,Көктіңкөлі станциялары скважинадан Ақжол ауылы булақтан су ішіп отыр.

Кәріз

Септиктер

Автомобиль жолдары

Автомобиль жолдарының ұзындығы – 33 шақырым

Байланыс

Ауыл телефон байланысымен қамтамасыз етілген (АҚ «Казахтелеком»).

Электрификация

КТП, ТП саны – 7 бірл.

Қоғамдық қауіпсіздік

Полиция пункт – 1 бірл.

Штат саны – 1 бірлік учаскелік инспектор.

Жергілікті қоғамдастықтың құрылу күні және олардың берліген мерзімі

2015 жыл

Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелер саны

7 мүше

 


Кіріспе

 

Көктіңкөлі ауылдық округі 1954 жылы құрылған және аудан орталығынан 180 шақырым жерде және облыс орталығы – Қарағанды қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан.

Көктіңкөлі ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығын дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған бағдарламасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес әзірленді.

Аталған бағдарлама округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жақсартуға, халыққа көрсетілетін қызметтердің спектрін кеңейтуге және сапасын жақсартуға, елді мекен бюджеті шеңберінде жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.

Бағдарламада ауылдық округтің қазіргі жағдайына талдау жасалып, белгіленген міндеттерді іске асыру бойынша іс-шаралар кешені белгіленіп, Көктіңкөлі ауылдық округінің бюджетіне түсетін түсімдер көздері көрсетілген.

Көктіңкөлі ауылдық округінің жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне түсетін түсімдердің негізгі көздері:

- Мүлік салығы: ЖК болып табылмайтын жеке тұлғалар;                    

- Жер салығы: ЖК болып табылмайтын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, ЖК;

- Көлік құралдарына салық: жеке тұлғалар, заңды тұлғалар.

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛҒА АНАЛИЗ

 

2.1. Ауылдың дамуы

Өнеркәсіп

Көктіңкөлі ауылдық округінде 39 шаруа қожалықтары 1 ЖШС-гі мал шаруашылығымен айналысады, соның ішінде 2 ШҚ-ғы 1 ЖШС-гі егін егумен, 3 ШҚ ірі қара малдарын асылдандырумен айналысады. 2019 жылы 375 га жерге егін егілді, оның ішінде: арпа – 320 га,бидай -55 га. 2019 жылы 300 гектар көп жылдық шөп егілді.

Ауылшаруашылығы

Ауылдық округ тұрғындары 2253 ірі қара мал, 51 бас жылқы, 3752 бас қой-ешкі, 6000 бас құс өсіреді.

Эпидемиологиялық және эпизоотиялық салауаттылықты тұрақтандыру бойынша барлық жоспарланған ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық зерттеулер орындалды.

Шағын және орта бизнес

Ауылдық округте 59 шағын кәсіпкерлік жұмыс жасайды, оның ішінде 44 шаруа қожалық, 3 дүкен, 1 кафе, 10 басқа салада қызмет атқаруда.

Білім

Көктіңкөлі ауылдық округіндегі "Көктіңкөлі жалпы орта білім беру мектебі" КММ-де (қазақ,орыс тілінде, 300 орындық, оқушылар саны 108), 2019 жылы ҰБТ – ның орташа балы – 60% болды. Мектеп интернетке кіру нүктесіне қосылған.

Мектепте жалпы мұғалімдер саны – 36, жоғары санаттағы мұғалімдер саны – 3, I-санаттағы мұғалімдер саны – , II-санаттағы мұғалімдер – , санаты жоқтар – 2 мұғалім.

Балалар әртүрлі республикалық, облыстық және аудандық олимпиадалардың, конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.

Көктіңкөлі ауылдық ауылдық округіндегі "Көктіңкөлі жалпы орта білім беру мектебі" КММ жанындағы шағын орталық – 25 орынды (толық келу күнімен), бала саны – 12.

Әлихан ауылындағы "Әлихан негізгі орта білім беру мектебі" КММ-де (қазақ тілінде, 80 орындық, оқушылар саны 53), Мектеп интернетке кіру нүктесіне қосылған.

Мектепте жалпы мұғалімдер саны – 18, жоғары санаттағы мұғалімдер саны – , I-санаттағы мұғалімдер саны –10 , II-санаттағы мұғалімдер – 5, санаты жоқтар – 3 мұғалім.

Балалар әртүрлі республикалық, облыстық және аудандық олимпиадалардың, конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.

Әлихан ауылындағы "Әлихан негізгі орта білім беру мектебі" КММ жанындағы шағын орталық – 20 орынды (толық келу күнімен), бала саны – 15.

 

Денсаулық

1 фельдшерлік-акушерлік пункт – 3 медбике бар.

Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау.

Экономикалық белсенді халық саны –650 адам. Ауылдық округте 135 зейнеткер мен 36 мүгедек тұрады.

Мәдениет

Көктіңкөлі ауылдық кітапханасы - «Шет ауданының орталықтандырылған кітапханалар» КММ №21 филиалы – Көктіңкөлі ауылының мәдени, ағартушылық және ақпараттық орталығы. Кітапхана жүйесін автоматтандыру қызметін өркендетіп, ғылым және тәжірбие әлемін ұштастыру. «Мөлдір бұлақ» салт-дәстүр клубы жұмыс жасайды.

Кітапханада жиналыстар, дөңгелек үстелдер, кітап көрмелері және басқа да шараларды қосқанда 415 оқырманы бар.

Дене шынықтыру және спорт

Жастар волейбол, футбол және көкпар сияқты спорт түрлерімен дербес айналысады.

Ауылдық спорт командасы жыл сайын облыстық жазғы, қысқы спорттық және жеңіл атлетикалық ойындарға қатысады. Аудан намысын әр спорт түрінен ауылымыздың спортшылары қорғайды.

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп.

Ауылдың аумағын күтіп ұстауды ауылдық учаскелік полиция инспекторы жүзеге асырады. 2019 жылдың басынан Көктіңкөлі ауылдық округінің аумағында әкімшілік құқық бұзушылық тіркелмеген. Ауыр және ерекше ауыр қылмыстар болған жоқ.

Жыл басынан ауылдық №18 учаскелік полиция бөлімшесіне "қолайсыз отбасы" санаты бойынша есепте отбасылар жоқ.

2018-2019 жылдар аралығында ауыл аумағында кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу фактілері тіркелмеген.

Байланыс

Көктіңкөлі ауылдық округін "Қазақтелеком" АҚ телефон байланысымен қамтамасыз етеді.

Автомобиль жолдары

Ауылдық округ автожолдар желісінің жалпы ұзындығы 70 шақырым (республикалық маңызы бар) құрайды. Аудандық маңызы бар 36 шақырым жолы ,ішкі жолдар33 шақырым жол .

Электрмен жабдықтау

Орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген КТП саны – 7 (бірлік).

Суменжабдықтау және су қайырғы

Көктіңкөлі ауылын сумен қамтамасыз ету және су беру қызметін «Электржабдықтау ЖШС-гі» көрсетеді.

Абаттандыру және тазалық

2019 жылы Көктіңкөлі ауылына Жастар саябағы ашылды, «Жан жүрегім Көктіңкөлі» кіре беріске стелла орнатылды. Абаттандыру бойынша жастар саябағы мен әкімдік ғимаратының ауласына гүлзарлар мен теректер отырғызылды. Ауыл көшелеріне баннерлер орнатылды.

Бюджеттік бағдарламалар

Ағымдағы жылға талдау жасау бойынша Көктіңкөлі ауылдық округіндегі төмендегі нақты жұмыстарды белгілеуге болады:

1. Аудандық бюджеттен бөлінетін 500 мың теңгеге Көктіңкөлі ауылына кіре беріс «Жан жүрегім Көктіңкөлі» стелла орнату;

2. Аудандық бюджеттен бөлінетін 4 млн. 100 мың теңгеге Көктіңкөлі-Жыланды   9 шақырым, жөндеу жұмыстарын жүргізу,Көктіңкөлі стаңциясы – Әлихан ауылы 9 шақырым ,Көктіңкөлі ,Жыланды,Әлихан ,Ақжол,Көктіңкөлі стаңциясының ішкі көше жолдарын қардан тазалау ;

3.Санитарлық тазалау жұмыстар жүргізу - 500 мың теңге .

5.Көше жарықтандыруға 1080 мың теңге.

6. Жергілікті шотқа түсуі тиіс 1392 мың теңгеге .

 

Жергілікті қоғамдастықты дамыту

Қазақстандық қоғамдағы маңызды демократиялық қадамдардың бірі азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы сенім мен басқару институттарын нығайту рөлі болып табылады. Ауылдық округте 7 адамнан тұратын жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесі құрылды, ол әкімдікпен бірлесіп, ауылдық округтің проблемалары мен мәселелерін шешеді, сонымен қатар шығыстарды жүзеге асырады және жергілікті өзін-өзі басқару шотына түскен қаражаттарды бақылайды. Жергілікті қоғамдастық жиналыстарының өкілдері өз жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.

2.2. Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

             Тұрғындардың жайлылығын арттыру үшін олар халықтың проблемалық мәселелерін анықтады:             1) Көктіңкөлі станциясына балалар ойын аланың салу;             2) Көктіңкөлі ауылының ішкі көшелерін асфальттау және жарықтандыру;             3) Көктіңкөлі ауылындағы мектепті күрделі жөндеуден өткізу;             4) Спорттық обьектілер салу (көп функционалдық хоккей корты);             5) Жыланды,Ақжол,Әлихан ,Көктіңкөлі станциясына су құбырын салу;             6) Жыланды,Ақжол,Әлихан ,Көктіңкөлі станциясына                жарықтандыру жұмыстарының жүргізу;             7)Көктікөлі –Жыланды 9 шақырым ,Көктіңкөлі станциясы- Әлихан 9                шақырым жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. .

III. 2019-2021 ЖЫЛДАРҒА КӨКТІҢКӨЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

Іс-шараның атауы

Аяқтау формасы

Қаржыландыру көлемі (мың. теңге)

Қаржыландыру көзі

Жүзеге асыру мерзімі

 

1

2

3

4

5

6

 

I. ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

1.1

Елді мекендерде көшені жарықтандыру

Көктіңкөлі ауылы тұрақты көше жарығы, оның ішінде -100 %;

1080

Аудан бюджеті

2019 жыл

 

 

 

 

 

1155

Аудан бюджеті

2020 жыл

1236

Аудан бюджеті

2021 жыл

  1. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

 

2.1

Көп салалық хоккей кортын салу(Көктіңкөліауылы) Салауатты өмір салтын енгізуді және сақтауды жалғастыру - 100%

7 500,0

Аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер

2020 жыл

 

 

 

 

 

2.2

Балалар ойын аланың салу(Көктіңкөлістаңциясы) Салауатты өмір салтын енгізуді және сақтауды жалғастыру - 100%

9463,033

Аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер

2020 жыл

 

III. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИИ

 

3.1

Көктіңкөлі ауылының ішкі ,сыртқы автомобиль жолдарының жақсарту

Ішкі жолды толық жөңдеу жұмысынан өткізу (Көктіңкөлі ауылы)

 

2600

 

Аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер

 

2020 жыл

 

 

 

IV. БАСҚАЛАР

 

4.1

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

 

Аппаратты ұстауға бағытталған бюджет қаражатын тиімді, толық және 100% игеру;- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты енгізу;- азаматтардың өтініштерін, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау;

21132

Аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер

2019 жыл

 

18652

Аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер

2020 жыл

 

19957

Аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер

2021 жыл

 

                           

 

Қорытынды: Мемлекет басшысының атқарушы биліктің алдына қойған басты мақсаты - халықтың әл-ауқатын жақсарту. Ауыл әкімінің аппараты осы бағыттағы жұмысын жалғастырады.

 

 


Келулердің саны: 19


Жоғары