print

Киікті ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Киікті ауылдық округі

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің округтің атауы)

Шет, Қарағанды

(аудан және облыс атауы)

2018-2020 жылдарға

 

Әзірлеуші: «Қарағанды облысының Шет ауданының і әкімінің аппараты» ММ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы

2018-2020 жылдарға арналған Қарағанды облысы, Шет ауданы, Киікті ауылдық округі дамыту бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

- Киікті ауылдық округінің құрылған жылы -1936 жыл;

- Халық саны 925 адам;

- Киікті ауылдық округі аумағы _98086 га;

- Киікті ауылдық огругі жергілікті қоғамдастық жиналысы 2015 жыл                

22 маусым құрылды;

- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны-7.

 

 

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Қарағанды облысы_Шет ауданының Киікті ауылдық округінің дамыту бағдарламасы

2018-2020 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы кент тұрғындары мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

2018 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 950 адамды құрады.

Округ бойынша 1 - ЖШС, 7 - шаруа қожалық, 23 - жеке кәсіпкер тіркелді.

Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т. б. мәселелерді қозғайды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағы 2 тармақшасына сүйене отырып, тиісті жұмыстар атқару.

          

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

 

Киікті ауылдық округінде қазіргі проблемалық мәселері

-  Киікті ауылындағы С.Мұхамеджанов атындағы мектептің апатты жағдайда тұрғанына байланысты , жаңадан мектеп салу мәселесі қажет етеді;

- Киікті ауылы мен Ақшағыл станциясы аралығындағы 16 шақырым тас жолын күрделі жөндеуден өткізу

- Ауыл көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жалғастыру;

- абаттандыру және көгалдандыру;

- ауыл аумағының көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарын ұйымдастыру.

- елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету.

- «Ақ – бұлақ» бағдарламасын іске асыру

 

 

 

 

 

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

 

1

2

3

4

5

6

 

I. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

1.1

Киікті ауылына балабақша құрылысын салу

Шет ауданы әкімдігіне ақпарат

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде

2019-2020 жыл

 

II. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

2.1

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерларды орнату

Шет ауданы әкімдігіне ақпарат

 

Жергілікті бюджет есебінен

2019 жыл

 

  1. 2

Киікті ауылдық округінің ішкі жолдарын жөндеу абаттандыру жұмыстарына (тегістеу, шебін төсеу)

Шет ауданы әкімдігіне ақпарат

2020 жыл Жобалардың жалпы сомасы.

Жергілікті бюджет есебінен

2020-2022 жыл

 

  1. 3

Көшелерді жарықтандыру

Шет ауданы әкімдігіне ақпарат

2019 – 2020 жыл

Жергілікті бюджет есебінен

2019-2020 жыл

 


Келулердің саны: 25


Жоғары