print

Ереже

Шет ауданы әкімдігінің

2009 жылғы «___»________

№_____қаулысымен бекітілген

 

 

«Қарағанды облысы Шет ауданы

Бұрма селолық округ әкімінің аппараты»

Мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

Бұрма – 2009 ж.

1 бап. Жалпы ережелер

1.1. «Қарағанды облысы Шет ауданы Бұрма селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) заңды тұлғаның мәртебесіне ие, мемлекеттік басқару функцияларын орындауға өкілетті мекеменің ұйымдастырушылық – құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.

1.2. Мемлекттік мекеме 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы негізінде шектелмеген мерзімге құрылған.

1.3. Қарағанды облысы Шет ауданының әкімдігі мемлекеттік мекемені құру туралы қаулы қабылдайтын, мемлекеттің атынан мемлекеттік мекемені мемлекеттік басқару органы, сондай – ақ оған қатысты мемлекетік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган ) болып табылады.

1.4. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: мемлекеттік тілде - «Қарағанды облысы Шет ауданы Бұрма селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

Орыс тілінде – Государственное учреждение «Аппарат акима сельского округа Бурма  Шетского района Карагандинской области»

1.5. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 101713, Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кенті, Абай көшесі, 5үй.

 

2 бап. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі

2.1. Мемлекеттік мекеме өзі мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлғаның құқығына ие болады.

2.2. Мемлекеттік мекеменің дербес балансы, заңдарға сәйкес банктерде шоттары, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған бланкілері, мөрлері және мөртаңбалары болады.

2.3. Мемлекеттік мекеме белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке иелік ету, пайдалану, билік ету құқығы берілген мекемелерді қоспағанды басқа заңды тұлға құра, сондай – ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

2.4. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Уәкілетті орган жауаптылықта болады.

2.5. Мемлекеттік мекеме жасататын азаматтық – құқықтық келісімдер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен тіркеуге жатады.

Шарттық міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі заңдарға сәйкес мекемені ұстауға бекітілген сметаның шегінде болады.

 

3 бап. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мен түрлері

          3.1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын жергілікті жерде жүзеге асыру болып табылады.

          3.2. Мемлекеттік мекеме көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қызметтің төмендегі түрлерін атқарады:

  • тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдіктің лауазымды адамы кент әкімі болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
  • азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
  • салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
  • әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
  • стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
  • аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
  • шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
  • тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
  • табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарєа және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
  • жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
  • қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
  • шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
  • жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
  • шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;
  • жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
  • республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  • өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
  • елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
  • туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
  • кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталыєымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық (селолық) жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
  • мемлекеттік мекеме өзіне жүктелген міндеттерді іске асыруда аудандық мәслихат алдында жауап береді.

3.3. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мекеме құрудың мақсатында жауап бермейтін қызметпен айналасуға құқығы жоқ.

4 бап. Мемлекеттік мекемені басқару.

4.1. Мемлекеттік мекемені жалпы басқару заңдарға сәйкес белгіленген уәкілетті орган жүзеге асырады.

4.2. Уәкілетті орган заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

4.2.1. Мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді.

4.2.2. Мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны (шығыстардың жоспарын) бекітеді.

4.2.3. Мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің тиімді пайдалануы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

4.2.4. Мемлекеттік мекеменің ережесін бекітеді, ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

4.2.5. Мемлекеттік мекемені басқару органдарының құрылымын қалыптастырылу тәртібін және өкілеттігінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдауының тәртібін белгілейді.

4.2.6. Мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқаратын қызметінен босатудың негіздемесін белгілейді.

4.2.7. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді.

4.2.8. Мемлекеттік мекеме басшысының ұсынуы бойынша оның орынбасары (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

4.2.9. Жылдық қаржылық есептілікті бекітеді.

4.2.10. Заңдарда белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4.3. Мемлекеттік мекеменің басшысын заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда уәкілетті орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

4.4. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, уәкілетті органға (заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда) тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауаптылықта болады.

4.5. Мемлекеттік мекеменің басшысы бірыңғай басшылық, принциптерінде қызмет атқарады және Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ережеде белгіленген өзінің құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметі мәселелерін дербес шешеді.

4.6. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыруы кезінде заңдарда белгіленген тәртіппен:

4.6.1. Мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз іс - әрекет етеді.

4.6.2. Барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді.

4.6.3. Заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді.

4.6.4. Шарттар жасасады.

4.6.5. Сенімхаттар береді.

4.6.6.Мемлекеттік мекеменің іс – сапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді.

4.6.7. Банктік шоттар ашады.

4.6.8. Барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.

4.6.9. Мемлекеттік мекеменің уәкілетті орган тағайындайтыннан басқа қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады.

4.6.10. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады.

4.6.11. Өзінің орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігінің шеңберін белгілейді.

4.6.12. Өзіне заңдарда, осы Ережеде жүктелген және уәкілетті орган жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5 бап. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру мен қызметін қаржыландыру тәртібі.

5.1. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай – ақ құны мемлекетік мекеменің балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

5.2. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған жедел басқару құқығына тиесілі болады және мемлекеттік меншікке жатады.

5.3. Егер мемлекеттік мекемеге кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне бағытталады.

5.4. Мемлекеттік мекеменің қызметі қаржыландыру, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана жүзеге асырылады.

5.5. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңдарға сәйкес есеп береді.

5.6. Мемлекеттік мекеменің қаржы – шаруашылық қызметін тексеруді және тексеріс жүргізуді заңдарда белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

6 бап. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

6.1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

Қарағанды облысы Шет ауданы

Бұрма селолық округ әкімі                                   Ғ. Құсаинов


Келулердің саны: 40


Жоғары