print

«Өрлеу» жобасы

«Өрлеу» жобасы: шешім қабылдайтын уақыт келді

  • Сіздің отбасыңыз қиналып жүр ме?
  • Сіздің табысыңыз төмен әрі тұрақсыз ба?
  • Еңбек нарығында өз орныңызды таппай жүрсіз бе?
  • Дағдарыстан шығу үшін Сіз бар күш-жігеріңізді жұмсауға дайынсыз ба?

 

Олай болса Сізге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе тұрғылықты мекемеңіз бойынша ауыл немесе округтің әкіміне жолығып, бағдарламаға қатысу туралы шешім қабылдау үшін әңгімелесуден өтіп, тегін өтініш нысанасын алып, құжаттарыңызды тапсырып, «Өрлеу» жобасына қатыса аласыз ба соны біліңіз.

 

«Өрлеу» жобасы деген не?

«Өрлеу»-отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру бағытындағы мемлекеттік шартты ақшалай көмек (ШАК) көрсетудің эксперименттік бағдарламасы. Бағдарламаға орташа айлық табысы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 60 пайыздан төмен болатын отбасылар (азаматтар) қатыса алады.

 

Жоба неге шартты деп аталады?

Отбасы шартта көрсетілген әлеуметтік талаптарды орындаған кезде ғана ақшалай көмек ала алады.

 

Отбасының белсенділігін арттыру жөніндегі әлеуметтік келісімшартта қандай талаптар қойылады?

Жобаға қатысушы отбасы міндетті түрде әлеуметтік жағдайда бейімделуі үшін қиындықты (жұмысқа орналасу, оқу, қосымша жаңа мамандық алуы үшін қайта даярлықтан өту және т.б.) жеңе білуі керек.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз кезегінде отбасының әлеуметтік белсенділігін қолдау мақсатында жұмыспен қамтып, ай сайын ақшалай көмек беруге міндеттенеді.

Ақшалай көмек отбасының орташа табысы мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы аралығындағы айырмашылықпен бағамдалады.

 

 Сонымен Сіз балаларыңыздың болашағы үшін тұрмыс сапасын жақсартуға дайынсыз ба?

 

«Өрлеу» жобасы Сізді асыға күтеді!

 

Анықтама телефоны: 8(71031)21180, 50783


Келулердің саны: 4130


Жоғары