print

Құрамы

Мукашев Абдрашит Канафинович

Босаға ауылдық округінің әкімі Е-R-1


1962 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Босаға ауылында туған.

Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.

            2007 жылы М.Тынышпаева атындағы қазақ көлік және коммуникация академиясын аяқтап радиоинженер мамандығын алған.

            Қазіргі уақытта Босаға ауылдық округінің әкімі қызметін атқарады.

  1. Қазақстан Республикасы заңдарын, Президент Жарлықтарын және Үкімет пен Жоғары Басқару органдарының шешіімдері мен қаулыларының орындалысын бақылау, оларды жүзеге асыру;

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізеді;

3. Ауыл азаматтары өкілдерінің жиналыстарын шақырады, онда қабылданған шешімдердің орындалысын қамтамасыз етеді;

4. Халықты қабылдау, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, ұсыныстарын қарауды ұйымдастырады;

5. Ауыл аумағының ішінде жер пайдалануға байланысты мәселелерді шешеді;

6. Мемлекеттік үкімет және басқару органдарында, сот орындарында, кәсіпорында мен ұйымдар, мекемелермен қарым-қатынас жағдайларында заңда қарастырылғандай азаматтардың мүдделерін қорғайды;

7.Жұмыссыздыққа, кедейшілікке қарсы жұмыстар жүргізеді.

8. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін өзі басқару туралы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларындағы) басқа да міндеттер.

Босаға ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Жакишева Тогжан Егинбаевна
Бас маманның міндеттері:

                   1. Елді мекеннің ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, мәдениет, білім дене шынықтыру және спорт салаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу.

             2. Сонымен қатар ауылдық округ бойынша құрылған кеңестер, комиссиялармен жұмыс жүргізу.

             3. Мәдениет саласы, оның ішінде спорттық салаларды ұйымдастыру. Мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, учаскелік полиция инспекторы мен ФАП жұмысымен тікелей байланыста болу.

             4. .«Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында елді мекенді дамыту мақсатында жоспар әзірлеу оның орындалуын қамтамасыз ету.

            5. Ауылдық округте өткізілетін тұрғындар жиналысын ұйымдастыру, қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу.

            6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне балалар жәрдемақысына, атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдардың құжаттарын әзірлеу.

             7. Әскерге шақырылатындармен жұмыстар жүргізу.

             8. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларындағы) басқа да міндеттер.

 

 


Босаға ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Нұрланқызы Нұрбану
Бас маманның міндеттері:


       1. Елді мекеннің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары,                      Е-Халық бағдарламасымен жұмыс жүргізу;

      2. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу

       3. Мемлекеттің меншігіндегі мүлікті түгендеу, Заңда белгіленген тәртіппен нотариалдық істерді жүргізу, ЭҚЖ жүйесімен және сайлаушылар тізімімен үнемі жұмыс жасау.          

     4. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініш – шағымдармен атқарылған жұмыстарға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сонымен қатар халықты қабылдау, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру, 1-ОЛ есебін жүргізу.

       5. Кадрлық жұмысқа байланысты ауылдық округі әкімінің өкімдерін дайындау, конкурстық, аттестациялық, тәртіптік, еңбек өтілін анықтау комиссияларының жұмыстарын мемлекеттік қызметкерлердің жеке бас құжаттарын жүргізу және әкім аппаратының іс қағаздарын жүргізудің номенклатурасын аудандық мұрағатпен бекітіп, хат-хабарлармен жұмыстар жүргізу.

     6. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларындағы) басқа да міндеттер.

Босаға ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Оспанова Асыл Канагатовна
Бас маманның міндеттері:

  1. Еңбек ақы, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік салықтар және аударымдар, ай сайын «Қазынашылық-Клиент» бағдарламасы арқылы аудару. Бөлінген қаржыны мақсатты әрі, уақытылы игеру.

2. Ай сайын келісім шарттар дайындау және оны мемлекеттік сатып алу бойынша веб-порталы арқылы жүзеге асыру, есептемесін тапсыру, аудандық Қазынашылық басқармасына келісім шарттарды тіркеу.

  1. Ай сайын, тоқсан сайын аудандық экономика және қаржы бөліміне қаржылық жоспарға өзгерістер енгізу бойынша өтініштерді, бухгалтерлік баланс пен қаржылық есептерді тапсыру

4. Тұрақты ағымдағы жыл ішінде жылдық және тоқсандық статистикалық есептер мен салықтық есептерді жасау және оны тиісті статистика және салық мекемелеріне есебін онлайн интернет жүйесі арқылы тапсыру

5. Жылына 1 рет мемлекеттік мекеме бойынша түгендеу жұмыстарын жүргізу, есептен шығару және оны ЕССО бағдарламасы арқылы есебін тапсыру.


Келулердің саны: 34


Жоғары