print

Құрамы

Рахимжанов Бауыржан

Батық ауылдық округінің әкімі Е-R-1

 

Рахимжанов Бауыржан 1959 жылы 18 тамызда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Путь к коммунизму совхозында дүниеге келген. 1985 ж. Алматының зоотехникалық – малдәрігерлік институтын тәмәмдаған. Еңбек жолын 1977 жылы Шет ауданы Талды ауылындағы «Сұнқар» комсомол құрылыс бригадасында құрлысшы болып бастады. 1977 жылы СА Әскери қатарында болды. 1979 жылы Шет ауданы Талды ауылы МТМ жұмысшысы болды. 1985 жылы Шет ауданы, Шет совхозы №1 бөлімшесінің зоотехнигі болды. 1986 жылы Шет ауданы, Батық совхозының бас зоотехнигі болды. 1995 жылы Шет ауданы Батық ауылы «Береке» шаруа қожалығының жетекшісі болды. 2003 жылы Шет ауданы стат бөлімінің жетекші маманы болды. 2011 жылы келісім – шарт бойынша Шет ауданы стат бөлімінің маманы болды. 2011 жылдан бастап Батық ауылдық округінің әкімі болып қызмет етеді.

Абилда Нурасыл Зарлыкханулы

Батық ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы Е-G-3

Бас маманның міндеттері:

Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен жұмыс жүргізу. Аудандық статистика бөлімі, кірістер басқармасы және аудан әкімдігімен, бөлімдерімен жұмыс жүргізу. Ауылдық округ әкімінің шаруашылық кітаптарын (Ауыл тұрғындарын және олардың малдарын шаруашылық кітабына есепке алу, шығару, ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру, кешенді шаралар жүргізу). Аудан әкімдігінің кеңсе бөлімінің жұмыстарын жүргізу. Нотариалдық іс-әрекеттерді атқару. Аудандық кадр бөлімінің жұмыстарын жүргізу. Сайлауға және референдумға дайындық және өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Сайлаушылар тізімін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізу. Ауыл әкімінің өкімдерін дайындау. Тұрғындарға тиісті анықтамалар беру. Аппараттың іс-қағаздарын жүргізу, қажетті ақпарат, мәліметтерді дайындау. Аудан және ауыл әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларын орындау. Ауыл ақсақалдарының жинласын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153-ші Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі басқа да міндеттер, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі", "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы", "Мемлекеттік құпия туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясына байланысты жұмыстарды орындау.

Малдыбаева Райхангуль Дюсебаевна

Батық ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы Е-G-3

Бас маманның міндеттері:

Аудандық қаржы бөліміне ауыл әкімі аппаратының қаржыландыру жоспары бағдарламасының төлқұжатын жасау. Аудандық статистика бөліміне есеп беру. Аудандық салық және кірістер бөліміне аппарат қызметкерлерінің және келісім шарт бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлердің салық қаражаты туралы мәліметтер беру. Аудандық қазынашылық бөлімімен жұмыстар жүргізу. Коммуналдық қызметке төлемақының жиналуына жәрдемдесу, оларға экономикалық талдау жасау. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153-ші Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі басқа да міндеттер, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі",   "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы", "Мемлекеттік құпия туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясына байланысты жұмыстарды орындау.

Жиенбаева Даметкен Рыспаевна

Батық ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы Е-G-3

Бас маманның міндеттері:

Аудан әкімдігінің кеңсе, ішкі саясат, ұйымдастыру, кадр бөлімдерімен жұмыстар жүргізу. Мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстар жүргізу. Ауыл азаматтарының өтініштерін қабылдау, тіркеу және 1-ОЛ есебін дайындау. Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімдерімен жұмыс жүргізу. Ауылдық округ әкімі өткізетін коммуналдық салаға байланысты шараларды өткізуді ұйымдастыру. Электр энергиясы, су, жылу беруге байланысты жұмыстарды үйлестіру. Коммуналдық сала бойынша тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. Ауылдық округтегі тазалық, көркейту және сәулеттендіру жұмыстарын ұйымдастырып, көше жарықтарын уақытылы, толық жануын, су құбырларының істеп тұруына бақылау жасау. Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени шараларды ұйымдастыру. Аудандық ішкі саясат бөлімімен жұмыстарды жүргізу, баспасөз құралдарына жазылуды қамтамасыз ету. Мемлекеттік рәміздерді үнемі қадағалап отыру, ауыл жастары және әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын жандандыру. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен жұмыс жүргізу. Терроризмге қарсы іс-әрекеттерді, құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізу. Жергілікті қоғамдастық, мемлекеттік қызмет көрсету және "Алтын алқа", "Күміс алқа" тағайындауға қажетті құжаттарды дайындау. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153-ші Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі басқа да міндеттер, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі",   "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы", "Мемлекеттік құпия туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясына байланысты жұмыстарды орындау.

Жиенбаева Даметкен Рыспаевна

Батық ауылдық округінің әкімі аппаратының жетекші маманы Е-G-4

Жетекші маманның міндеттері:

Аудандық және облыстық төтенше жағдайлар бөлімдерінің, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі жұмыстарын жүргізу. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасымен келген қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды қамтып, жұмыс көлемін белгілеп беру, мекеменің ішкі жұмыстарын үйлестіру. Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген топтарына атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысын, тұрғын-үй жәрдемақысын, біржолғы материалдық көмек алу үшін, құжаттарын қабылдап, уәкілетті органға ұсынып отыру. Табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдар арқылы еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуге жәрдемдесу. "Е-Халық" базасымен жұмыс жүргізу. Ауылшаруашылығы саласына байланысты есеп, мәліметтерді дайындап беру. Ауылдық округ бойынша ауылшаруашылығын дамытуға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру. Шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізу, оларға практикалық көмек көрсетуді, бағыт-бағдар беруді үйлестіру. аудандық Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімімен, жұмыс жүргізу. Аудандық сот және медиация жұмысын жүргізу. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153-ші Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі басқа да міндеттер, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі",   "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы", "Мемлекеттік құпия туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясына байланысты жұмыстарды орындау.

 


Келулердің саны: 49


Жоғары