print

Құрамы

Абенова Раушан Бекайдаровна
Ақшоқы ауылдық округінің әкімі Е-R-1


         Абенова Раушан Бекайдаровна 1978 жылы 30 мамырда Қарағанды облысы Шет ауданы Талды ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін, 2014 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмәмдаған. Еңбек жолын 2004 жылы Шет ауданы Ақшоқы ауылдық округі Ақбауыр негізгі мектебі орыс тілі және әдебиет пән мұғалімі болып бастады. 2011-2016жылдар аралығында Ақбауыр негізгі мектебінің директоры болды. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазіргі уақытта Ақшоқы ауылдық округінің әкімі болып қызмет етеді.

Ақшоқы ауылдық округі әкімі аппаратының                                                                                                       Бас маманы /Е-G-3/
Касимов Сержан Кусаинович

Бас маманның міндеттері:


         Елді мекеннің құрылыс, сәулет және қала құрлысы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы, автожолдар, көлік, байланыс және коммуникация, төтенше жағдайлар жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру.

Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей

жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу.

ауылдың көркеюіне байланысты жоспар әзірлеу. Мемлекеттік меншігіндегі мүлікті түгендеу, коммуналдық қызметтер бойынша тиісті ұйымдар мен жұмыстар жүргізу.

Сонымен қатар халықты қабылдау, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру.

Заңда белгіленген тәртіппен нотариалдық істерді жүргізу.

1-ОЛ есебін жүргізу.

Кадрлық жұмысқа байланысты ауылдық округі әкімдерінің өкімдерін дайындау, конкурстық, аттестациялық, тәртіптік, еңбек өтілін анықтау, комиссияларының жұмыстарын мемлекеттік қызметкерлердің жеке бас құжаттарын жүргізу.

Ақшоқы ауылдық округі әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Жолдыбеков Жанабек Женисович
Бас маманның міндеттері:  

         Елді мекеннің ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, мәдениет, білім дене шынықтыру және спорт салаларына, автокөлік жолдары, жолаушылар көлігі мәселелеріне қатысты жұмыстарды үйлестіру, ұйымдастыру; Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей

жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу.

         Ауылдық округ бойынша құрылған кеңестер, комиссиялармен жұмыс жүргізу.

Мәдениет саласы, оның ішінде спорттық салаларды ұйымдастыру. Мектеп, шағын орталық, мәдениет үйі, кітапхана, учаскелік полиция инспекторы мен ФАП жұмысымен тікелей байланыста болу.

         ЭҚЖ жүйесімен және сайлаушылар тізімімен үнемі жұмыс жасау

   Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне балалар жәрдемақысына, атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдардың құжаттарын әзірлеу;        

   Әскер қатарына шақырылатын жастармен жұмыс жүргізу.

Ақшоқы ауылдық округі әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Сахиева Маржан Саятовна
Бас маманның міндеттері:    

Елді мекеннің экономика және қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауылшаруашылық салаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру.

Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу. Сонымен қатар, әкімнің өкімдері мен шешімдерін әзірлеу, ауылдық округі әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізудің номенклатурасын аудандық мұрағатпен бекітіп, хат-хабарлармен жұмыстар жүргізу.

Азаматтардың ауызша, жазбаша өтініштері бойынша тиісті шаралар белгілеп жүзеге асыру, жергілікті салықтың жиналуын қадағалау.

Ауылдық округте тоқсан сайынғы шығарылатын рейтингі қорытындысын әзірлеу.

Ауылшаруашылық кітаптарды толтыру, шаруа құрылымдарымен тығыз байланыста болу, аудандық экономика және қаржы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік, ауылшаруашылық салаларындағы бөлімдерге уақытында ақпараттар ұсыну.

Ақшоқы ауылдық округі әкімі аппаратының
Жетекші маманы /Е-G-3/                                                                                                                  Тамабаева Нурсулу Сембековна                                                                                                         Жетекші маманның міндеттері:

Елді мекеннің өнеркәсіп тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бағдарламасы бойынша құжаттарын дайындау, жұмысын жүргізу, су, жылу, тоқ беруді қадағалау;

         Білім, дене шынықтыру және спорт салаларына қатысты жұмыстарды үйлестіру, ұйымдастыру;

         Заңда белгіленген тәртіппен нотариалдық істерді жүргізу және азаматтық хал – актілерін тіркеуді жүргізу, халықты қабылдау мен азаматтардың шағымдарын, арыздары мен ұсыныстарын қарауды ұйымдастыру;

       Тұрғындардың шаруа қожалықтарының шаруашылық кітаптарын ретке келтіріп, азаматтарға берілетін әр түрлі анықтамалар әзірлеу;

         Салық есептеуге тұрғындардың үй, жер, транспорт жайындағы тізімдерін әзірлеу;

         Жергілікті салықты жинап өткізу, қадағалау;

         Ауыл шаруашылық жөніндегі кітаптарды нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуіне жауап береді, ауыл шаруашылық кітаптарының мәліметі бойынша округ тұрғындарының жеке меншік малдары туралы мониторинг жасап отыру.

 


Келулердің саны: 60


Жоғары