print

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді

...

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердің қызметкерлері тарапынан қызмет алушыларға 2019 жылдың 22 қазанында Ақадыр кентінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 101 тұрғын қатысты.
Жәрмеңкенің барысында халыққа электрондық үкімет веб-порталдын пайдасын жеткізу, халықтың түсінбей жүрген сұрақтарына жауап берілді және жұмыссыз жастарға бос жұмыс орындары ұсынылып, атаулы әлеуметтік көмек және басқа да үкімет тарапынан ұсынылып жатқан көмектер жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақыттарда тіпті пайдалануы қоғамда өте маңыздырақ рөлі болатын ақпараттық жүйелерді қолдана отырып барша жұрт цифрлық қолтаңба орнына электронды қызметтер алу үрдісі дағдыға айналдырмақ.
Жәрмеңке қорытындысымен тұрғындар тарапынан практикалық көмек іс - шарасын тұрақты түрде өткізіп отыруға ұсыныстар айтылған. Аталмыш жәрмеңке мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жұмыстардың жүйелі жүруіне үлкен септігін тигізіп, оң ықпалын берді.


Келулердің саны: 58


Жоғары