print

Ақадыр кентінің жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

Жергілікті қоғамдастық

жиналысының

хаттамасымен бекітілген

   № 7

  « 15 » қазан 2019  жыл

                                                                    

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қарағанды облысы ,Шет ауданы , Ақадыр кенті

«Ақадыр кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы) (аудан және облыс атауы)

2019-2021жылдарға

  1. ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы

2019-2021 жылдарға арналған Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр

Кентінің дамыту бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

- Ақадыр кент 1937 жылы құрылған.

- Ақадыр кенті,  аудан орталығынан оңтүстік батысқа қарай 90 шақырым жерде орналасқан;

-халық саны – 10752 адам;

  -Кент құрамына кіретін ауылдардың саны - 4 ,  Ақадыр кенті;

- жер көлемі 35433 шақырым;

 - жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған уақыты- 13.01.2018 жыл және оларға өкілеттік берілген мерзім - 5 жыл;

- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны- 71 (жетпіс бір).

  

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ 

2.1. 2019 жылғы 1 қазан айына Ақадыр кентінің әлеуметтік – экономикалық даму сараптамасы

1937 жылы құрылған Ақадыр кенті Шет ауданы орталығынан оңтүстік батысқа қарай орналасқан.

Ауылдық округтің жалпы халық саны-  10752. Округ құрамына 4 елді мекен кіреді. Ақадыр кенті округінің жалпы аумағы -35433 га.

Округте 14 - ЖШС, 53 - шаруа қожалық, 485- жеке кәсіпкер тіркелген.

Шаруа қожалықтарының негізгі айналысатын саласы – мал шаруашылығы.

Бағдарламада қозғалған сұрақтар экономикалық және коммуналдық қызмет ұсыну, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу т.с.с мәселелермен байланысты.

Ауыл шаруашылығы

2019 жылы 2895 га дәнді дақылдар, 126 га майлы дақылдар, 50 га картоп, 25 га көкөніс, 15 га бақша дақылдары, 1160 га көпжылдық шөптер егілді.

 2019 жылдың 1 шілдесіне мал басы: ірі қара мал-5252 бас, оның ішінде сиыр - 3218 бас, ұсақ мал- 16876 бас, жылқы- 2467 бас, құс-3586.

160 ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген, оның ішінде 40 - трактор, 31- шалғы, 34- тіркеме, 24- автомобиль, 25- тырнауыш, 5- соқа,1- дән сепкіш бар .

Бюджет  және жеке кіріс

2019 жылғы  жоспар бойынша кент бюджетіне жеке кірістен түсетін табыс 84,5 пайызға орындалды. Жоспар бойынша 357975,0 мың теңге, ағымдағы жылдың 9 айына орындалғаны 302655,3 мың теңге.

2019 жылдың 9 айына шығыс жоспары 73,3 пайыз орындалды. 2019 жылдың жоспары бойынша 357975 мың теңге, ағымдағы жылдың 9 айында шығысталғаны 262425,0 мың теңге.

Ағымдағы жылы шығыстардың 9 айлық сомасындағы ең үлкен үлес салмағы әлеуметтік-мәдени сала шығыстары – 227230,4 мың.теңге немесе 86,6% болды. (мектепке дейінгі тәрбие беру – 122385,0 мың. теңге немесе 46,6,0 пайыз, мәдениет саласы -49985,0 мың теңге немесе 19,0 пайыз, әлеуметтік сала -6753,1,0 мың теңге, немесе 2,6 пайыз, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 19087,0 мың теңге, немесе 7,3%, Көлік және коммуникация – 29020,3 мың теңге, немесе 11,1% ). 

Тірек және спутниктік ауылдық елді мекендер бойынша "Ауыл - Ел бесігі" арнайы жобасы шеңберінде Ақадыр кенті бойынша 2020 жылға Жобалар:

  1.  Ақадыр кентінің Байқозы батыр көшесінің ішкі жолдарының орташа жөндеу жұмыстары(1 км)- 26000,0 мың теңге;
  2. Ақадыр кентінің Теміржол көшесінің ішкі жолдарының орташа жөндеу жұмыстары(2,3 км)- 87500,0 мың теңге;
  3. Ақадыр кентінің сыртқы айналма жолдарының орташа жөндеу жұмыстары(5,5 км)- 168100,0 мың теңге;
  4. Ақадыр кентінің Қ.Сәтпаев-Геологтар көшелерінің ішкі жолдарын орташа жөндеу жұмыстары(0,9 км)- 27600,0 мың теңге;
  5. Шет ауданы Ағадыр кентіндегі 3-қабатты жатақхананы қалпына келтіруге мемлекеттік сараптама қорытындысын жасау- 150200,0 мың теңге;
  6. Ақадыр кентіне екі 12 пәтерлік тұрғын үй құрылысын салу- 359800,0 мың теңге;
  7. Ақадыр кентіндегі көшелерге көше жарығын орнату жұмыстары- 5400,0 мың теңге;
  8. Ақадыр кентіндегі ғимараттар мен құрылыстардың қалдықтарын бұзу, қоқыс шығару – 8000,0 мың теңге;
  9. Ақадыр кентіндегі «Балбөбек» бөбекжайының қоршауын ағымдағы жөндеу– 7200,0 мың теңге;
  10. Әкімдік ғимаратын ағымдағы жөндеу(ХҚКО) – 4700,0 мың теңге;
  11. Ақадыр кентінде тротуар орнату бойынша жұмыстар- 4000,0 мың теңге;
  12. Ақадыр кентіндегі Е.Мәдиев көшесіндегі кіші саябақтың қоршауын ағымдағы жөндеу жұмыстары – 5800,0 мың теңге;
  13. Ақадыр кентіндегі қоршауды ағымдағы жөндеу – 8700,0 мың теңге;
  14. Ақадыр кентіндегі теміржолшылар саябағында көлеңкелі бастырма құрылғысын орнату – 4600,0 мың теңге;
  15. Ақадыр кентіндегі Шабал Бейсеккызы атындағы МСО ғимаратын ағымдағы жөндеу – 9900,0 мың теңге;
  16. Ақадыр кентіндегі С.Сейфуллин атындағы кітапхананың айналасын көріктендіру бойынша жұмыстар – 10100,0 мың теңге;
  17. Ақадыр кентінде №1 және №2 ойын алаңдарының(футбол алаңқайлары 20х40м) аумағын көріктендіру бойынша жұмыстар -17800,0 мың теңге;
  18. Ақадыр кентіндегі М. Мәметова атындағы ОРТА мектебінің шатырын күрделі жөндеу – 25300,0 мың теңге;
  19. Ақадыр кентіндегі Ә. Ермеков атындағы ОРТА мектебінің шатырын күрделі жөндеу – 16900,0 мың теңге;
  20. Ақадыр кентіндегі Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің терезелерін күрделі жөндеу – 36900,0 мың теңге;
  21. Ақадыр кентіндегі БЖСМ-ның стадионын ағымдағы жөндеу - 39400,0 мың теңге;
  22. Ақадыр кентіне көше тренажерларын орнату – 2300,0 мың теңге;
  23. Ақадыр кентіне №3 балалар ойын алаңын орнату бойынша жұмыстар – 4000,0 мың теңге;
  24. Ақадыр кентіне №4 балалар ойын алаңын орнату бойынша жұмыстар – 4000,0 мың теңге;
  25. Ақадыр кентіне №5 балалар ойын алаңын орнату бойынша жұмыстар – 4000,0 мың теңге;
  26. Ақадыр кентіне №6 балалар ойын алаңын орнату бойынша жұмыстар – 4000,0 мың теңге

 

Кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілердің саны 113. Сонымен қатар 14 ЖШС, 53 шаруа қожалығы, 485 жеке кәсіпкер, 101 сауда-саттық дүкені жұмыс жасауда.Тұрмыстық және сервистік нысандар – 20, сондай-ақ 22 қоғамдық тамақтану объектісі бар. Ақадыр кентінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021жыл бағдарламасы аясында «Жас кәсіпкер» пилоттық білім беру жобасы арқылы 50 адам оқытылып, арнайы сертификаттар мен гранттарға ие болды. Айта кетсек, 15 адам жалпы сомасы 505,0 мың теңге болатын грант иегерлері атанды. Жастар жылы аясында 18 бен 29 жас аралығында Аудан және Облыс әкімдерінің гранттары ойнатылды. Оның ішінде аудан әкімінің грантын 300 мың теңге көлемінде 1 қыз бала ұтып алса, ал облыс әкімінің грантын 1 000000 тенге көлемінде 1 бала ұтып алды. «Бизнес бастау» жобасы бойынша тағы 70 адам оқытылды. Жобаның оқу аясында көпбалалы аналармен мүгедек жандарға грант ұтып алуға мүмкіншіліктер жасалып отыр. Алдағы жылдарда Ақадыр кентінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2019-2021жыл бағдарламасы аясында 200-ге тарта адам оқытылып, жұмыспен қамтылмақ.

Білім

Кентте 3 жалпы орта білім беру мектебі, 1 балабақша, 1 бөбекжай бар. Ақсарлы елді мекенінде 1 бастауыш мектеп бар.

1.Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейі -1977 жылы құрылған. 1-11 сыныптарда – 1149 оқушы. Мектеп алды -68 оқушы. Жылу түрі-автономды. 11 кабинетте интерективты тақта бар.

2.Ә.Ермеков атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебі(ресурстық орталық). Жылыту түрі-автономды. 1937 жылы құрылған. 5 кабинет интерекативты тақтамен қамтылған.

3.Мәншүк Маметова атындағы жалпы білім беру орта мектебі 1965 жылы құрылған. Жылыту түрі-автономды.1-11 сыныптарда – 245 оқушы. Мектеп алды – 25 оқушы. 3 кабинетте интерактивты тақта орналасқан.

Екі мемлекеттік балабақша жұмыс жасайды. «Балбөбек» бөбекжайы 1951 жылы салынған, 185 бала камтылған. Күрделі жөндеу жұмысы жүргізілмеген. «Нұршуақ» балабақшасы 2014 жылы құрылған, 160 бала қамтылған.

Денсаулық сақтау

Кентте 1 селолық аурухана жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта 21 дәрігер халыққа түрлі медициналық көмек көрсетуде. Орта деңгейлі медбике саны-111. Жедел жәрдем бар, қызмет көрсету деңгейлері өте жақсы. 2 жүргізуші бар.

Қазіргі таңда ВОП дәрігері жетіспейді.

2019 жылы 297 бала дүниеге келді. Барлық қайтыс болғандар саны – 136 адам.

Мәдениет және спорт

 Кентте 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, мектепте 2 спорт зал, 3 хоккейлық корт, 2 спорт алаңы бар. Кенттік мәдениет үйінде пауэрлифтингпен жаттығу залы бар. Жыл сайын дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындардың саны өсуде.

Кентке заманауи үлгідегі ат шабатын алаң керек және жабық спорт кешенінің құрылысын салу қажет. Теннис корты керек.

Ш.Бейсеққызы атындағы мәдени-сауық орталығы жұмыс атқаруда. Биылғы жылы 2 миллион 760 мың тенгеге LED-экран қойылды. Мәдени-сауық орталығында барлығы 36 адам жұмыс атқаруда. С.Сейфуллин атындағы жаңа үлгідегі модульдік кітапхана бар. 6 кітапханашы қызмет атқарады. 

Қоғамдық қауіпсіздік

Кенттік полиция бөлімі жұмыс істейді. №51 өрт сөндіру бекеті бар. Қатты-тұрмыстық қалдықтар полигоны бар. Көшеге видеобақылаулар қажет. Сонымен қатар кентте кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссия жұмыс жасайды.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2019 жылы экономикалық белсенді халық саны 7444 адамды құрады.

2019 жылы жұмыссыздар саны  180 адамды, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 130 адам, жұмыссыздық деңгейі – 3,8%.

Жастар жұмыссыздығы - 1,2 пайызды, әйелдер жұмыссыздығы – 2,6 пайызды құрады.

2019 жылы Ақадыр кенті бойынша 120 жұмыссыз адам қоғамдық жұмысқа тартылды. 5 100,0 млн. қаражат жұмсалды.

2019 жылы 1 қазан айына АӘК кент бойынша жаңа форматтағы табысы кедейлік шегінен төмен   86   отбасына тағайындалды.

Кентте 450 мүгедек және 1219 зейнеткер тұрады. Үйде оқитын мүгедек балалардың саны -8 .

 Ауыз су

2018 – 2019 жылдары “Ақбұлақ бағдарламасы бойынша теміржолдың ар жақ бетіндегі көшелерге жаңадан су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.

Кенттегі барлық бюджеттік және бюджеттік емес мекеме- кәсіпорындар орталық су құбырымен жабдықталған.

Оқу- өндірістік комбинат (УПК), 1 мешіт, 3 сауда орталығы қосылған.

Электр және жылу жүйелері

2019 жылы кентте жаңадан бес модульді жылыту қазандықтары орнатылды.

Аталған орталықтандырылған жылу жүйесіне 38 үй және 1 балабақша қосылды.

Транспорт және коммуникация

2018 жылы Ақадыр кентінің Абай даңғылының жолына облыстық бюджеттен 80,0 млн. теңге қаражат бөлініп, асфальт төселді, А.Матросов көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 27,0 млн. тенге бөлініп, жолына асфальт төселді.

2019 жылы Жарылғап батыр көшесіне (700 м) аудандық бюджеттен 25,0 млн.теңге, С.Сейфуллин көшесіне (750 м) 26,0 млн. теңге бөлініп, ағымдағы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Кентте 61 көше бар, оның ішінде 30 көше жарықтандырылды. Қалған 31 көшені жарықтандыру қажет.

2019 жылы екі көшеге балалар ойын-алаңы салынды. Біреуі демеушілік көмек арқылы салынды.

Тұрғын үй

2019 жылы Тәуелсіз Қазақстан көшесіндегі, 5 қабатты тұрғын үй қалпына келтіріліп, қолданысқа берілді.

2019 жылы жеке тұлғалар- кент тұрғындары жалпы ауданы 1244 шаршы метрді құрайтын 9 тұрғын үй құрылысын салып, пайдалануға қабылданды.

 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

 

 - көшелерді толықтай жарықтандыру;

 - Білікті дәрігерлердің жетіспеушілігі (терапевт ,балалар дәрігері, кардиолог т.б);

- Ауылдардың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, заңсыз қоқыс алаңдарын жою;

- Жағдайы төмен отбасылар санын азайту;

- Ақадыр кенті бойынша жұмыссыздықты азайту;

-Жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтамасыз ету;

- Ішкі көше жолдарын толығымен асфальттау.

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

Іс-шаранын атауы

Іске асыру мерзімі

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Аяқтау мерзімі

 

1

2

3

4

5

6

I.БІЛІМ БЕРУ

1.1

«Балбөбек» бөбекжайының қоршауын ағымдағы жөндеу

2020 

 7200,0

Республикалық және Аудандық бюждет 

 2021

1.2

С.Сейфуллин кітапханасының айналасын көріктендіру

2020

10100,0

Аудандық бюждет 

2021

1.3

М. Мәметова атындағы Орта мектебінің шатырын күрделі жөндеу

2020

25300,0

Республикалық және Аудандық бюждет 

2021

1.4

Ә. Ермеков атындағы Орта мектебінің шатырын күрделі жөндеу

2020

16900,0

Республикалық және Аудандық бюждет 

2021

1.5

Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің терезелерін күрделі жөндеу

2020

36900,0

Республикалық және Аудандық бюждет 

2021

II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2.1

 Кенттің зейнеткер жастағы адамдарына демалыс іс-шараларын ұйымдастыру

 2020

800,0

Жергілікті бюджет

 2021

2.2

Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тарту

2020

5 000,0

Аудандық бюждет 

2021

III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ

3.1

 

 

 

 

 

3.2

 

 

 

 

 

IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

4.1

Ақадыр кентіндегі иесіз ғимараттар мен құрылыстардың қалдықтарын бұзу, қоқыстарын шығару

2020

8000,0

Республикалық және Аудандық бюждет 

2020-2021

  1. 2

Балалар ойын алаңдарын орнату

2020

16000,0

Жергілікті бюджет

2020-2021

  1. 3

Ардагер көшесіне  12 пәтерлі 3 тұрғын үй салу

2020

359800,0

Республикалық және Аудандық бюждет 

2020-2021

4.4

Тәуелсіз Қазастан көшесіндегі 3 қабатты жатақхана ғимаратын қалпына келтіру

2020

150200,0

Республикалық және Аудандық бюждет 

2020-2021

4.5

Әкімдік ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізу(ХҚКО бөлмелеріне)

2020

4700,0

Аудандық бюждет 

2020-2021

4.6

теміржолшылар саябағында көлеңкелі бастырма құрылғысын орнату

2020

4600,0

Республикалық және Аудандық бюждет 

2021

4.7

кентіндегі Е.Мәдиев көшесіндегі кіші саябақтың қоршауын ағымдағы жөндеу

2020

5800,0

Республикалық және Аудандық бюждет 

2021

V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

5.1

БЖСМ-ның стадионын ағымдағы жөндеу

2020

39400,0

Аудандық бюждет 

2021

5.2

көше тренажерларын орнату

2020

2300,0

Аудандық бюждет 

2021

5.3

№1 және №2 ойын алаңдарының(футбол алаңқайлары 20х40м) аумағын көріктендіру бойынша жұмыстар

2020

17800,0

Аудандық бюждет 

2021

5.4

Шабал Бейсеккызы атындағы МСО ғимаратын ағымдағы жөндеу

2020

9900,0

Аудандық бюждет 

2021

VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

6.1

Көшелерге жарықтандыру шамдарын орнату

2020

5400,0

Аудандық және жергілікті бюджет

2020-2021

6.2

Кенттегі асфальтталмаған көшелерге асфальтті төсеніштерді төсеу

2020

157900,0

Аудандық бюджет

2020-2021

 

6.3

Көшелерге аяқжол орнату жұмыстары

2020

4000,0

Аудандық бюджет

2021

VII. БАСҚАЛАР

7.1

Кентке   мал ектіруге 2-ші шарбақ қоршау(раскол) орнату

2020

1000,0

Жергілікті бюджет

2021

  1. 2

Ақадыр кенті бойынша қоғамдық жұмыскерлерді арнайы жұмыс киімдермен қамтамасыз ету

2020

80,0

Жергілікті бюджет

2021

7.3

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021жыл бағдарламасы аясында 200 ге тарта адам оқытып, жұмыспен қамту

2019

3000,0

Республикалық бюджет

2021

                             

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жауапты болып табылады.


Келулердің саны: 42


Жоғары