print

Тағылы ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№ 4

«17» қазан 2019 жыл

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ТАҒЫЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

ШЕТ АУДАНЫ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

2020-2022 жылдарға

 

2019 жыл

 

Әзірлеуші: «Тағылы

ауылдық округі

әкімінің аппараты» ММ әкімі Р.Ашенов

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

  
 II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ 2.1 Тағылы ауылдық округін дамыту 2020-2022 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.Ауылдық округ бойынша 1 ЖШС, 51 ШҚ, 11 жеке кәсіпкер тіркелді.Бұдан әрі экономика салаларының дамуын талдауда, негізгі 1 бағыт көрсетілген: ауыл шаруашылығы- оның ішінде егін және мал шаруашылықтарыМал және егін шаруашылықтары - шаруа қожалықтарының қызметінің негізгі түрі.Жеке кәсіпкерлік нысандардан тұрақты түрде жүмыс істейтін 7 дүкен. Қалған нысандар жазғы тек маусымдық сауда-саттықпен) айналысады.         Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т. б. мәселелерді қозғайды.Тағылы ауылында 10 шаруа қожалықтары тұрағты жұмыс жүргізуде орташа есеппен 37 ауыл тұрғындарын маусымдық жұмыспен қамтамасыз етеді.Осы ауыл шаруашылығын   дамыту Тағылы ауылы тұрғындарының әл-ауқатын көтерудегі басты нысандар. 2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер Тағылы ауылдық округінің әлеуметтік және экономикалық салалардың дамуы келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы:          - көшелердің жолдарын жөндеу, жарықтандыру (Б.Момышұлы, О.Беков, Д.Мұрсалбек және С.Бейсенбеков көшелері);          - абаттандыру және көгалдандыру;          - мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету (волонтерлік негізде);          - шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру         - фельшерлік пункті жөндеуден өткізу          - елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, санкцияланбаған, қоқыстарды жою және т. б..;          - елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру;          - дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;          - дене шынықтыру-сауықтыру бойынша спорт аланын салу.  III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ  Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Тағылы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.  

Бағдарламаның атауы

2020-2022 жылдарға арналған Қарағанды облысы Шет ауданы Тағылы   ауылдық округінің дамыту бағдарламасы

Тағылы ауылдық округінің негізгі сипаттамалары

- аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің құрылу кезеңі: 1933 жыл

-халық саны: 1009 адам

- ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны мен атауы -2, Қызылту және Қарасаз ауылдары

- аумақ: 103029 га, оның ішінде елді мекендер жерлері-12789 (га)

- жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілестік берілген мерзім: 01.07.2006 жыл

- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны: 6

 

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

 

1

2

3

4

5

6

 

I.БІЛІМ БЕРУ

1.1

Қазіргі   талапқа сай жаңадан мектеп салу

2022

200000

республикалық

тұрақты

 

II. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ

2.1

Фельшерлік   пункт салу

2020

15000

облыстық

1 жыл

 

III. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

3.1

«Жазықсыз жала   құрбандары» және «Ер есімі-ел есінде» ҰОС   ардагерлеріне арналып салынған   мемориалдық тақталардың құжаттарын әкімдік иелігіне алу

2020

1000

облыстық

1 жыл

 

IV. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

4.1

Спорт алаңын салу

2021

10000

Облыстық

республикалық

10 ай

 

V. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

5.1

Саябақты абаттандыру

2020

18000

республикалық

1 жыл

 

5.2

Д.Мұрсалбек көшесін абаттандыру

2021

18000

республикалық

1 жыл

 

5.3

«Рухани жанғыру» бағдарламасы бойынша ауыл жастарының   ұйымдастыруымен Т.Бигельдинов   көшесінде орналасқан «Жан жүрегім   Жұмыскер» атты жастар аллеясының қасбеттерін   абаттандыру

2020

9000

облыстық

5 ай

 


Келулердің саны: 49


Жоғары