print

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы Өспен ауылдық округі

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген №5

« 19 » 09. 2019 жыл

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Өспен ауылдық округі

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

Қарағанды облысы Шет ауданы

(аудан және облыс атауы)

2020-2022 жылдарға

 

Әзірлеуші: «Қарағанды облысы

Шет ауданы Өспен ауылдық округ

әкімінің аппараты» ММ-сі

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

  
 II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ 2.1 Аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту 2020-2022 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.Өспен ауылдық округі орталығы Өспен ауылы облыс орталығы Қарағанды қаласынаң 200 км,аудан орталығы Ақсу- Аюлы селосынаң 110 км жерде орналасқан. Округ жерімен өтетін Астана-Алматы темір жол бағытында Нілді, Айса стансалары, Жарық-Жезқазған бағытында 17 разъезд орналасқан. Нілді стансасы Өспен ауылының жеріне кіреді Округте 2 орта мектеп, 1 негізіг мектеп, дәрігерлік амбулатория, 1 ФП, мәдениет үйі, С.Сейфуллин атындағы мұражай, 2 кітапхана бар. 2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 1643 адамды құрайды. Ауылдық округ бойынша 71 ШҚ, 32 жеке кәсіпкер тіркелді.Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т. б. мәселелерді қозғайды.
2.1.1.Ауылдық округтің экономикасы және ауыл шаруашылығыӨспен ауылдық округінің тұрғындарының негізігі айналсатын кәсібі екі бағытта – темір жол мекемелерінде және ауылшаруашылығы саласында 71 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Темір жол мекемелерінде 196 адам жұмыс істейді. Ауылшаруашылығы жерлерінің жалпы алаңы 88 мың га құрайды, соның ішінде егістік 9736 га, мал жайылымы 53 000 га, шабылатын шөптің аумағы 9 000 га. Округтің ауыл шаруашылығы әрсалаландырылған. Мал шаруашылығы - шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі. Округте дәнді дақылдары өндіріледі.Ауылдық округте 3,2 мың тонна сүт өндіріледі және 5,0 мың тонна ет өндіріледі. Негізгі ет-сүт азығын өндірушілер округтің тұрғындары.Ет-сүт өндіруді шектеу факторы төменгі кірістілік болып табылады (ет-сүтті сатып алудың ең төменгі бағасы, мал азығының қымбаттылығы, сату нарығының төменгі қолжетімділігі).Округтің өсімдік саласында дәнді дақылдары дамыған, сонымен бірге картоп өнімі. Округ бойынша 2018 жылы 870 гектарға дәнді – дақыл себілді. Оның ішінде 110 га бидай, 760 га арпа. Егінжай жұмыстарымен 5 шаруа қожалығы айналысады. Мал көбею динамикасы бар. Елді-мекен жұртшылығы және шаруа қожалықтарындағы мал басы жөніндегі есебі бойынша 2018 жылы ірі-қара малдың саны 2017 жылмен салыстырғанда 102,4% құрайды (3962-3869), қой 86.0%, (6855-7992), ешкі 100,0% (2062-2061), жылқы 100,0% (2868-2867). Округ аумағындағы ірі-қара малдың асыл тұқымдық   ядросы   477 басқа жетті, бұл көрсеткіш жалпы ірі-қара малдың санынаң 11,9 (2018ж -9,7)% болады. Тұқымды қайта тұрлендіруге 15 шаруа қожалықтаң 813 бас аналық қатысады, 33 асыл тұқымды бұқа пайдаланылады. Өспен ауылдық округінде кіші бизнес саласында 32 жеке кәсіпкер тіркелген. Сауда қызметін 10 сауда нысаны жүзеге асырады. Олардың барлығы күнделікті тұтыну. Дүкендердегі азық-түлік ассортимент, халықтың тұтыну тауары жеткілікті. Сондай-ақ екі тойхана, үш монша қызмет атқарады.Округ аумағында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасы» табысты жүзеге асырылады. «Игілік», «Іскер», «Сыбаға» сияқты бағдарламалар, сонымен бірге «Бизнестің Жол картасы 2020» жүзеге асырылуда.Өспен ауылдық округінің экономикалық дамуын шектетудің негізгі факторлары болып табылады:
1. Ет-сүт өнімдерінің жеткіліксіз кірістілігі - етті сатып алудың ең төменгі бағасы, сату нарығының қолжетімсіздігі.                                                                 2. Ауылшаруашылығы саласында мамандардың елеулі жетіспеушілігі- еңбек ақы деңгейінің төмендігі, тұрмыстың қолайсыз жағдайы саладағы мамандардың ағымына кедергі келтірмейді.                                                                                    3. Фермерлер ассоциациясының, ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жоғы, ауылдық округтің ауылшаруашылығын өндірушілерінің нарыққа бірігіп шығуына кедергі жасайды. Ассоциацияның жоғы фермерлердің өз мәселелерін өз бетінше шешуге құлқы жоқтығынан, бұл міндетті мемлекетке итермелеуге құлшынулығы.2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):2.2. Әлеуметтік инфрақұрылым және қызметтер
Өспен ауылдық округінің әлеуметтік инфрақұрылымы қанағаттанарлық жағдайда, базалық қызметтер көрсетіледі. Әлеуметтік- тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым ауылдық жер үшін біркелкі қанағаттанарлық деңгейде дамыған , инфрақұрылымның қалалық деңгейімен салыстырғанда төмен сипатталады. Округте 1643 адам тұрады, округгке 4 ауыл кіреді.
Білім
Округте үш мектеп қызмет атқарады. Оқушылардың саны 293 бала. Округ мектептерінде 82 педагог жұмыс істейді. Аз қамтылған отбасыларынан 52 оқушы 100% сапалы тамақпен қамтамасыз етілген. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін Сакен мектебінде 31 балаға арналған, Еркіндік орта мектебінде 21 балаға арналған шағын орталық жұмыс істейді. Еркіндік, Айғыржал мектептері күрделі жөндеу жұмыстарын талап етеді. Айса ауылында бастауыш мектеп ашу мәселесі өзекті болып тұр. Ауылда бастауыш мектепке баратын 21 бала бар. Мектепке ғимарат сатып алу керек.                                                                       Осы саладағы басты мәселе педагогтардың жетіспеушілігі, мамандар құрамын жаңалау қажеттілігі. Аз бала туу және жастардың ауылдан кетуі мектептердің қызметін қауіптендіреді.
Денсаулық сақтау
Округте екі денсаулық сақтау мекемесі жұмыс істейді. Өспен ауылында жаңа типтегі дәрігерлік амбулатория, Еркіндік ауылында фельдшерлік пункт. Медициналық қызметті 8 орта медицина қызметкері атқарады. Дәрігер Ақадыр кентінен келіп тұрады. Жедел жәрдем көлігі жоқ. Дәріхана жоқ.               Спорт, мәдениет
Спорттық инфрақұрылым еркін қолжетімді мектеп базаларында ұсынылған. Өспен ауылында демеушілердің көмегімен салынған шағын футбол алаңы бар. Спорт саласындағы материалдық-техникалық база бүгінгі таңның басты мәселесі болып табылады, спорт алаңдары, спортзалдар жетіспейді.                                             Өспен ауылында ауылдық клуб бар , онда мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған шаралар өткізіліп тұрады, оның базасында шығармашылық ұжымдар мен үйірмелер жұмыс істейді. 2018 жылы күрделі жөндеу жұмыстары басталған, әзірше аяқталған жоқ. Ауылдық кітапхана ,    аудандық мұражайдың филиалы жұмыс істейді. Еркіндік ауылында клуб салу үшін жобалау-сметалық құжаттарың қаражат бөлініп конкурс жарияланды. Айса, Айғыржал ауылдарына шағын спорт алаңдары қажет.
Әлеуметтік қызметтер және қамтамасыз ету
Ауылдық округте тұрғын үй мәселесі ауылдық жерге тән. Тұрғын үйдің көбі жеке меншік, пешпен жылынады, Өспен ауылы орталық сумен қамтамасыз етіледі. 2019 жылы Еркіндік ауылында су өткізу желілерін салу үшін ЖСҚ жасау жоспарлануда. Айса ауылында ескі су құбыры жұмыс істеп тұр, құжаттары жоқ.2019 жылдың соңында жұмыссыз 6 адам ресми тіркелді, 216 адам өз бетінше жұмыс істейді. 2019 жылы 27 жұмыс орны құрылды.Қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті күзетуді округке бекітілген учаскелік полиция қызметкері жүзеге асырады. Учаскелік полиция қызметкеріне қызметтік тұрғын үй, қызметтік көлік керек.Округ әкімдігі 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді- «Жеке қосалқы шаруашылығы бар туралы анықтама», «Сату (конкурс, аукцион) жүргізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер телімдеріне құқық беру», «Жер телімдеріне мақсатты тағайындауды өзгерту». Тұрғындарға көрсетілетін негізгі қызметтер Ақадыр кентінде, аудан орталығында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіледі.Ауылдық округте аз қамтылған 6 отбасы бар, олар жәрдемақы алады.Округ аумағында 52 мүгедек тұрады.
Әлеуметтік саладағы негізгі мәселе болып табылады:
1. Ауылдық окрутегі тартымсыз тұрмыс жағдайы және жұмысқа орналасу қиындығы, және еңбек ақының аз мөлшері жастарды ауылға тартпайды.            2. Мәдени-спорт саласында материалдық техникалық базасы ескірген.              3. Округтегі ауылдарда жұмыс орындарының жетіспеуі, әсіресе әйелдерге.      4. Төмен еңбек ақы.
Округ инфрақұрылымының әлеуметтік даму болжамы:
1. Мәдениет және спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын жақсарту.                                                                                                                     2. Қолда бар табиғи және географиялық мүмкіндікті есепке ала отырып демалу саласын дамыту.                                                                                
3. Жастарды аулға тарту, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайды жасау.2.3.Инженерлік инфрақұрылым және қолдау
Ауылдық округтің инженерлік инфрақұрылымы ауылдық жер үшін қажетті деңгейде емес
Сумен жабдықтау және су ағызу
Өспен ауылында сумен қамтамасыз етуді «Электржабдықтау» ЖШС жүзеге асырады. Барлық кәсіпорындар суды пайдаланады. Орталық сумен қамтамасыз етуге аулалардың 83 % қосылған, 12 % суағарлардан (колонка) алады, 7% өз бетінше қамтылған. Айса ауылында ескі су құбыры жұмыс істеп тұр, екі суағар бар. Еркіндік ауылы суды құдықтарынаң, скважиналардаң алады. 2019 жылы Еркіндік ауылында су өткізу желілерін салу үшін ЖСҚ жасау үшін қаражат бөлінді.                                                                                               Орталықтандырылған су ағызу жүйелері жоқ, септиктер қолданылады. Септиктер сорылып алынбайды және зарарсыздандырылмайды.
Электрмен жабдықтау ету
Электрмен қамтамасыз етуде өткір мәселе жоқ. Желілерге «Элекржабдықтау» ЖШС қызмет етеді. Үйлер 100 % электрмен қамтамасыз етілген. Өспен ауылында 6 көшенің үшеуі жарықтандырылған, Еркіндік ауылында 1 көше, Айса, Айғыржал жарықтандырылмаған. Округ бойынша жарықтандырылған 4 көше, ол жалпы санның 40% құрайды. Округ ауылдарының қалған көшелерін жарықтандыру қажет.
Байланыс және ғаламтор
Өспен, Айғыржал, Еркіндік ауылдарында сымсыз телефон байланысы бар. Округте 2018 жылға 354 нөмір қосылған. Қажет болған жағдайда абоненттерді қосу мүмкіндігі бар. 2018 жылы «Қазақтелеком» АҚ талшықты –оптикалық желілер тартып, оған үш мекеме қосылды. Ғаламтор желілеріне жергілікті тұрғындарды қосуы жоспарда. Өспен, Еркіндік,Айса, Айғыржал ауылдарында ұялы байланыс бар.
Көлік қолжетімділігі
Округ территориясымен облыстық маңыздағы Жарық-Ақадыр тас жолы өтеді. (Жарық кенті -30 шақырым, Ақадыр кенті -60 шақырым). Округте аудан (Ақсу-Аюлы) және облыс (Қарағанды) орталықтарына қатынайтын маршрут жоқ. Жолдардың жағдайы қанағаттандырмайды. Жергілікті тұрғындар округ жерімен өтетін Астана-Алматы темір жол бағытында Нілді, Айса стансалары, Жарық-Жезқазған бағытында 17 разъезд арқылы жан-жаққа қатынайды. Өспен ауылындағы 3 көше асфальтталған, ұзындығы 2,9 км. Өспен –Айғыржал тас жолы округ әкімі аппаратының балансында, ұзындығы 12 км. Жолдың жағдайы қанағаттандырмайды.
Экология және туризм
Ауылдық округтің экологиясы жақсы, тарихи кірлеу көздері жоқ, экологиялық қауіпті өндірістер жоқ. Экология қауіпсіздігінің негізгі қауіпі ТҚҚ полигонының жоғы, сонымен бірге 1 мал қорымы және 1 сібір-жарасының қорымы.
Негізгі мәселелер болып табылады:
1. Су құбырлары желілерін салу қажеттігі.2. ТҚҚ жою үшін жабдықталған полигоннық жоқтығы.3. Ауылдық округтің жолдарының қанағаттанарлық жағдайда еместігі.4. Абаттандыру және көгалдандыру, елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, санкцияланбаған қоқыстарды жою жұмыстарына қаражат қажеттігі.
Дамудың болжамды бағыттары болып табылады:
1. Сумен қамтамасыз ететін инфрақұрылым нысандарын салу есебінен сапалы ауыз сумен округ тұрғындарын қамтамасыз ету үмітін арттыру.2. Тұрмыстық-қатты қалдықтарды жоюға полигон салу.           
 III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ  Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Өспен ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.  

Бағдарламаның атауы

2020-2022 жылдарға арналған Қарағанды облысы Шет ауданы Өспен ауылдық округті дамыту бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

- ауылдық округтің құрылу кезеңі: 1995 жыл;

-халық саны: 1687 адам;

- ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны мен атауы: Өспен, Айғыржал, Еркіндік ауылдары, Айса стансасы (4) ;

- аумақ: 126314 га;

- жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні -2015 жыл. 2019 жылдың наурыз айында құрамынаң кейбір мүшелері шығып орныңа жаңадан мүшелер сайланды. Оларға өкілеттіке берілген мерзім 1 жыл;

- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны: 12 адам.

 

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

 

1

2

3

4

5

6

 

I.БІЛІМ БЕРУ

1.1

Сәкен мектебінің ескі қоршауының орнына жаңадан темір қоршау істеп орнату

Қабылдау актісі

 

15000

 

Аудандық бюджет

 

2021 ж

 

1.2

Сакен мектебінің материалдық-техникалық базасын нығайту (мультимедиялық және пән кабинеттері)

Қабылдау актісі

 

5000

 

Аудандық бюджет

 

2020

 

1.3

М.Жапақов атындағы негізгі мектебінің материалдық- техникалық базасын нығайту ( жиһаздар)

Қабылдау актісі

 

200

 

Аудандық бюджет

 

2020

 

1.4

Еркіндік орта мектебіне

Қабылдау актісі

5000

Аудандық бюджет

2021

 

II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2.1

Учаскелік полиция қызметкеріне қызметтік тұрғын үй сатып алу

Қабылдау актісі

2000

Аудандық бюджет

2021

 

2.2

Учаскелік полиция қызметкеріне қызметтік көлік сатып алу

Қабылдау актісі

3500

Аудандық бюджет

2022

 

III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ

3.1

Өспен ауылының дәрігерлік амбулаторияға жедел жәрдем көлігін алу

Қабылдау актісі

 

6000

 

Аудандық бюджет

 

2020

 

3.2

Еркіндік ауылындағы ФП ғимаратың жөндеу жұмыстары

Қабылдау актісі

 

3000

Аудандық бюджет

 

2021

 

IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

4.1

Жарықтандыру:

Еркіндік ауылы

Қабылдау актісі

7500

Аудандық бюджет

2022

 

4.2

Жарықтандыру: Өспен ауылы Достық, Әулиетас көшелері

Қабылдау актісі

5000

Аудандық бюджет

2021

 

V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

5.1

Өспен ауылының мәдениет үйің, кітапханасын күрделі жөндеуден өткізу

Қабылдау актісі

32000

Облыстық бюджет

2020

 

5.2

Өспен ауылының мәдениет үйінің сыртқы қоршауың орнату

Қабылдау актісі

1500

Аудандық бюджет

2020-2021

 

5.3

Мәдениет үйінің МТБ-н нығайтуға

Қабылдау актісі

500

Аудандық бюджет

2020

 

5.4

Еркіндік ауылыңа Мәдениет үйін салу

Қабылдау актісі

25000

Облыстық , аудандық бюджет

2020-2022

 

VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

6.1

Өспен ауылының ішкі жолдарына орташа жөндеу жұмыстары

Қабылдау актісі

20000

Аудандық бюджет

2020-2021

 

6.2

Округтегі елді мекендерді сапалы интернетте қосу

 

 

-

«Қазақтелеком»

АҚ

2020-2022

 

6.3

Өспен –Айғыржал тас жолын жөндеу жұмыстары

Қабылдау актісі

1500

Аудандық бюджет

2020-2022

 

VII. САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ, АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ СӘУЛЕТТІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

7.1

Елді мекендердегі иесіз күл-қоқыстарды тасып шығару, бұзылған үйлердің орындарын тазалау

Қабылдау актісі

Жыл сайын 1500

Аудандық бюджет

2020-2022

 

7.2

Өспен ауылында саябақ салу, қоршауын істеп орнату

Қабылдау актісі

4500

Демеушілер Аудандық бюджет

2020

 

7.3

Баннерлер, билбордтар дайындату және оларды орнату

Қабылдау актісі

300

Аудандық бюджет

2020-2022

 

7.4

Өспен ауылының Достық көшесінің бойында қоршау істеп орнату

Қабылдау актісі

4500

Аудандық бюджет

2020

 

7.5

Өспен ауылының Теміржолшылар көшесінің бойында қоршау істеп орнату

Қабылдау актісі

3500

Аудандық бюджет

2021

 

7.6

Еркіндік ауылында қайтыс болған адамдардың қорымына қоршаулар істеу және орнату

Қабылдау актісі

6000

Аудандық бюджет

2022

 

7.7

Көшелер бойындағы қоршауларды,   жөндеу,бояу

Қабылдау актісі

500

Аудандық бюджет

2020

 

 

VIII. ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

 

8.1

Айса ауылына баратын жолға грейдер салу

Қабылдау актісі

5000

Аудандық бюджет

2021

 

8.2

Айғыржал ауылында өзеннең өтетін көпір салу

Қабылдау актісі

4000

Демеушілер көмегімен

2019-2020

 


Келулердің саны: 54


Жоғары