print

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға Қарағанды облысы Шет ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

 

E- G-3 санаты үшін:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдардағы қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы (теңге)

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты

лауазымдық еңбекақысы

бастап

дейін

E-G-3

69903

94148

«Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ (101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау к., 24, анықтама үшін телефон: 8(71031) 21304, факс: 8(71031) 21293, электрондық пошта: a.altynbekova@karaganda-region.gov.kz,) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Ақадыр кенті әкімі аппаратының құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша бөлімінің бас маманы (1 бірлік, №25-4, Е-G-3 санаты).

Функционалдық міндеттері: Энергетика салаларына байланысты жұмыстарды атқару,кент әкіміінің өкімін дайындау, ақпараттық-аналитикалық тәсілдерін игеру, экономикалық талдау жасау. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарының қызметін үйлестіру. Кондоминимум жұмыстарын ұйымдастыру. Жолаушылар көлігінің жұмысын, автокөлік жолдарын пайдалану және ұстау барысындағы жұмыстарды үйлестіру, теледидар телекоммунникация қызметтерін жетілдіру бағытында жұмыстарды үйлестіру, болжау, жоспарлау. Су, жылу, тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы бағдарламаларының орындалысын қадағалау. Халықты үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етуді қадағалау.

Жергілікті деңгейдегі су құбырларына ағымдағы жөндеуге, күтіп ұстауға тиісті құжаттарды дайындау. Құрылыс немесе күрделі жөндеу жүргізілген су құбырларын қабылдау жөніндегі комиссия жұмысына қатысу; Коммуналдық қызметтің төлем ақысының жиналымын ұйымдастыру, жүргізу, мониторингісін жасау. Қыс айларында жылу беретін қазандықтардың қалыпты жұмысын және бюджет мекемелеріне көмір түсірілуін қамтамасыз ету.

Кентті көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын үйлестіру, санитарлық тазалық жөнінен әрбір мекеме-кәсіпорындармен бірігіп, жұмыс атқару, сенбіліктер, «таза бейсенбі» шараларын ұйымдастыру және санитарлық тазалық қадағалау басқармасы, кенттік полиция бөлімшесі, ветеринарлық станциясы мамандарымен біріге рейдтік тексерістер ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша білім. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (салалар бойынша) білімге рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптас қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. Сәкен   Сейфуллин   атындағы кент   әкімі аппаратының бас маманы ( 1 бірлік, санаты Е-G- 3, қызмет № 24-6).

Функционалдық міндеттері:    Әкімнің өкімдерінің орындалысын қадағалау, кенттің санитарлық жағдайын қадағалау, ресми түрде ақылы қоғамдық   жұмысқа тартылған жұмыссыздарды тазалыққа қатыстыру, кент көлемінде атқарылатын коммуналдық, және құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жасау, аудандық құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерімен тығыз байланыста болу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша мониторинг жүргізу, мекемелерден, аудан орталығынан келіп түскен қатынастарға, хат-хабарларға уақытылы   жауап беріп отыру, барлық   деңгейдегі сайлау жұмыстарын жүргізіп отыру. Кентте тұрғындармен тазалық жұмыстарын жүргізуге байланысты ескерту хат әзірлеу. Кент әкімінің мекеме кәсіпорындармен жасалатын келісім-шарттарын заңдылықтарға сәйкес әзірлеу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Білімі - Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі “құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (салалар бойынша ) білімге рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптас қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ -де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені_________________________________________________________________________________

                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________________           

________________________________________________________________________________________

 

________                                           ____________________________________

(қолы)                                             (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Келулердің саны: 54


Жоғары