print

Жолдауды насихаттауға байланысты кездесу өтті

Бүгін Шет ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы аудан тұрғындарына насихат жұмысын жүргізу мақсатында Қарағанды облысы білім басқармасының «Таңшолпан» балалар үйі» КММ директорының орынбасары, облыс әкімі жанындағы ақпараттық насихаттау тобының мүшесі Кабулова Шахмарал Майбекқызы арнайы келіп, кездесу өтті. Аудан әкімінің орынбасары М.Мұхтаровтың төрағалығымен өткен кездесуге аудан ардагерлері, мекеме басшылары, білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен жастар қатысты. Кездесу барысында Ш.Майбекқызы күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасап, бүгінгі күнге дейін шыққан Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған 23 Жолдауының әрқайсысын жеке - жеке саралап, талдай келе Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлының тұңғыш Жолдауы хақында ойларын жеткізіп « Маған Қасым – Жомарт Кемелұлының жолдауынан ең қатты ұнағаны Үкіметке берген тапсырмалары. Себебі Президентіміздің әр тапсырмасы халықтың жан жүрегіндегі ойды дөп басқандай. Жолдауда негізгі 5 бағыт еліміздің дамуы мен өркендеуінің басты баспалдағы» дей келе, « Сіздердің Шет аудандарыныз дамымаса, Қарағанды облысы дамымайды, ал облысымыз дамымаса, Мемлекетіміз де өркендей алмайды. Сол себепті еліміздің өркендеуіне әрқайсымыз жауаптымыз» - деп ойын тұжырымдады. Кездесуде жиылған қауым, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, толымды жауаптарға ие болды. Сонымен бірге келесі кезекте ауданымыздағы «Ұлағат қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестіктің төрағасы, медиатор Ертай Жарылғапұлы баяндама жасап, Президент Жолдауындағы тапсырмалардың көкейге қонымды екендігін, қазіргі уақытта Мемлекетіміз үшін қоғамдық ұйымдардың маңыздылығы және билер кеңесінің, медиаторлардың мүмкіндіктері мен ел ішіндегі пайдасы туралы көпшілік көкейіне жеткізе сөйледі.


Келулердің саны: 61


Жоғары