print

1 ҚАЗАН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ АУДАНЫМЫЗДА АТАЛЫП ӨТТІ

...

Бүгін ауданымызда 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай аудан орталығындағы "Мерей" тойханасында аудан орталығындағы 75 жастан асқан қарттарға арналып "Қарты бар ел - қазыналы ел" атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Аталмыш шараға аудан әкімі М.Жандәулетов арнайы қатысып, аудандағы аға ұрпақ өкілдерін төл мерекелерімен құттықтап, ауданымыз бен өңіріміздің дамуына сүбелі үлес қосып, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп келе жатқан қарттарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, еселі еңбектері үшін жүрекжарды алғысын білдірді. Қарттарға арналып мерекелік дастархан жайылып, шараға арнайы келген ата - апалардың ішінде танымал жазушы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, өлкетанушы "Құрмет" орденінің иегері К.Жүністегі, ауданның "Құрметті азаматы" Б.Жумкин, аудандық Соғыс және Еңбек ардагерлері Кеңесінің төрағасы Қ.Сейілбеков, аудан әкімі жанындағы әйелдер істер және демографиялық саясат жөнінде комиссия хатшысы, аналар кеңесінің төрайымы Г.Ахметова, ауданымыздағы құрметті ата - апаларымыз А.Түсіпханов, М.Баданова, Б.Жолшаринова, К.Жонкина, Т.Аринова және тағы да басқа қонақтар болашақ ұрпаққа ақ батасын беріп, осындай тағылымды шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Және осынау ақ тілек бен жылы лебіздер соңы концертке ұласып, мәдениет үйінің өнерпаз ұл - қыздары ардақты ардагерлер мен жиылған қауымға арнап ән мен күйден шашу шашты. Ән лебімен арайланған төңірек ақ ниетті, ақ пейілді қариялардың мейірбан көңілдерінен шашылған шуақ тәрізді шырайланып тұрды. Сонымен бірге мерекелік шарадан кейін аудан әкімі аталмыш мерекелік шараға денсаулығына байланысты қатыса алмаған Ы.Ахметжанова, К.Мусинаның үйлеріне арнайы мерекелік сыйлықтарымен барып, құттықтаса, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Сағадиев ауданымыздағы абыз ақсақалдар, соғыс ардагерлері М.Ақажанов пен Ш.Жұқановтың шаңырағына барып қос қарияны партия ұжымы атынан құттықтап, сый - сияпаттын табыстады. Ақсу - Аюлы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ө.Омаров аудандағы қарт - ана З.Досанованы мерекемен құттықтап қайтты. Осындай тағылымды іс - шаралар ауданға қарасты барлық елді мекендердер мен ұжымдарда аталып өтті.


Келулердің саны: 266


Жоғары