print

АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Жуырда аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Ақадыр кентінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау және кітапханашылардың іскерлік иммиджін көтермелеу мақсатында «Кitap- Fest. Kitaphanashy – Best-2019» атты I аудандық кітапханашылар фестивалі өтті. Аталмыш шараны Қарағанды облысы Гоголь атындағы ОӘҒК әдіскері А.Карашова ашып берді. Ақын -жазушы, қоғам қайраткері С.Сейфуллиннің туғанына 125 жыл, келесі жылы қазақтың бас ақыны А.Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай, мәдениет үйінің фойесінде осы мерейтой иелеріне арналған кітап көрмесі орналастырылып, ойын жүргізілді. Заманауи кітапхана - кітапханашы көзімен» атты келешектегі кітапханалардың макеттерінен көрме ұйымдастырылды. Аталмыш шарада жыл бойы атқарылған нәтижелі жұмыстарға байланысты кітапханашылар Шет ауданы әкімі орынбасарының диплом, сертификаттарымен марапатталды. Атап айтар болсақ, «Ең үздік сценарист -2019» номинациясы Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасынан- А.Ибрайбекова, «Мамандығына адалдығы үшін» номинациясы Ортау ауылдық кітапханасынан Б Тайжанова, «Ең үздік іс-шара өткізуші-2019» Киікті ауылдық кітапханасынан Кантеева Манар, «Үздік жастар бұрышы – 2019» Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасынан Н.Кенжешова, «Ең үздік жоба – 2019» Ақжал кенттік кітапханасынан А.Санбаева, «Үздік аудандық бөлімаралық жоба -2019» номинациясы бойынша аудандық балалар кітапханасы, «Үздік кітапхана -2019» Бұрма ауылдық кітапханасы, «Үздік кітапханашы -2019» номинациясымен Ақадыр көпшілік кітапханасының меңгерушісі Б. Мукашева. Фестиваль барысында кітапханашылардың шығармашылығынан көрініс беретін шағын қойылымдар әзірленіп, көрсетілді.Ақадыр кенттік кітапханасының кітапханашылары «Сәкеннің хаты», аудандық балалар кітапханасының кітапханашылары М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын, А.Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай республика көлемінде ақын әндері мен өлеңдерінен челлендж ұйымдастырылса, Ф.Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай аудандық орталық кітапхананың «Мұқағали мен Фариза» атты көрінісі өз дәрежесінде қойылды. Фестивальді аудандық орталық кітапханаға қарасты барлық кітапханалардың қызметкерлері «Кітапханашылар әні» атты әнмен аяқтады.

 


Келулердің саны: 81


Жоғары