print

Қарағанды облысы бойынша «азаматтарға арналған үкімет» зейнетақыға 8 мыңнан аса өтініштерді ресімдеді.

...

Қарттар күніне орай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы биыл құрметті демалысқа шыққан азаматтар туралы мәліметтерді ұсынады. Жыл басынан бері 5 мыңнан аса азаматтарға базалық зейнетақы тағайындалды, жасына байланысты зейнетақы төлемдері 3 мыңнан аса азаматтарға рәсімделген.

Аймақтық бөліністе қарайтын болсақ, базалық зейнетақы ең көп Алматы және Шығыс-Қазақстан облыстарында тағайындалған. Осы жылдың 8 айында Алматы облысында – 5 954 тұрғын, Шығыс-Қазақстан облысында – 4 622 тұрғын зейнетақыға шықты.

Ал ең аз өңірлер – Атырау облысы (1554 өтініш), Маңғыстау облысы (1681 өтініш) және Шымкент қаласы (2104 өтініш).
           Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталықтарының ақпараттары бойынша жалпы елімізде зейнетақы төлемдерін 2,2 млн адам алады.

«Зейнеткерлік – қарттықты әдемі қарсы алып, бос уақытты жақындарыңмен өткізуге мүмкіндік беретін шақ. Біз зейнеткерлікке шығу рәсімін барынша жеңілдетуге тырысып жатырмыз. Бір жыл бұрын зейнеткерлікке бір өтінішпен шығуға мүмкіндік беретін композит қызметін енгіздік. Биыл ХҚО-ға бармай-ақ, смс-хабарлама арқылы зейнеткерлікті рәсімдеуге мүмкіндік беретін проактив қызметін іске қостық. Цифрлық жаңашылдықтар, осылайша, құрметті демалысқа артық қағазбастылықсыз шығуға жол ашады»,дейді басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.
          
Айта кетейік, зейнеткерлік жасқа жетуіне, базалық зейнетақының төленуі мен мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы, сондай-ақ БЖЗҚ-ға төлемдерді төлеу сияқты төрт өтініштің орнына бір ғана өтініш өткізуге мүмкіндік беретін композит қызметі 2018 жылдың қазан айында енгізілді.              
           Зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметті проактивті түрде рәсімдеуге ұсыныс білдіретін смс-хабарлама жолданатын қызмет 2019 жылдың тамызында енгізілді. Әзірге бұл қызметті мемлекеттік корпорациядан зейнеткерлікке шығатын жұмыскерлер пайдалана алады.


Келулердің саны: 143


Жоғары