print

ШЕТ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ АҚАДЫР КЕНТІНДЕ ОБЛЫСЫМЫЗ БОЙЫНША ІІІ - І КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

...

Бүгін ауданымызға қарасты Ақадыр кентінде 125 гектар көлемдегі жерді алып жатқан, қуаты 50 МВт құрайтын күн электр станциясы іске қосылды. Аталмыш станцияның салтанатты түрде ашылуына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.Айдаров, жобаның бас инвесторы Йохим Голдбек, "Каз Солар 50" ЖШС -інің бас директоры Гребенников Евгений Юрьевич, "KEGOC" АҚ электр станция директорының орынбасары Алексей Павлович арнайы келіп қатысты. Өз кезегінде: - Бізде бір мақсат бар. Бұл Елбасының тапсырмасы - Қазақстандағы баламалы энергия үлесін 30%-ға жеткізу. Біз бұл бағытқа сенімді қадам басып келеміз. Бүгін біз облыста үшінші ірі күн электр станциясын іске қосамыз. Бұл жоба өңіріміздің өнеркәсібін дамыту үшін өте маңызды. Күн энергиясын дамыта отырып, біз қуат тапшылығын еңсеріп қана қоймай, экологиялық мәселелерді де шешеміз - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров. Қуатты қосалқы станциялар мен 150 мың гелиопанель орнатылған күн электр станциясы облыс әкімдігінің «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ бірлескен жұмысы барысында Solarnet Investment GmbH компаниясының жеке неміс инвестицияларына салынып отыр. Жобаның құны - 55 млн еуро. КЭС өнімділігі сағатына 25 МВт энергияны құрайды. Және күн фермасын 76 МВт-қа дейін ұлғайта отырып, кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді. Айта кетейік аталмыш станцияның құрылыс жұмыстарын жүргізуге ауданымыздың 300 азаматы жұмылдырылған.


Келулердің саны: 92


Жоғары