print

Қарағанды облысының тұрғындары зейнетақысын ертерек есептете алады

Қарағанды облысында пилоттық жоба жұмыс жасай бастады, соған сәйкес зейнеткерлер зейнет жасының 50 жасқа (әйелдер)/63 жасқа толуына   үш ай қалғанда Қарағанды облысының «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясының әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне жүгіне алады.

Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің жұмыскері тексеруді «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қағидалармен қарастырылған нормаларға сәйкес, жүзеге асырады. Сондай-ақ, қызметкерлер ақпараттық жүйе арқылы жасы бойынша зейнетақы төлемдерінің өтілін алдын ала есептеп, жасы бойынша зейнетақыға алдын ала есептеу жүргізеді.

Филиалдың әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің жұмыскері жүгіну кезінде, өтініш берушіге қағаздық нұсқадағы зейнетақы төлемінің алдын ала есебі мен кеңес беру ақпаратын береді.

Бұдан басқа, зейнетақыны алдын ала есептету үшін zeinetker@goscorp.kz электрондық мекенжайына жүгінуіне болады.

Зейнетақыны алдын ала есептеу үшін, еңбек өтілін (1998ж. 1 қаңтарына дейін) растайтын құжаттарының болуы қажет.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қарағанды облысының филиалы өз клиенттерінің қамын ойлайды. Аталмыш сервис құжаттарды ресімдеуге кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді және қажетті құжаттар пакетін жинауға көмек береді.

Қарағанды қаласында алдын ала есептету үшін Жамбыл көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне жүгіну қажет. Сондай-ақ, аумақтың барлық қалалары мен аудандарында болашақ зейнеткерлер жүгіне алатын әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері жұмыс істейді.    

 


Келулердің саны: 261


Жоғары