print

Азаматтарды қабылдау, өтініштерін мемлекеттік органдарда қарау тәртібі

Жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін қарау және жеке қабылдауды ұйымдастыру тәртібі

          Аппаратта жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру үшін жауапкершілік аудан әкімі аппаратының кеңсе бөліміне міндеттеледі.

         Аппаратқа келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін     тіркеп, электронды базаға енгізуді әкімі аппаратының кеңсе бөлімі жүргізеді, басшылық оларды үш күн мерзім ішінде қарайды. Орындау туралы нұсқау, әдетте, әкімнің, оның орынбасарларының, аппарат жетекшісі мен бөлім      басшыларының бұрыштамасы түрінде беріледі.

         Әкім  аппаратының  лауазымды  адамдары  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс кезінде   Қазақстан   Республикасының  2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін  қарау тәртібі туралы" Заңын басшылыққа алады.

         Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралады және олар бойынша аудан әкімі аппаратына келіп түскен күнінен бастап бір айға дейінгі мерзім ішінде, ал қосымша зерделеу мен тексеруді талап етпейтіндері болса 15 күннен кешіктірілмей  шешімдер қабылданады. Қосымша зерделеуді өткізу қажет болған жағдайларда, мерзімдер ұзартылуы мүмкін, алайда бір айдан аспауға тиіс, бұл туралы өтініш берушіге хабарланады.

         Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде қойылған мәселелер шешілсе, олар бойынша қажетті шаралар қабылданса және өтініш берушіге жауаптар  берілсе, қаралған деп саналады.  Егер   мәселелерді   шешу ұзақ мерзімге көшірілсе, онда   өтініш-шағым   түпкілікті   орындалғанға   дейін қосымша бақылауға қойылады.

         Өтінішті қарау бірнеше бөлімдерге тапсырылған жағдайларда үйлестіруді бұрыштамада бірінші болып көрсетілген бөлім жүзеге асырады. Тексеріс қортындылары бойынша анықтаманы да сол әзірлейді, оған тексеріске қатысқан барлық бөлім басшылары қол қояды.

         Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері:

         - Құзыретіне жататын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Заңмен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдауға және қарауға;

         - заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

         - қабылданған шешімдердің орындалуына бақылауды қамтамасыз етуге;

Жеке және заңды тұлғаларға қабылданған шешімдер туралы жазбаша немесе ауызша түрде хабарлауға, жауаптарды өтініш жасалған тілде беруге;

-         шағымдарды іс-әрекеттеріне шағым жасалатын лауазымды адамдарға жолдамауға;

-         тексерістердегі мәселені объективті шешуге мүдделі емес деуге негіз
бар адамдарға жүктеу жағдайларын болдырмауға;

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, оларда айтылған сын   ескертпелерді талдауға және жинақтауға, жұмысты жетілдіру және азаматтардың шағымдарын туындататын себептерді жою мақсатында қоғамдық пікірді зерделеуге;

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмыстың жай-күйін жүйелі түрде тексеруге міндетті.

          Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бір бөлімнен екіншісіне тапсыру тек аудан әкімі аппаратының кеңсе бөлімі арқылы   жүргізіледі,   ол   хаттардың   және келушілерді қабылдаудың есеп карточкасына тиісті белгі қояды.

          Жеке және заңды тұлғаларды жеке мәселелер бойынша   қабылдауды бекітілген кестеге сөйкес аудан әкімі, оның орынбасарлары , аудан әкімі аппаратының жетекшісі жүргізеді.

          Өтініш білдірген жеке және заңды тұлғаларды тіркеуді аудан әкімі аппаратының кеңсе бөлімі жүргізеді.

          Қабылдауға жазылғандардың жалпы тізімі олардың өтініштерінде қозғалған мәселелер көрсетіліп, тиісінше аудан әкіміне немесе оның орынбасарлары мен аппарат жетекшісіне беріледі.

          Келушілерді қабылдаудың есебі, тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны мен қызметі, мекен-жайы, өтініштің қысқаша мазмұны және қарау нәтижелері көрсетіліп, карточкалар бойынша жүргізіледі.

         Қабылдауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар орындаушылар тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелері туралы хабардар етіледі және оларды бақылаудан алу туралы шешім қабылдайды.

 

 


Келулердің саны: 3857


Жоғары