print

Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

2019 жылғы 20 қыркүйекте сағат 10:00-де «БЖЗҚ» АҚ Қарағанды облыстық филиалында «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып – «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің және жақындарыңыздың қамын ойлаңыз».

Қор мамандары ерікті жарналардың артықшылығы туралы, оны қалай әрі кім сала алатыны және қашан алуға болатыны туралы айтып береді. Салымшы қандай сыйақы ала алады және оларды мұраға алу құқығы кімге беріледі?

Келушілер негізгі күн тәртібімен қатар «БЖЗҚ» АҚ филиалының жұмысын ұйымдастырумен танысып, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қыр-сырын ұғына алады, сондай-ақ өздерін қызықтыратын мәселелердің барлығына қатысты білікті кеңес ала алады.

Іс-шараға қатысқан соң қатысушылардың барлығына бағалау сауалнамасы арқылы өз тілектері мен ескертулерін айту мүмкіндігі беріледі.

«Ашық есік күнінің» Қарағанды қаласы Бұқар-Жырау даңғылы, 82 мекенжайындағы «БЖЗҚ» АҚ Қарағанды облыстық филиалының кеңсесінде өтетінін еске саламыз.


Келулердің саны: 53


Жоғары